1 Аналитикалық зертханада жұмыс істеу ережелері



бет1/25
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#121023
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
1 Аналитикалы зертханада ж мыс істеу ережелері


Кіріспе
Сараптаманаң талдаудың титриметриялық және гравиметриялық әдістері химиялық сараптаманың классикалық әдістеріне жатады. Бұл әдістерде химиялық реакция жүргізіп, титриметриялық әдіс бойынша жұмсалған реагенттің көлемін немесе гравиметриялық әдіс бойынша алынған өнімнің массасын өлшейді. Титриметриялық, гравиметриялық және көптеген физика – химиялық сараптамаларда қолданылатын көптеген химиялық реакциялар ерітіндіде жүреді. Бұл қышқыл-негіздік әрекеттесу, тотығу-тотықсыздану, комплекстүзу, аз еритін қосылыстарды тұндыру реакциялары болып келеді.
Бұл реакцияларға негізделген титриметриялық сараптама әдістері – нейтралдау, тотығу-тотықсыздану, комплексонометриялық, тұндырумен титрлеу деп аталады. Өз кезегінде олар ациди және алкаламетриялық, перманганатометриялық, иодометриялық, дихроматометриялық, аргентометриялық және т.б. деп бөлінеді.
Титриметриялық сараптама жүргізуде эквиваленттік нүктені анықтау титрлеумен – анықталатын заттың ерітіндісіне біртіндеп тирант қосумен жүреді. Соның өзінде эквиваленттік нүктені индикатор көмегімен байқайды. Химиялық индикаторлар өздерінің түстерін тотығу-тотықсыздану потенциалының рН-на, ерітіндіде реагенттің қалдығы байқалғанда немесе анықталатын заттың жойылуына тәуелді өзгертеді. Бұл реакцияның эквиваленттілігінің байқалғанын және титрлеудің аяқталғанын білдіреді. Титриметриялық сараптама әдісі, жылдамдық бойынша жүзеге асырғанда, гравиметриялық сараптама әдісіне қарағанда маңыздылығы зор.
Қазіргі уақытта аналитикалық химия негіздері оқытылатын химия, химия-технологиялық және химиялық емес мамандықтарының студенттеріне арнап бұл әдістемелік нұсқаны басып шығаруды қажет көріп отырмыз. Бұл кітапта тәжірибелік жұмыста қажет болатын білімнен басқа, шынайы объектілердің (судың түрлері, жер, минералды заттар, руда, ерітінділер, химиялық препараттар) сараптамаларындағы туындауы мүмкін мәселелердің шешімінде маңызы зор болатын химиялық әдістер беріген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет