155. Мемлекетті басқаруда ақпараттық технологияларды пайдаланудың мақсатымен міндеті
Мақсаты: Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрi сапалы қолжетiмдiлiгiн
қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңiнен қолдану жолымен мемлекеттiк органдардың жұмыс істеу тиiмдiлігін арттыру
Міндеттері: Мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайында жұмыс істеуге мүмкiндiк беретiн нормативтiк құқықтық және әдіснамалық база құру; мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсетулерiн қалыптастыру және дамыту; "электрондық үкіметтің" қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру; e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру; "электрондық үкiметтің" ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету
Достарыңызбен бөлісу: |