102. Желілердің жалпы ресурстарын пайдалану. Желіде жұмыс істей отырып, өз компьютеріңіздегі бума, принтер ж\е шалғай құрылғыларға басқа пайдаланушылардың қатынасқа шығу құқығына мүмкіндік беріп, өз кезегінде желідегі ресурстарға қатынасқа шығу құқығын аласың. Желідегі бірнеше пайдаланушылар жұмыс істеуге араналған бумалар, құрылғылар ортақ ресурстар деп аталады. Ортақ бумалар бір ғана данасын сақтау есебінен дискідегі алатын орынды үнемдейді. Басқа пайдаланушылар қатынасқа шыға алмайтын ресурстар бөлісуге болмайтын (локальный) деп аталады. Ортақ қолдануға араналған ресуртар белгісінің төменгі жағында оны ұстап тұрған қолдың суреті көрініп тұрады. Ортақтаса пайдаланатын бумаларды ашу үшін оның белгісінде маусты екі рет шерту керек. Шифрленген файлды ортақ ресурс ретінде қолдануңа болмайды. Объектіге (бума н\е диск) басқа пайдаланушылардың қатынасқа шығуын қамтамасыз ету үшін Менің компьютерім н\е бағыттауыш терезесінде оның белгісінің тұсында маустың оң жақ батырмасын шерту керек. Контекст менюінен Қасиеттер командасын таңдап алып, қатынасқа шығу (Доступ) ішкі бетін ашыңдар. Қажетті параметрлерді тағайындаңдар. Бұл бумаға ортақ қатынасқа шығуды болдырмау ауыстырып, қосқышын қосу объектінің ортақ пайдалану режимін алып тастайды. Басқа пайдаланушыларға бумамен жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін бұл бумаға ортақ қатынасқа шығуды ашу ауыстырып, қосқышын қосыңдар. Бұл жағдайда терезенің келесі элементтерін таңдауға болады: желілік аты өрісі бір н\е бірнеше желілік атауларды н\е бумаларды, яғги басқа пайдаланушылар осы бумаға қатынасқа шыға алатын атаулар көрсетіледі. Желілік атау компьютердегі бума атымен сәйкес болуы н\е басқаша бос орындармен тыныс белгілерін қамтуы мүмкін.
103. Браузер программасы (Internet Explorer жəне т.б.) , электрондық пошта программаларымен (Outlook