шеңбер түріндегі диаметрі 5 см болып көрінеді. Думан орталығыныңең үлкен ішкі диаметрі 90 м , екенің белгілі, цирктің ең үлкен ішкі диаметрін есептеу қажет.
Пропорция құру арқылы есептейміз
4,5÷5=90÷x x=100m
Цирктің ең үлкен ішкі диаметрі 100m
“Халықтар достығы” монументі
Биіктігі 8 м 3 кола мүсіннен жасалған субұрқақтар хауызы тостағанға ұқсас. Мүсінші Сәкен Нарыновтың идеясы бойынша би үстінде шеңбер жасай айқасқан құшақ адамдарының бір-бірімен мәңгі достығын, бейбіт өмірін бейнелейді . композицияның көпмағналығы , философиялық теренділігі , біркелкі атқылыған субұрқақтар көрген жандардың өмір сүруге деген құлшынысын артырады. Монумент 2003 жылдың 1 мамырында ашылды.
Бұл мүсін Борромео сақинасын еске түсіреді: бір-бірімен кіріктірілген, қалған екеуі қапсырылмаса да ажырамайтын үш сақинадан тұрады. Неге Борромео сақинасы шешілмейді? Осы сақинаны майысқақ сымнан жасайық. Қандай да екеуін алып бір-біріне бүктемей үйлестірейік . Сонда екінші сақина бүктеледі де, екі қапсырма жасайды. Бұл сақиналар бір сақинаға орнатылған. Ал басқа сақина кептеу қызметін атқарады. Сақинаның біреуін үзіп алсаң – барлығы бұзылады. Ертеде Борромео сақиналары Норманд, Бургун, Ломбард нәсілінің ұрпақтары елтаңбаларына еңгізген.
Милан қаласының ежелгі итальян ұрпақтары, Борромео ұрпағының жауынгерлері үш бүктелген сақинаны киімдеріне таққан, сондықтан бұл сақиналарды Борромео сақинасы деп атап кеткен.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Қазақтың қысқаша тарихы »Нығмет Мыңжан,Алматы «Жалын»,1994
2. «Геометрияның тарихи мағлұматтары»К.Әбдіжамитүлы, «Математика
және Физика » журналы ,№4 2005
3. «Қазақтың мәдени ескерткіштері» Қ. Байпақов ,Алматы «Өнер»
4. «Қазақтың киіз үиі» Сайын Назарбекұлы
5. «Астананың геометриясы» К.Н. Шамшидинова, К.А. Уралбаева, Р.А.
Шеляг, Ж.Ж. Рустемова, Д.М. Абельденова.
Достарыңызбен бөлісу: |