Ерте темір дәуіріндегі қазақстан аймақтары


дәліз жасалған. Балқарағай бөренелерінен қабір үйін салған. Бұл қабірге екі адам жерленген. Оның бірі 40-



бет3/4
Дата26.10.2022
өлшемі19,6 Kb.
#155071
1   2   3   4
Байланысты:
ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫ

дәліз жасалған. Балқарағай бөренелерінен қабір үйін салған. Бұл қабірге екі адам жерленген. Оның бірі 40-50 жас шамасындағы ер адам да екіншісі 50-60 жастағы әйел. Сондай-ақ, қабірден 13 қола жебе мен қорамсақ табылды.
Берел қорымдары. Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің б.з.б. V- ІV ғасыр аралығын қамтитын кезеңін Берел кезеңі деп атаймыз. Берел кезеңі деп аталуы Қатонқарағай ауданындағы Берел қорымына байланысты қойылған. Бұл қорымнан 40-тан астам обалар табылған. Ішіндегі ең үлкенінің биіктігі 9 метр, диаметрі 20 метр болған. Қазіргі кезде обаның тас үйінділері құлап, аласарып қалған. Негізінде, бұл обаға жерленген адам жер бетінен 6-7 метр тереңдікте жатыр. Қабір іші қарағаймен қаланып, мәйіт астау-саркофагқа салынған. Қабір жанынан 16 аттың қанқасы шықты. Аттар белгілі тәртіппен әр қатарда 4 аттан 4 қатар болып орналастырылған. Обаға аттармен қоса ер-тұрман да қоса көмілген. Ат әбзелдері алтынмен қапталған. Берел мәдениетінің ерекшелігі - жайпақ түпті қыш ыдыстардың көптеп таралуы. Ыдыс жасаудың екі түрі бар. Оның бірі - мойны қусырылып, кейде тік болып келетін құмыралар, ал екіншісі - жатаған, жайпақ көзелер. Берел кезеңінің соңында қола заттар азайып, темірден жасалған заттар көбейген. 1998-1999 жылдары археолог Зейнолла Самашевтің жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде № 11-оба толық ашылып, онда астау табытқа жерленген 45 жастағы ер адам мен одан егделеу әйелдің мәйіті табылды. Ғалымдар радиологиялық әдіспен мәйіттердің б.з.б. ІІІ ғасырда жерленгенін анықтады. Мәйіттер айрықша сән-салтанатпен киіндіріліп қойылған. Қаңқа сүйектің әр жерінде киім-кешектің шірінді қалдықтары сақталған. Мәйіт киімі інжу-моншақтар мен алтын жапырақшалар қадалып, әшекейленген. Осымен бірге Берел қорымындағы қабірден адаммен бірге құрбандыққа шалынған 13 жирен жылқының қаңқасы табылды.
3. Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан. Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері Тасмола мәдениеті деген атпен белгілі. Бұл мәдениетті исседон тайпалары қалдырғын. Тасмола мәдениетінің алғашқы ескерткіштері Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірінен табылды. Орталық Қазақстандағы сақ ескерткіштері негізінен обалы қорымдар түрінде сақталған. Орталық Қазақстанның осы дәуіріне тән ескерткіштерге 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет