1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"



бет98/217
Дата07.02.2022
өлшемі0,98 Mb.
#96062
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   217
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

64. Сұраныстың бланксы.
Сұраныс бланкісі көмегімен терезелер арасында сұрау салулар әлементтерін жылжытып, қарапайым әдістермен сұрау салуды қалыптастыруға болады.
Үлгі бойынша сұрау салу бланкісі екі ауқымнан тұрады. Жоғарғысында сұраныстар бағытталған кестелердің құрылымы бейнеленеді, ол төменгі ауқым бағандарға бөлінген - алдағы нәтижелеуші кестенің әрбір орісіне бір-бір бағаннан.
Контекстік менюдің көмегімен бланктің жоғарғы жарты-сында сұраныстар жасалған кестелерді ашады. Сосын нәтиже-леуші кестелерге кірігу тиісті өрістердің атауы тұсында екі рет қатарынан шертеді. Мұндайда бланкінің төменгі бөлігіндегі бағандар автоматты түрде өздігінен толтырьшады.
Егер Сұрыптау жолында шертсе, сұрыптау түрлері бар, ашылатын тізімнің кнопкасы пайда болады. Егер қайсібір өріс бойынша сұрыптау белгіленсе, нәтижелеуші кестедегі мәлімет-тер осы өріс бойынша сұрыпталады.
Экранға шығару өрісінде: жалаушалар бар, жалаушаларды орналастырып немесе тастап, осы бағанды экранға шығаруға рұқсат етеміз немесе тыйым саламыз.
Іріктеу шарты жолында: және (немесе) берілген шарттарды қанағаттандыратын жазбалар ғана сұрау үшін іріктеуге мүмкіндік беретін шартты немесе логикалық бейнелеулерді көрсетуге болады.
Сұраныс құрылымын қалыптастырып, оны жабады, оған ат қояды және одан ары екі рет қатарынан Мәліметтер базасы терезесіндегі таңбашада шертіп, іске қосады.
Сұраныстар конструктор терезесінің жоғарғы жағында сұраныс деректерінің сызбасы бар. Бұл сызба деректер қоры деректерінің сызбасына өте ұқсас, тек айырмашылығы мынада - берілген сызба сұранысқа қосылған кестелер тізімінен тұрады және олардың арасындағы байланысты бейнелейді. Терезенің төменгі жағында сұраныс бланкісі жатыр. Бұл бланкінің әрбір жолының белгілі бір қызметтері бар:

  • Өріс. Бұл жолда кестедегі әрқайсысы өзінің ұяшығында сұранысты құруға пайдаланатын өрістер орналасқан.

  • Кесте аты. Бұл жолы берілген өріс қай кестеден екенін көрсетеді.

  • Топтық операция. Деректер тобымен орындалатын операциялар типін анықтайды.

  • Сұрыптау. Бұл жолда өсуі не кемуі бойынша сұратуға қайта оралатын ақпаратты сұрыптау типін көрсетесіз.

  • Экранға шығару. Егер өрісте табылған ақпаратты MSAccess көрсетсін десеңіз өрісті көру жалаушасын орнатыңыз. Егер өріс тек сұранысыңызды қайтаратын деректерді таңдау шартын тапсыру үшін пайдаланылса, оны бос қалдырыңыз.

  • Таңдап алу (отбор) шарты. Бұл сұрату бланкісінің негізгі бөлігі. Бұл жолда (және онан төмен орналасқан жолда) белгілі бір шарттарды бере отырып, іздеу критерийі деп атау қабылданған іздеудің шектеуін енгізесіз.

Сұраныс бланкасының Сорттау қатарына сұраныс нәтижесінде алынған деректерді сорттауға болады.
Сұраныс құру барысында жазбаларды іріктеу шартын беретін өрнекті анықтауға арналған - өрнекті құрастырушыны қолдануға болады. Ол сұраныс бланкасында Іріктелу шартты қатарына байланысты контексті мәзірдегі Құрастыру командасы іске қосылады.
Сұраныс бланкісінде өрістердің реті олардың нәтежелі кестеде шығатын ретімен анықталады. Бұл тізімде өрістердің орналасуын өзгерту үшін келесі әрекеттерді орныдаңыз:
1. Тышқан нұсқағышын Өріс атауының дәл үстінде орналасқан бағанның таңдау аймағына орнатыңыз. Нұсқағыш бағыттауыш түріне өзгергенде, бағанды ерекшелеу үшін батырманы басыңыз.
2. Тышқан батырмасын басыңыз және оны осы жағдайда ұстап тұрыңыз. Нұсқағыш соңында тікбұрыш пайда болады.
3. Бағанды тиісті бағытта ауыстырыңыз. Толық тік сызық оның ағымдағы күйін көрсетеді.
4. Толық тік сызық тиісті орында болғанда батырманы жіберіңіз. Өріс жаңа орынға орналасады. Кейде ауыстыру кезінде бағанды ерекшелеу бірден бола қоймайды. Бағанның таңдау аймағын басқаныңызға көзіңізді жеткізіңіз. Бұл тасмалдау үшін бағанды ұстап алып қалатын жалғыз ғана орын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   217




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет