Сәлеметсіздер ме балалар! Біз бүгінгі сабағымызда ерте темір дәуірінде Қазақстанның әр аймағын мекендеген сақтардан қалған әйгілі археологиялық ескерткіштер Бесшатыр, Есік, Шілікті, Берел қорғандары және Тасмола мәдениеті жөнінде кеңінен мәліметтер ала отырып, Қазақстан аумағынан табылған «алтын адамдар» мен оларды тапқан археолог ғалымдардың қазба жұмыстарынан хабардар боламыз.
1. Ерте темір дәуіріндегі Жетісу аймағы. Жетісу сақ қорғандарының ішіндегі ең көрнектілерінің бірі – Есік қорғаны. Есік қорғаны б.з.б. V- ІV ғасырда салынған. Ол Алматы қаласының шығысында 50 шақырым жерде, Іле Алатауының баурайында орналасқан. Қорған 40-тан астам обадан тұрады. Есік қорғанына археологиялық қазба жұмыстары 1969-1970 жылдары жүргізілді.Оның диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. 1970 жылы археолог Кемал Ақышев Есік қорғанындағы қабірден 17-18 жас шамасындағы шошақ бөріктісақ ханзадасының мүрдесін ашты. Бұл адам тарихқа «Алтын адам» деген атпен енді. Ханзаданың бас киімінде 150 түрлі жануарлар мен құстардың бейнесі өрнектелген. Бас киімде бейнеленген қанатты аттар – күн қозғалысын білдіреді. Қабірдің ішінен 4000-нан астам заттар табылған. Ол заттардың ішіндегі ең ерекшесі – 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған және «аңдық стильде» өрнектелген ағаш қынды қанжар – ақинақ. Күміс тостағандағы жазуды көне түркі тілінде оңнан солға қарай оқыған белгілі түрколог – ғалым Алтай Аманжолов болды. Тостағандағы жазуды қазақшалай оқығанда: «Аға, саған (бұл) ошақ ! Бөтен, (жат ел адамы) тізеңді бүк ! Халықтың қарны тоқ болғай ! » деп жазылған.
Бесшатыр қорымы.Б.з.б. V- ІV ғасырға жататын Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде, Шылбыр қойнауында орналасқан. Бұл қорым үлкен, орташа және шағын 31 обадан тұрады. Бесшатыр обалары қиыршық тас және топырақ үйінділерімен жабылған. Обалар солтүстіктен оңтүстікке қарай