1. Атом ядросының құрамы, зарядтары, массасы


Ядроның байланыс энергиясы мен изотоптардың табиғатта таралуы



бет4/56
Дата16.12.2022
өлшемі3,96 Mb.
#162957
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Ядеркаааааааааааааааааа

4.Ядроның байланыс энергиясы мен изотоптардың табиғатта таралуы. Табиғатта нық немесе өмір ұзақтығы әлем жаратылғаннан (Жерде Жер жаратылғаннан) кейін өткен уақыттан көп, иә онымен мөлшерлес ядролар мен олардың ұрпақ ядролары сақталған. Енді олардың қандай екенін қарастырайық. Ол үшін изобарлардың массалық санының оның зарядына тәуелділігін сызайық. Байланыс энергиясы ЕбА ядро үшін, оның массасы (яғни тыныштық күйдегі энергиясы):
(2.40)
я ғни, М=M(Z) тәуелділігінің графигі төңкерілген функциясының графигіне ұқсас болады. Ал тәуелділігін энергетикалық беттін А=const жазықтықпен қыйылысу сызығы береді.
Сөйтіп, А=тақ ядролар үшін ядроның массасының оның атомдық нөмеріне тәуелділігі 2.15-суреттегідей болады. Бұл ядролардың ішіндегі ең нығы осы сызықтың бойында ең төмен жатқаны болады.


Қалғандары  -ыдыраулар арқылы осы ядроға көшеді. Демек табиғатта берілген массалық сан үшін (2.1) теңдікті қанағаттандыратын бір ғана изобар (синглет) кездеседі.


Массалық санның жұп мәндері үшін графигі екі сызықтан тұрады. Оның жоғарғысы Z-тің тақ мәндеріне (тақ-тақ ядроларға), ал төменгісі Z-тің жұп (жұп-жұп ядроларға) мәндеріне сәйкес келеді. Осыған байланысты төрт жағдай болуы мүмкін:
1. Z0-жұп, ядроның массасы Z-ке тәуелді өте тез өседі. Кіші мәндері үшін М(Z-1)M(Z), ал Z0-ден үлкен мәндері үшін М(Z+1)M(Z). Бұл жағдайда барлық Z Z0 ядролар -ыдыраулар арқылы Z0-ге өтеді. Сөйтіп табиғатта бірғана изобар (синглет) болуы керек.
2.Z0-жұп, М-нің Z-ке тәуелділігі жайпақ. Осының салдарынан М(Z0-2) М(Z0-1) және М(Z0+2) М(Z0+1) болады (2.16-а-сурет). Әрине, бірден 2 + немесе - - бөлшектер шығару арқылы Z02 ядроларының Z0 ядроға көшуі энергия тарапынан мүмкін. Бірақ тәжірибелер нәзік әсерлесу үшін мұндай көшулерге тыйым салынғандығын көрсетеді. Осыған сай бұл жағдайларда табиғатта Z0-2, Z0, Z0+2 элементтерінің изотоптары болатын изобарлық үштік-триплет кездесуі керек.
3. Z0-тақ, М-нің Z-ке тәуелділігі жайпақ. Бұл жағдайда Z0-1 ядросы мен Z0+1 ядросының массалары Z0, Z0-2, Z0+2 ядроларының массаларынан кем болады. Бұл ядролар -ыдыраулар арқылы Z0-1 немесе Z0+1 ядросына айналады. Сөйтіп, табиғатта изобарлық екілік (дуплет) қана қалады (2.16-б-сурет).
4.Z0-тақ, М-нің Z-ке тәуелділігі өте тік. Z01 ядроларының массалары Z0-ядросының массасынан артық. Бұл жағдайда да табиғатта изобарлық синглет қана қалады (2.16-в-сурет).
Зерттеулер, шынында да табиғатта осы 4 жағдайдайларға сәйкес келетін изобарлық синглеттердің, дублеттердің, триплеттердің болатындығын көрсетті. Табиғатта 4-жағдайға сәйкес келетін 4 ядро ғана белгілі. Олар .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет