1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"


Дербес компьютердің негізгі жəне қосымша құрылғыларымен танысу



бет21/214
Дата30.04.2020
өлшемі0,98 Mb.
#65217
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   214
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

15. Дербес компьютердің негізгі жəне қосымша құрылғыларымен танысу.
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары 1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым. ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы кіреді.

1.Жүйелік блок – компьютердің негізгі құрылғысы

2.Монитор– компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.

3.Перне тақтасы – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы.

4.Тышқан –«графикалық» басқару құрылғысы.

Жүйелік блок

Компьютердің негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына кіретіндер:

процессор– компьютердің ең негізгі құрылғысы, программаларды орындайды жəне басқа құрылғыларды басқарады.

жедел жад (RAM) –ауқымды информациямен жұмыс істеу үшін қолданылады, онда орындалып жатқан программалар мен командалар жазылады, компьютер электр желісінен ажыратылса, жедел жадыда информация өшіп қалады.

тұрақты есте сақтау жады (ROM) – ЭЕМ-нің жұмысы барысында мазмұны өзгертілмейтін жад, бұл жадқа мəліметтер оны

дайындап жатқан кезде жазылады.

қоректендіру блогы

енгізу-шығару порттары

ақпарат тасушылар

Бұлар жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар болғандықтан ішкі құрылғылар деп аталады. Ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет