Ерте темір дәуіріндегі қазақстан аймақтары


шақырым ал шығыстан батысқа қарай 1 шақырым



бет2/4
Дата26.10.2022
өлшемі19,6 Kb.
#155071
1   2   3   4
Байланысты:
ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫ
Қазақ тілін оқыту әдістемесі силлабусс Рахметова қазан, портфолио
2 шақырым ал шығыстан батысқа қарай 1 шақырым аймақты алып жатыр. Олардың ішіндегі ең ірісі - Үлкен Бесшатыр обасы. Оның диаметрі - 104 метр, биіктігі - 17 метр. Бұл қорғандар - «патша қорғандар» деп аталады. Өйткені бұл обаларда патша сияқты ең беделді, ең даңқты адамдар жерленген. Обаны үйер алдында оның жер бетіндегі шеңберлі табанына жағалай тығыз етіп, жалпақ тастардан бірнеше қабат тас төселген. Үйіндінің айналасынан 5-7 метр қашықтықтан тас дуал өтеді. Тас дуалдың маңайына ірі тас бағандар (менгирлер) орнатылған және үлкен қойтастардан қоршау түрінде дөңгелек құрылыстар салынған. Тік тұрған кейбір тас бағандарға қазақ ру-тайпаларының таңбалары қашалып салынған. Бесшатырда 3 үлкен оба бар. Олар Бірінші, Үшінші және Алтыншы Бесшатыр обалары. Бесшатыр обаларынан семсер – ақинақтар, қола ұшты жебелер, темір пышақтар, шаш түйрегіштер, ақық моншақтар табылды. Бесшатыр қорымының тянь-шань қарағайлары бөренелерінен тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары тамаша сақталған күйінде табылды. Олар Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері болып табылмақ.
2. Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан. Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында, қазіргі Зайсан ауданының жерінде алып патша қорғандары кездеседі. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті обасы б.з.б. VІІ-VІ ғасырға жатқызылады. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар. Бұл қорғандар алып немесе орташа қорғандар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метр, ал биіктігі 8-10 метрге жетеді. Мұндай обаның саны -13. Аталған қорғандар ерте заманда-ақ тоналып кеткен. Бірақ кейбіреуінде зергерлік өнердің өте бағалы заттары сақталған. Соның бірі 1960 жылы қазылған «Алтын қорған» деген атау алған оба. Қабір ішінен бүркіт, қабылан мүсіндері, қабан, балық, бейнелері, қанаттары жаюлы құс түріндегі алтын қаптырма және басқа зергерлік әшекейлер табылды. Алтын бедерлі мүсіндер ғажайып шеберлікпен, көркем жасалған. Қабірдің алдында шұңқыр қазылған. Шұңқырдың орта шенінен шығыстан батысқа қарай бағытталған 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет