1. Аты-жөні (толық) : Жаманқұлова Гүлнұр Ділдәбекқызы



Дата15.11.2019
өлшемі44,26 Kb.
#51897
Байланысты:
Баяндама

1. Аты-жөні (толық) : Жаманқұлова Гүлнұр Ділдәбекқызы


2.Баяндама тақырыбы: Білім берудегі жаңа технологиялардың маңыздылығы..

3.Жұмыс орны : Байкелді Кейкиев атындағы орта мектеп

4.Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі

5.Оқытатын пәні : бастауыш сынып



  1. ІІІ деңгей бойынша сертификатталған



  1. Мекен-жайы : Жамбыл облысы,Жамбыл ауданы,

Ерназар ауылы, ұялы телефон 8776 661 29 46
zhamankulova_76@mail.ru


Білім берудегі жаңа технологиялардың маңыздылығы.

Жас ұрпақ-ел тірегі ертеңіміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. Қазіргі кезде еліміздегі білім беру жүйесін әлемдік жүйеге көтеру аса маңызды мақсаттардың біріне айналып отыр. Оқытудың әр түрлі педагогикалық технологияларын мектеп өміріне енгізіп жатыр. Мұғалімнің негізгі мақсаты-сабақ сапасын көтеріп, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін таңдап, оларды тиімді және шығармашылықпен қолдану.Біздің алдымызға қойған мақсатымыз-заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, өз ойын еркін айта алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу.



Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп көрсетілген . Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар қалыптасуда.Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа  технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы  технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүм­кіндіктер береді.Бiлiм берудi ақпараттан­ды­ру­дың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бi­лiм­дiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақ­па­раттық технологияны пайдала­ну­ға, Қазақстан Республика­сын­дағы ақпараттық кеңiстiктi әлем­дiк бiлiм беру кеңiстiгiмен са­бақтастыруға мүмкiндiк бередi.
Бiлiм берудi ақпараттанды­рудың негiзгi мiндеттерi:
–  ақпараттық және телеком­му­никациялық техникалық құ­ралдармен қамтамасыз ету;
–  бiлiм берудi ақпараттан­дыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
–  оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны ен­гi­зу­дi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүр­гiзу;
– пәндер бойынша жасақта­латын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiс­темелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiл­дiру бiлiм берудi басқаруда ақ­параттық жүйенi құру;
– бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн бағдарла­ма­лық-техникалық құралдарды қам­тамасыз ету және мульти­ме­диа­лық бағдарламаларды, элек­трондық оқулықтарды жасақтау;
– педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қыз­меттерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандар­дың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігі даусыз. Педагог маман­дардың біліктілігін көтеруді ақ­параттандыру, қажеттілікті шешу барысында педагог маман­дардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану, педагог мамандар­дың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени да­мудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін, оқыту әдіснамасын же­тілдіруде тың ізденістер жа­сауға мүмкіншілік туғызып отыр­ғандықтан  алдыма мынадай мақсаттар қойдым.

– жаңа  технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;


– жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
– жаңа  технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
– бiздiң елiмiздегi  жинақталған ақпарат­тық ресурстарға жедел ену;
– мультимедиалық электрон­дық оқулықтарды пайдалану.
– отандық бiлiм беру жүйе­лерiн бiртұтас әлемдiк ақпарат­тық бiлiмдiк кеңiстiкке ену ар­қылы сабақтастыру

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.


Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Осылайша жаңа технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер - оқушылардың сыни ойлауы, оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау, ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды анықтау, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, көшбасшылық қабілеттерін анықтау «Қалай оқу керектігін үйрету» барысында жүзеге асатынына көз жеткіздім. Күнделікті сабақ барысында әр оқушыны бақылап, бақылау қорытындысы бойынша әр оқушының қабілетіне қарай іс-әрекет жасау керектігін ұғындым.Оқушылардың топтық жұмыс арқылы оқу мотивациясын көтеру,талдау, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы мотивацияларын дамыту мақсатын қойдым.Егер сабақтарды жаңа әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдастырсам, жеті модульді кіріктірсем оқушының пәнге қызығушылығы артады деген ойға келдім.



Орта бiлім беру жүйeсінің алғашқы сaтысы – бастауыш сынып. Өзім бастауыш сыныпқа сабақ беретін болғандықтан баланы жас кезінен ойын еркін айтуға дағдыландырған жөн деп есептеймін.

Қалыптасқан дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда, бағдарлама идеялары жүзеге асырылатын топтық жұмыстар барысында сыйластық қарым-қатынас қалыптасып, жауапкершілік артады. Топ мүшелерінің бірін-бірі сыйлау, тыңдау, күту шыдамдылығы, сөйлеу дағдылары қалыптасады.Топ мүшелері бір-біріне әріптестікпен қарап, басқаның пікірін құрметтеуге үйренеді, бір-біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, білім алуда қолдау көрсетеді.Осындай жаңа форматты сабақтарда мұғалім жұмысты ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп, оқушыларға өздерінің саналы білім алу үшін жауапкершілігін түсінуге мүмкіндік береді. Орта бiлім беру жүйeсінің алғашқы сaтысы – бастауыш сынып. Өзім бастауыш сыныпқа сабақ беретін болғандықтан баланы жас кезінен ойын еркін айтуға дағдыландырған жөн деп есептеймін. Мен мұғалімнің білімді меңгеру жолын оқушыларға толық ашып беру үшін өзі тиісті әдістерді меңгерген, мақсат пен міндеттерді қоя білетін, міндет шарттарын түрліше түрлендіре алатын дәрежеде болуы керек екенін білемін.

