1. Шеткі бөлімі:
Дәм рецепторлары - дәм сезу баданалары олардың әрбіреуі - 2-6 қабылдағыш және тірек жасушалардан құрылады.
Рецепторлық дәм клеткасының ұзындығы 10-20 мкм,
Көлденеңі - 3-4 мкм, жоғарғы саңылауға қараған ұшында өте жіңішке 0,1-
0,2 мкм-дей түктері болады.
Дәм баданалары орналасқан дәм емізікшелердің үш түрін ажыратады: саңырауқұлақ тәрізді, науа тәрізді және жапырақ тәрізді. Дәм рецепцияның зонасы: тілдің емізікшелерінде, жұмсақ таңдайда, тілше мен жұтқыншақтың артқы жағында, көмекейде (бадамшаларда).
Дәм рецепторларының ең көп орналасқан жерлері –тілдің ұшы,бүйірлері
және түбі.
Дәм қабылдағыштары төрт түрлі дәмді сезеді:
тәтті, ащы, қышқыл, тұзды.
Тілдің түбі – ащыны
ұшы - тәттіні
бүйірлері – қышқылды және тұзды.
2. Өткізгіш бөлімі:
Дәм баданасынан 2-4 сезгіштік жүйке талшықтары шығып тіл жұтқыншақ (IX), бет (VII) жүйкенің талшығы құрамында (дабыл шегі) сопақша мидың ядросы tractussolitaris (1 нейроны) ми бағанының жалғыз будасына (2 нейрон) келеді. Одан шыққан екінші нейрондар ішкі ілмектің құрамында таламусқа жетеді (3 нейрон).
3. Орталық бөлім:
Ми қыртысының артқы орталық қатпарының төменгі жағында - дәм сезу орталығына барады (Сильвий сайы).
Иіс сезу талдағышы.
Иіс сезім мүшесінің қабылдағыштары жоғарғы мұрын кеңсірігінде орналасқан.Олардың ауданы шамамен 5-8см2.Иіс беткей тілінің қалыңдығы 100-150 мкм, олардың тірек жасушаларының арасында диаметрі 5-6 мкм иіс қабылдағыштары жалғасады.Адамда иіс сезгіштердің жалпы саны 10-20 млн-ға жетеді.Әрбір қабылдағыш ұзындығы 10 мкм жалпы саны 6-12 жіңішке кірпікшелері шығып тұратын, иіс буылтығымен аяқталады.
1. Шеткі бөлімі - иіс сезім жүйесінің рецепторлары мұрынның жоғарғы кеуілдерінде орналасады – иіс эпителийі.
Иіс рецепторлары – биполярлық жасушалар:
Достарыңызбен бөлісу: |