1 Аналитикалық зертханада жұмыс істеу ережелері


Аналитикалық зертханада жұмыс істеу ережелері



бет2/25
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#121023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
1 Аналитикалы зертханада ж мыс істеу ережелері
Солтүстік Қайта өрлеу өнері., KAZAKHSTAN REPUBLIC, f7098b41-2d4e-48f8-9b40-5ebcf29c201d, mikrobiologiya sillabus, Оқу.сауат 100сұрақ жауап, Сд вечеркага
1 Аналитикалық зертханада жұмыс істеу ережелері
Аналитикалық анықтама, элементті байқау болса да немесе оның санын анықтауда да, тәжірибелік жұмыс кезінде мұқияттылықты талап етеді. Сондықтан жұмысқа кіріспес бұрын студенттер өз орныңдарын дайындап, реактивтер мен құрал-жабдықтармен танысып, қауіпсіздік техникасы бойынша инструктаж өту қажет.
Жұмыстың мұқият орындалып, тәжірибаенің сәтті өтуін қамтамасыз ету үшін келесі ортақ ережелерді орындау қажет:
1) Жұмыс орны жұмыс басталмас бұрын дайындалып, аяқталғаннан кейін жиналуы міндетті. Жұмыс орнында тазалық пен тәртіп сақталуы қажет. Сараптамада қолданылмайтын бөтен реагенттер мен заттар жұмыс орнында тұрмауы керек.
2) Жұмыс алдында сараптамаға қажетті реагенттер мен құрал-жабдықтарды дайындау керек.
3) Реагенттері бар ыдыстар арнайы орында сақталады және оларды орыннан орынға ауыстыруға болмайды.
4) Химиялық реактивтерді мөлшерден тыс шығындауға тыйым салынады.
5) Ерітінділерді арнайы өлшеуіш пипеткалармен немесе тамшылап өлшеу керек. Егер реактивтің көлемін нақты өлшеу қажет емес болса, онда цилиндрмен де өлшеуге болады.
6) Құрғақ реактивтерді шпательдің көмегімен алады.
7) Егер алынған тұнбаны немесе ерітіндіні біраз уақытқа қалдырса, онда ыдыстың сыртына дайындалған заттың атауын және қандай уақытқа қалдырылғанын жазу қажет.
8) Егер сараптамада «ыстық» су қолданылды деп жазылса, онда 60-70ºС-қа дейін, ал егер «жылы» су қолданылса, онда сұйықтықты 30-40ºС-қа дейін ысытады.
9) Сараптаманың нәтижесі жұмыс дәптеріне жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет