1. Ақпарат Ақпарат


Азаматтың,қоғамның, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі



бет5/6
Дата17.09.2022
өлшемі68,53 Kb.
#149812
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
АҚС1

3. Азаматтың,қоғамның, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі
 Елдің ақпараттық қауіпсіздігі  өзара байланысты екі аспектімен қаралады: техникалық және әлеуметтік-саяси.
Техникалық аспект ақпараттың тұтастығын, жасырын болуын және қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды авторсыз қолжетімділіктен, пайдаланудан, ашудан, бұзудан, өзгертуден, оқудан, тексеруден, жазудан немесе жойылудан қорғауды қамтамасыз етуді көздейді.
Әлеуметтік-саяси аспект ұлттық ақпараттық кеңістікті және бұқаралық ақпарат тарату жүйелерін Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін мақсатты келеңсіз ақпараттық және ұйымдық әсер етуден қорғау болып табылады.
Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік техникалық саясаты - Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі, мыналарды:
киберкеңістікте ақпаратты өңдеуді, беруді, сақтау мен қорғауды;
бағдарламалық-аппараттық кешендерді әзірлеуді, пайдалануды, қорғауды реттейтін көзқарастар, қағидалар мен практикалық әдістер жиынтығы.
Ақпаратты қорғау жүйесі - мемлекеттік органдар және ұйымдар жиынтығы, олар пайдаланатын ақпаратты қорғау техникасы, сондай-ақ ақпаратты қорғау саласындағы тиісті құқықтық, ұйымдастырушылық-өкімдік және нормативтік құжаттармен белгіленген қағидалар бойынша ұйымдастырылған және жұмыс істейтін қорғау объектілері.
Ақпараттық соғыс - ол әдеттегідей әскери күшті пайдаланбай, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қақтығыстар жүргізу тәсілі, қоғам мен мемлекетті тұрақсыздандыру үшін ақпараттық жүйелерге, процестер мен ресурстарға, аса маңызды және басқа да құрылымдарға зиян келтіру, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйелерді бүлдіру, халықты жаппай психологиялық үгіттеу, сондай-ақ қарсылас тараптардың мүдделеріне орай шешім қабылдауға мемлекетті мәжбүрлеу мақсатында ақпараттық кеңістіктегі қарсы күрес сияқты соғыс түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет