1. Атом ядросының құрамы, зарядтары, массасы


Ядролардың нейтрондардың әсерінен бөлінуі. Тізбекті реакция



бет39/56
Дата16.12.2022
өлшемі3,96 Mb.
#162957
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
Байланысты:
Ядеркаааааааааааааааааа

43.Ядролардың нейтрондардың әсерінен бөлінуі. Тізбекті реакция.
Ядролардың нейтрондармен бөлінуінің тамаша ерекшілігі ол бөліну кезінде бірнеше нейтрон шығарылатындығы. Мысалы, уран-235 ядросының әр бөлінуінде орташа есеппен 2,4 нейтрон туады. Енді бар ортада бір ядро ыдырасын (мысалы, космостық нұрдың құрамындағы нейтронның әсерінен). Мұнда 2 немесе 3 нейтрон бөлініп шығады. Ол нейтрондардың біреулері бір жаққа жоғалып, мысалы сыртқа шығып кетеді, ал біреулері жаңа ядроларды бөледі. Әр бөлінуден шыққан нейтрондардың орта есеппен екеуі реакцияға қатысып, екі ядроны бөледі дейік. Онда бірінші ядро шығарған нейтрондар екі ядроны, ал олар шығарған нейтрондар төрт ядроны және т.б. созыла беріп, нейтрондардың саны, онымен бірге бөлінген ядролардың саны тасқындап өседі. К-рет бөліну болғаннан кейінгі К-“ұрпақтық” нейтрондардың саны 2к болады. Нейтрондардың әр ұрпағының өмірі 10-7-10-8с. Сонда нейтрондардың 80 ұрпағы өту үшін 10-5-10-6с уақыт керек. Осы уақытта 2801024 нейтрондар туып 1024 (140г жуық) уран ядроларын бөледі. Бұл бөліністерде бөлініп шығатын энергия 31013 Дж болады. Егер реакцияның дамуына ешқандай тосқауыл болмаса, 10-3с ішінде туған нейтрондардың саны Бүкіл Әлемнің көрінетін бөлігіндегі бөлшектер санынан асып кетер еді. Осы бөлінетін ядролардың санының тасқындық өсу құбылысын тізбекті бөліну реакциясы дейді. Жалпы тізбекті реакция деп белгілі реакция келесі дәл сондай реакция туғызатын процесті атайды. Сонымен тізбекті реакция нейтрондардың бұрыннан белгілі жұтылу, баяулау және диффузия құбылыстарымен қатар, олардың көбеюі болатын ортада ғана өтеді. Ондай ортаны активті өңір дейді. Нейтрондардың көбею қарқынын сипаттайтын физикалық шаманы нейтрондардың ортадағы көбею коэффициенті к дейді. Көбею коэффициенті деп нейтрондардың бір ұрпағындағы санының оның алдындағы ұрпақтағы санына қатынасын атайды. к мөлшері шексіз ортадағы нейтрондардың көбею коэффициенті. Осыған ұқсас физикалық (шектелген мөлшерлі) жүйедегі нейтрондардың көбею коэффициенті к енгізіледі. Егер бірінші ұрпақта нейтрондардың саны N болса, n-ші ұрпақта олардың саны Nkn болады. Егер к =1 болса, нейтрондардың саны уақыт бойынша өзгермей бөліну тұрақты өтеді. к  1 реакция сөніп қалады, ал к 1 реакцияның қарқыны тез өсіп, қопырылыс болуы мүмкін. к =1 болса, реакцияның күйі сындық, к 1 болса, сындықтан жоғары, к  1 болса, сындықтан төмен делінеді. Нейтрондардың ұрпақ ауысуы деп бір ұрпақтық нейтрондардың бәрінің жұтылып олардың орнына басқа жаңа нейтрондардың пайда болу құбылысы аталады. Ал, бұған жұмсалатын уақыттың орташа  мәні нейтрон ұрпағының өмірі деп аталады. Оның мәні ортаның қасиетіне күшті тәуелді және 10-8-10-4с аралығында жатады. Осыдан нейтрондардың санының уақыт бойынша өзгеру жылдамдығы , (6.13)осыдан нейтрондар санының уақытқа тәуелділігі (6.14) шығады. Мұндағы нейтрондардың алғашқы саны. Нейтрондардың ұрпақтық өмірінің өте қысқалығынан, басқарылатын тізбектік бөліну реакциясы кезінде к =1 мәнінің өте үлкен дәлдікпен қамтамасыз ету қажеттігі туады. Мысалы, k=1,005 болса қондырғы лезде қопарылысқа ұшырайды. Көбею коэффициенті (к мен к) ең алдымен бір бөліну кезінде шығатын нейтрондардың  санына тәуелді. Көбею коэффициенті к1 болу үшін бөліну реакциясы кезінде бөлініп шығатын нейтрондардың саны жеткілікті (ең болмағанда, бірден үлкен) болуы тиіс. Ол сан отынның тегі мен нейтрондардың энергиясына тәуелді болады. 6.1-кестеде ядролық энергетикада қолданылатын негізгі изотоптар үшін бөліну барысында бөлініп шығатын нейтрондардың орташа саны тиетін нейтрондардың энергиясының екі (0,025МэВ және 1МэВ) мәні үшін берілген. Нейтрондардың ауыр ядролармен әсерлесуі кезінде ядролар бөлініп қана қоймайды, олардың нейтрондарды радиациялық қарпуы да мүмкін. Радиациялық қарпуға тек қана отынның (бөлінетін изотоптың) ядролары емес, басқа ядролар да қатысуы мүмкін. Уранмен жұмыс істейтін реакторлар үшін ол -ядросы. Радиациялық қарпу бөлінумен бәсекелес өтіп, көбею коэффициентін кемітеді. Осыдан көбею коэффициенті уран ядроларымен қарпылған нейтрондардың ішінде оны бөлетіндерінің
үлесіне тәуелді болады. Мұндағы -уран-235 ядросының бөліну қимасы мен оның отынның құрамындағы үлесі, -отынның құрамындағы уран-238 ядросының үлесі, ші ядроның радиациялық қарпуға қимасы . Бірлік бөліну кезінде туатын нейтрондардың саны мен бөлуге қатысатын нейтрондардың үлесін бірден ескеру үшін (6.15)коэффициентін енгізеді.  коэффициенті де әрине, отынның тегі мен нейтрондардың энергиясына тәуелді. Ең маңызды бөлінетін изотоптар үшін бұл коэффициентің мәндері де 6.1-кестеде көрсетілген.  шамасы отының ең маңызды көрсеткіші. Тізбекті реакция өту үшін  бірден үлкен болуы тиіс:  1.  бірден қанша үлкен болса, отынның сапасы сонша жоғары. Нақты қондырғыларда нейтрондарды уран ядролары ғана емес, басқа бөлінбейтін ядроларда қарпуы мүмкін. Олардың қатарына, мысалы, баяулатқыш пен қондырғының әртүрлі құрылымдық элементтерінің ядролары жатады. Олардың әсерін баяулату барысында қарпуға ұшырамау р коэффициентімен ескереді. Ядролар тек баяу нейтрондардың ғана емес, әлі баяулап үлгермеген жылдам нейтрондардың әсерінен де бөлінеді. Ол бөлінуге қатысатын нейтрондардың санын көбейтеді. Оны  коэффициентін енгізу арқылы ескереді. Баяулаған нейтрондардың тек (жылулық нейтрондарды пайдалану коэффициенті) бөлігі ғана уран ядроларымен қарпылады. Сонымен, бір бөліну (6.16)
екінші реттік бөліну туғызады. Нақты қондырғыларды к-көбею коэффициентін анықтау үшін коэффициентін нейтрондардың қондырғының ішінде қалатындығының, яғни олардың ағып кетпейтіндігінің ықтималдылығына көбейту керек ., әрине қондырғының пішіні мен мөлшеріне тәуелді. Осыдан, көбею коэффициенті де осы шамаларға тәуелді. Қондырғының мөлшері кішірейсе оның сырт бетінің ауданының оның көлеміне қатынасы артады. Ал, одағы пайда болатын нейтрондардың саны оның көлеміне, ал одан ағып шығатын нейтрондардың саны сырт бетінің ауданына тәуелді. Осыдан қондырғының мөлшері кішірейсе,  ықтималдылығы, демек k көбею коэффициенті кемиді. Сөнбейтін тізбекті реакцияны қамтамасыз ететін, көбею коэффициентінің мәніне сәйкес келетін қондырғының ең кіші мөлшері сындық деп аталады. Сындық мөлшерге сәйкес келетін бөлінетін заттың ең кіші массасын сындық масса дейді. Сындық массаның мөлшері қондырғының пішіні мен құрылымына байланысты. Ядролардың нейтрондарды радиациялық қарпуы олардың бөлінуі турғысынан зиянды. Ол бөлінуге қатысатын нейтрондардың санын азайтады. Бірақ радиациялық қарпудың пайдасы да бар. Олар бағалы жаңа изотоптар алуға көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет