1. Атом ядросының құрамы, зарядтары, массасы


Радиоактивтілік. Табиғи және жасанды радиоактивтілік



бет22/56
Дата16.12.2022
өлшемі3,96 Mb.
#162957
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
Байланысты:
Ядеркаааааааааааааааааа
реферат футбол ойыны, 1-2-kaz, 6. Ақтөбе. Алтын түлек тапсырмалары 10 сынып 2022 ж, 0-дік бақылау жұмыстары. Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігі., 15-12 09-07
22. Радиоактивтілік. Табиғи және жасанды радиоактивтілік.
Радиоактивтілік деп кейбір ядролардың өз бетімен бір немесе бірнеше бөлшек шығарып түрленуін атайды. Мұндай түрленуге душар ядроларды радиоактивті деп, ал олар шығаратын бөлшектер ағынын радиоактивтік нұр деп атайды. Түрлену тән емес ядроларды нық дейді. Радиоактивтік ыдырау кезінде ядроның Z атомдық нөмері де, А массалық саны да өзгеруі мүмкін. Екеуіде өзгермей ядроның ішкі күйі ғана, оған сәйкес, энергиясы ғана өзгеруі мүмкін.
Радиоактивтік ыдырау өту үшін, ол энергиялық тиімді болуы тиіс, яғни, ыдырайтын ядроның массасы ыдыраудан кейінгі жүйенің-пайда болған жарқыншақ ядро мен бөлшектердің - толық массасынан артық болуы керек. Бұл шарт радиоактивтік ыдырау үшін қажет, бірақ әрқашан жеткілікті емес. Кейде энергиялық тиімді құбылыстар басқа сақталу заңдарының орындалмауының салдарынан орын алмайды. Мысалы, ядросының, екі электрон шығарып, ыдырауы энергиялық аса тиімді құбылыс. Бірақ, бұл ыдыраү электр зарядының, бариондық зарядтың, лептондық зарядтың сақталү шартына қайшы келеді. Сондықтан, бұл процесс табиғатта кездеспейді.
Бақылау радиоактивтіліктің статистикалық құбылыс екенін көрсетеді. Бірдей екі ядроның ыдырау уақыттары бірдей емес. Бірақ, бірдей ядролардың өте көп саны үшін есептелген олардың орташа өмір сүру уақыты, олардың пайда болу жолына да, оларды қоршаған ортаның күйіне (температура, қысым, агрегат күйі) де тәуелсіз, тек осы ядроларды ғана сипаттайтын шама.
Пайда болу тегіне байланысты радиоактивтіліктің екі түрі болады. Адамның іс әрекетіне тәуелсіз, табиғатта, онда элементтер пайда болғаннан бері бар, радиоактивтілік табиғи деп аталады. Ал, адамзаттың іс әрекетіне байланысты пайда болған немесе қолдан жасалған радиоактивтілік жасанды деп аталады.
Табиғатта радиоактивтіліктің үш түрі кездеседі: -ыдырау, -ыдырау, -нұрлану. Бұлармен қатар табиғи

радиоактивтілік қатарына ауыр ядролардың өздігінен бөлінуін де қосады.


Жасанды радиоактивтілік ыдыраудың осы 4 түріне қоса, кешіккен нейтрондық және протондық ыдырауларды қамтиды.
Іс жүзінде радиоактивті деп өмірлерін радиотехникалық әдістермен өлшеу мүмкін ядроларды атайды. Ол қазіргі жағдайда 10-9 C-тен 1022 жылға дейінгі аралықты қамтиды.
Физикалық тұрғыдан радиоактивті ядролардың өмір сүру уақыты сипаттық ядролық уақыттан әлдеқайда үлкен уақыттан одан орасан үлкен уакытқа дейінгі аралықты қамтиды.
Радиоактивті ыдырауға тән уақыттардың ядролық құбылыстарға тән уақытқа қарағанда өте ұзақ болуының әртүрлі себептері бар, оларды біз тиісті бөлімдерде қарастырамыз.
Жоғарыда атағанымыздай, радиоактивті ыдырау энергиялық тиімді болуы керек. Ол үшін
(3.1)
болуы керек. Мұндағы Ма – аналық, ыдырайтын ядроның массасы, Му- ұрпақтық, пайда болған ядроның массасы, - ыдырау кезінде бөлініп шығатын бөлшектердің массаларының қосындысы, Е- ыдырау энергиясы. Ыдырау энергиялық тиімді болу үшін, Е0 болуы керек. Мұндай құбылысты экзоэнергиялық (экзотермиялық) деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет