124. Есепті шешу технологиясы.
Есептер- басып шығаратын құрылғыларға пішңмдеп шығаруға арналған мәліметтерді ұсынудың ерекше түрі. Сұраныс жұмысының нәтижелері бойынша алынған базалық н/е нәтижелеуші кестелердің ақпараты бар басылым құжаттарын жасау үшін арнайы объектілер – есептер қызмет етеді. Есепті экранға емес, басып шығаратын құрылғыға мәліметтер шығару үшін арналғандығымен айрықшаланады. Принтер болмаған жағдайда да есептер жасауға болады. ОЖ- ның бұйрығы: Іске қосу, Баптау, Принтерлер. Принтерлерді қою бұйрығының көмегімен программалық орындау жеткілікті, соннан кейін принтердің двайверін тіркеу, не болмаса оны иілімді дискіден алып, не болмаса ОЖ- дегі тиісті драйверлердің бірін таңдау керек. Есеп құрылымын реакциялау Конструктор режимінде орналасқан.Бұл жағдайда басқарудың элементтері режимдеу элементтерінің функциясын атқарады. Басқару элементтерін орналастыру Элементтер панелі көмегімен атқарылады. Мәліметтер базасында диалогтық терезеде Есептер қосымшасында диалогтық терезесін таңдап, Құру кнопкасын шертіп, автоматты түрде жасауға мүмкіндік беретін Жаңа есеп диалогтық терезесін аламыз. Есепті Автоматтандыруды құрудың құралы Есептер шебері болып табылады. Ол мәліметтер базасы терезесінде шебердің көмегімен Есеп тұру таңбашасында екі рет қатарынан шертумен іске қосылады. Есептер шебері алты кезеңмен жұмыс істейді. Оның жұмысында есепте көрсетілетін өрістерді таңдау, топтастыру өрістерін таңдау, макет пен безендіру стилін таңдау негізделетін базалық кестелер н/е сұранысты таңдау атқарылады. Есеп құрылымы бес бөліктен тұрады: есеп тақырыбынан, жоғарыдағы колонтитулдан, мәліметтер аумағынан, төмендегі колонтитулдан ж/е есеп ескертуінен 1) тақырып бөлігі есептің жалпы тақырыптарын басу үшін қызмет атқарады; 2) жоғарыдағы колонтитул бөлігін егер есеп күрделі құрылымды ж/е көп парақты алатын болса, тақырыпшаларды басу үшін қолданылады. Егер төменгі колонтитулда бұл жасалмаған болса, мұнда колонтитулдарды белгілеуге де болады. 3) Мәліметтер аумағында база кестелері өрісінің ішіндегесіне байланысты басқарудың элементтері орналыстырылады.Басқарудыңі бұл элементтеріне принтерде басу үшін таблицадан берілетін мәліметтер беріледі; 4) төменгі колонтитулдың бөлігін жоғарыдағы колонтитул бөлігі мақсаттары үшін де қолдануға болады; 5) ескертулер бөлігі қосымша ақпаратты орналастыру үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |