1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"


Электрондық үкімет дамуының пайда болу концепциясы



бет209/217
Дата07.02.2022
өлшемі0,98 Mb.
#96062
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   217
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

150. Электрондық үкімет дамуының пайда болу концепциясы.

Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қ.Р. Президентiнiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қ.Р. Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 маусымдағы отырысында N 9 хаттамамен мақұлданған Қ.Р."электрондық үкiмет" тұжырымдамасының ережелерi ескерiле отырып әзiрлендi.


Осы Бағдарламаның негiзiне "электрондық үкiмет" арқылы - прогрессивтi ақпаратты Қазақстанға" қол жеткiзу идеясы алынды.
Қазақстанда "электрондық үкiметтi" қолданысқа енгiзу мемлекеттiк органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға және мерзiмiн қысқартуға, мемлекеттiк органдар қызметiнiң ақпараттық базасына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, болашақта әкiмшiлiк жүйенi жетiлдiрудi ескере отырып, құрамы жағынан тиiмдi әрі оңтайлы мемлекеттiк аппарат құруға бағытталған.
"Электрондық үкiмет" құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру, сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiне жаңғырту жүргiзу болып табылады.
Қазақстанда "электрондық үкімет" құрудың ұзақ мерзiмдi болашағы бар және ол үш кезеңде iске асырылатын болады. Бiрiншi кезең "электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымын құру. Осы кезеңде Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ақпараттық және интерактивтiк қызмет көрсетулер жоспарлануда.
Екінші кезең - "электрондық үкiметтің" сервисiн дамыту азаматтардың тіршілік-тынысы мен мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің барлық саласын қамтитын сан алуан сервистердi дамытуға, сондай-ақ әкiмшiлiк процестерге кең ауқымды технологиялық қайта жабдықтау жүргізуге бағытталатын болады. Осы кезеңде транзакционды қызмет көрсетулер iске асырылатын болады.
Үшiншi кезең - ақпараттық қоғам құру e-медицина, e-бiлiм, e-мәдениет, е-демократия және басқалары сияқты жобаларды iске асыруды қоса алғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет көрсетулерiн трансформациялауды, ақпараттық қоғам құруды көздейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   217




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет