1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"



бет165/214
Дата30.04.2020
өлшемі0,98 Mb.
#65217
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   214
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

116. Алгоритм ұғымы.
Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхамед ибн Мұса әл-Хорезми(763-850ж)есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан.Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жақтаушыларды алгоритидіктер деп,ал «алгоритм»ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған.Алгоритм ұғымы тек матиматикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді.Алгоритмді реттелген амалдар жиыны,кезекпен орындалатын операциялар тізімі.Алгоритм-берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жаэып шығу керек.Алгоритмді орындаушының рөлін,негізінен,адам н/e автоматтандырылған құрылғы,яғни компьютер, робот т.б. атқарады.Алгоритмдіенгізу үшін оны белгілі бір заңдылықпен мәтін түрінде жазу қажет.Ал алгоритмнің компьютерде орындалуын жүзеге асыру үшін қолданылатын бірыңғай ж/e дәл жазуға арналған ережелер жүйесі программа б.т.Алгоритм мен программаға байланысты компьютердің мынадай жұмыс ерекшіліктері бар.1.есеп шығару жолы аогоритм түрінде өрнектелуі қаж.2.алгоритм программа түрінде жазылуы тиіс.3.программа ретімен орындалуы керек.Алгоритм инфарматика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі.Квадрат теңдеудің түбірін табу ережесі,үшбұрыштың ауданын есептеу жолдары алгоритмдердің мысалдары б.т.Алгоритм-есеп шығару тәсілі, яғни белгілі бір нәтижеге жету үшін қолданылатын амалдардың реттелген жиыны.Күнделікті тіршілікте мектепке бару,ас әзірлеу,ағаш отырғызу,нан пісіру сияқты көптеген алгоритмдерді атқарамыз.Алгоритм атқарушы-көрсетілген тізбегін бұлжытпай орындай отырып,керекті нәтиже алуды жүзеге асыратын машина,құрылғы немесе адам бола алады.Алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында атқарушыға қандай әрекеттер жасау қажеттілігін әрі түсінікті,әрі дәл көрсететін нұсқаулар ретін алгоритм деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет