2. Ақпараттық жүйелер Ақпарат жүйелері (ағылш. Information systems; қысқаша: IS) - деректерді тарату, құру, өңдеу, фильтрлеу, жинауға адамдар мен компанияларға қажетті техникалық құрал-жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларды оқу..[1][2][3][4] Қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны, пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты сақтауға, іздестіруге және беруге арналған жүйе; мәліметтер базасы мәтінінің мағыналық бөлігіңде — мәліметтерді сақтау және олармен амал-әрекет жасауға арналған белгілі бір жүйенің формальды толықтығын құрайтын тұжырымды схема, ақпараттық база және ақпараттық процессор. [5] Компоненттері Ақпараттық жүйелер компьютерлерден, сақтаулы ақпараттар, адамдар мен процедуралардан тұрады.
Ақпараттық жүйелер бес бөліктен құралады:
Management Information System (MIS) - Менеджмент Ақпараттық Жүйесі
Decision Support System (DSS) - Шешім Қабылдау Жүйесі
Executive Information System (EIS) - Атқарушы Ақпараттық Жүйесі
Transaction Processing System (TPS) - Транзакция Процесстеу Жүйесі
Negotiation Support System (NSS) - Талқылау Ақпараттық Жүйесі