Ұстаз әрбір оқушыға өзінің ойы, пікірі мен идеялары, дүниетанымы мен көзқарастары, ұстанымы мен түсініктері, пайымдауы мен уәждері, дәлелдері мен ұсыныстары бар екенін және ашық айта білуге машықтануын үйретуіміз керек. Өйткені біз өмір сүруге үйретеміз, ал өмір сүру – адамның ең басты мақсаты. Өз ойы мен пікірлерін, ұсыныстарын жеткізе алмайтын, айта алмайтын адам дұрыс өмір де сүре алмайды деген ой түйдім.

Мен өз сабағымда оқушылар өздерінің сөйлеу, оқу, жазу, есте сақтау дағдыларын қалыптастырып, дамыта алуларына көп басымдық беріп, мақсатымды да соған бағыттап құрдым. Әрине, мәтін түрлерін оқушылар түсінуі, ақпаратқа сүйене отырып, оқушылардың әңгімелесе білулері керек.



Нәтижені неге бағыттадым? Оқу нәтижелерін оқушыға бағыттап, белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістіктерді қолдана отырып, оқушыларымның деңгейіне сәйкес етіп алдым. Нәтиже қою маған сабақта қойған мақсаттарға қол жеткізгенімді немесе қол жеткізе алмағанымды білуіме мүмкіндік береді.

Оқушыларыма қалай оқу керектігін үйрету үшін құрған мақсат пен күтілетін нәтижеге қарай сабақта қолданылатын оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің түрлерін таңдап алдым. Мәтінмен жұмыс жасап, түйінін түсінулері үшін «ЖИГСО», «Блум таксономиясы» әдісін, түсінген-түсінбегендерін тексеру үшін «Инсерт» әдісін, ойларын сараптап негізгі ойды таба білулері үшін «Кластер жасау» әдісін, салыстырып, анализ жасаулары үшін «Венн диаграммасын» пайдаландым.



  • Сабақта топтық жұмысқа балаларды икемдеп алу үшін, қолайлы атмосфера жасау үшін нәтижелі тәсіл таңдауыма тура келді. Өйткені оқушылар топтық жұмысқа дайын емес және дағдыланбаған. «Шаттық шеңбер» арқылы бір-бірінің жақсы жағын көруге тырысты және өздері «Алтын ереже» құрып, сол ережеге бағынатындарын айтты.

  • Жеке жұмыс жасауда: «Инсерт» әдісі-сабақ басталғаннан соңына дейін жүргізілетін әдіс. Берілген критерийлер бойынша «Эссе» жазу, «Автор орындығы», «Ыстық орындық», «Концептуальді кесте», «Болжау» стратегиясы.

Жұппен жұмыс жасауда «Интервью», «Жұптас-ойлан-бөліс», «Үш қадамды сұхбат» тәсілдерінде оқушы алдымен жеке ойланып, сосын қасындағы оқушымен ойларын бөліседі, ортақ шешімге келеді, берілген тапсырманы жұппен орындайды.

Топпен жұмыс жасауда :«Бірлескен зерттеулер», «Дөңгелек үстел», «Әуе шары», «Постер жасау», «Әткеншек», «Венн диаграмма», «Бес жолды өлең», «Аквариум», «Жигсо» тәсілдерін қолдану ұтымды.

Сыныпта оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретінін көрсетті.сыныпта диалог арқылы оқушылар өз ойларын білдірді, серігінің түрлі идеяларын ести отырып, өз идеяларын дәлелдейді. Мен сыныптағы талқылауды басқарғанда оқушыға берер тапсырмамды егжей-тегжей құру керектігін түсіндім. Дәстүрлі сабақтарда оқушылардың әңгімеге,талқылауға қатысу мүмкіндіктері шамалы. Жақын аймақтағы даму ол оқушының жұбымен әңгімелесуіне, қарым-қатынас жасауына, идеяларымен бөлісуіне өз үлесін қосады.



Топтық жұмыстың қандай ерекшілігі болды?

  1. Топтық жұмыста оқушылар сыныптастарымен бірге сабақ барысында бір-бірінен түсінбегендерін сұрап, ақылдасып, білімін толықтыра алады.

  2. Оқушылар өздігінен айналадағы болып жатқан мәселелерді анықтап, шешу жолын таба білді.

  3. Әрбір топ мүшесі топтың нәтижеге жетуі тек қана дайын оқулықтағы тапсырманы орындау ғана емес, сонымен қатар берілген тапсырма өздігінен жаңа білім мен дағдыны керек ететіндігін түсінді.

  4. Оқушылардың өз көзқарасы қалыптасып, оны ұсынып, дәлелдемелер келтіре алады.

  5. Оқушылар алған білімдерін қалай,қай жерде қолдана алатыны туралы ойланады.

  6. Балалар өзара , мұғаліммен пікірлесе отырып, коммуникативті дағдыны игерді.

  7. Жолдастық, өзара түсінушілік қарым-қатынастары дамыды.

  8. Өз сабақтарында жұппен, топпен талқылауда оқушылардың белсенділігі артты.

«Мұғалім -өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады». Сондықтан, үнемі ізденіс үстінде жүрген мұғалімдерге бұл курстық оқудың берері мол деп ойлаймын. Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы. Сол себепті қазіргі мектептің басты міндеттерінің бірі- жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, дағдымен қамтамасыз ету. «Естігенді ұмытамын, көргенді- есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін»- деген даналық сөзді басшылыққа ала отырып, жаңалықты өзім ашпай, оқушылардың өздеріне аштыруға тырыстым. Тақырыпты өздеріне игерте отырып, ой пікірлерін, көзқарастарын еркін айтуына мүмкіндік бердім.Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс.Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың  ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз  көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл  “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын  салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту.  Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай,әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет