Дид-қ ойын: «Отбасындағы мерекелер»
Вариатив
|
Ортаңғы топ
Дене шынықтыру
Негізгі қимылдар:
1.Түрлі бағытта жүгіру.1,5м қашықтықтан тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5м) нысанаға дәлдеп лақтыру.
Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру(2-3рет жүрумен кезектестіре отырып,10 рет секіру).
Қимылды ойын:
«Картоп жинау».
2. 1,5м қашықтықтан тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5м) нысанаға дәлдеп лақтыру.
Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру(2-3рет жүрумен кезектестіре отырып, 10 рет секіру).Заттар арасымен доптарды домалату.
Қимылды ойын:
«Анамызға көмектесейік».
3. 1,5м қашықтықтан тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5м) нысанаға дәлдеп лақтыру. Тақтай бойымен
тепе-теңдікті сақтап жүру.
8м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төртағандап еңбектеу.
Қимылды ойын:
«Сәбіз жинау»
Ересек топ
Музыка
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Туыстарына деген сезімін әнмен жеткізуге баулу. Отбасы, ата-ана туралы әңгімелерін еркін жеткі-зуге мүмкіншілік жасау. Әнді таза дауыспен айтуға үйрету.
Әуенді ырғақты қимыл:
«Кеселермен би»
«Кең жайлау» А.Еңсепов
Музыка тыңдау: ««Жақсы көрем» Ғ.Дауылбаева
Ән айту: «Ата-ананы тыңдаймыз» Б.Бейсенова
Ойын ойнау: «Киіз үйлер» Музыкалық қимылды ойын
|
Серуен:
|
10.30-11.00
|
Аспанды бақылау.
Мақсаты:
Табиғаттың басқа құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру.
Аспанға қарап,ауа райын болжай алуға үйрету.
Бақылау барысы:
Балалар,қараңдаршы аспан қандай? (таза,ашық). Ендеше ауа райы жылы,ашық. Ал егер аспанды қара бұлт басса,онда қандай ауа райы болады? (бұлтты) Ал егер жел соқса,бұлттар не істейді? (Жел оларды айдап әкетеді)
Екпіні қатты самалдан
Тұрғандай есіп жел алдан
Ағаштар қозғап бұтағын
Иеді басын бұтақтың
|
Достарыңызбен бөлісу: |