Жердің физикалық бетінің жалпы аумағы 510 шқ2 оның шамамен –71% Әлемдік мұхит, 29% құрлық алып жатыр.• Құрлықтар үстінде таулар, ойпаттар, қыраттар, ойлар, тегіс аймақтардан тұратын жер бедері құрылған.• Құрлықтың мұхит деңгейінен орташа биіктігі 875 м, ал Әлем мұхитының тереңдігінің орташа шамасы 3800 м құрайды. Сонымен құрлық беті, бүкіл Жер бетімен салыстырып қарағанда онша биік емес жалпақ тау іспеттес.Геоид-мұхит пен ашық теңіздердің тыныш қалпындағы орта деңгейімен өтетің жердің пішіні.Гкоид терминін 1873ж немістің физигі И.Листинг енгізген.Жер қойнауындағы массаның дұрыс таралуын анықтаудың мүмкіндігі болмағандықтан,геоид беті бір математикалық жүйеге келмейді.Жер қойнауының барлық тұсында салмағының тең бөлінбегендігінен, оның әр нүктесінің салмақ күшінің бағыты бір орталықта қиылыспайды. Сондықтан геоидтың пішіні өте күрделі, оны математикалық жолмен өрнектеу қиынға соғады.• Геодезияда геоидтың пішінінің орнына, соған ұқсас эллипстің кіші осі (полярлық осі) РР1 бойында айналуынан алынған айналым эллипсоиды (сфероид) қабылданған.• Референц-эллипсоид деп жартылай осьтерінің өлшемдері анықталған, Жер бетінде белгілі түрде бағытталған және белгілі мемлекет үшін геодезиялық жұмыстар жүргізуге қабылданған айналу эллипсоидын атайды.
Деңгейлік бет
Жер пішіні ретінде тыныш, бұрқанбаған, жағаға немесе кейін ұрған толқынсыз Әлемдік мұхит беті қабылданған. Мұндай тұйық бетті - деңгейлік бет, ал осы бетпен шектелген денені геоид дейді.• Жер қойнауының барлық тұсында салмағының тең бөлінбегендігінен, оның әр нүктесінің салмақ күшінің бағыты бір орталықта қиылыспайды. Сондықтан геоидтың пішіні өте күрделі, оны математикалық жолмен өрнектеу қиынға соғады