2.1.3. Өз бетімен шығару үшін есептер Ядролардың құрамы, радиусы, массасы, заряды 1. ядроларында протондар санын нейтрондар санымен, нейтрондар санын протондар санымен ауыстырған кездегі пайда болған айналық ядроларды, олардың атомдық нөмірін, массалық сандарын және химиялық символын анықтаңыз.
2. 1) Полоний ; 2) плутоний бейтарап атомдарының массасының қандай бөлігін оның электрондық қабықшасы құрайды.
3. литий изотопы атомының массасын біле отырып, литийдің бірзарядты ( )+, екізарядты ( )++ және үшзарядты ( )+++ иондарының m+, m++ және m+++ массаларын анықтаңыз.
4. Табиғи бордың атомдық массасы 10,811. Ол массалары 10,013 және 11,009 екі изотоптан тұрады. Изотоптардың пайыздық мөлшерін анықтаңыз.
5. изотопының ядросы түзілген кезде, массасының өзгерісі 0,2508·10-27 кг болса, онда изотоп ядросының mя массасы қандай?
6. литий изотопының ядросының құрылысы қандай?
7. және азот изотоптары ядроларының бір – бірінен айырмасы қандай?
8. Авогадро тұрақтысын пайдаланып, бейтарап 9Fe атомның массасын табыңыз.
9. Дейтрий мен полонийдің радиустарын есептеңіз.
10. Мына ядролардың құрамына кіретін протондар мен нейтрондар санын табу керек: 1) , 2) , 3)
11. Бейтарап көміртегі атомының массасының (m=19,9272·10-27 кг) қандай бөлігін оның электрондық қабықшасының массасы құрайды?
12. Мына ядролардың құрамына кіретін протондар мен нейтрондар санын табу керек: 1) , 2) , 3)
13. Ядроның радиусын Фм деп есептеп (мұндағы, А – оның массалық саны), ядроның тығыздығын, бірлік көлемге келетін ядроның нуклондар санын анықтаңыз.
14. Егер бейтарап литий атомының массасы 7,01601 м. а.б. болса, литий ядросының массасы қандай?
15. Бейтарап плутоний атомының массасының қандай бөлігін оның электрондық қабықшасы құрайды?
16. Мынадай ядролардың протондары мен нейтрондарының орындарын ауыстырған кездегі пайда болған ядролардың химиялық символдарын, атомдық нөмірлерін, массалық сандарын анықтаңыз.
17. Мына ядролардың диаметрлерін анықтаңыз: 1) , 2) , 3) .
18. Кобальт атомының көлемінің қандай бөлігін оның ядросының көлемі құрап тұр? Кобальттың тығыздығы 4500 кг/м3.
19. бордың екі ядросы, ядролардың диаметріндей ара қашықтыққа жақындады. Ядроның массасы мен заряды барлық көлеміне бірдей орналастырылған деп есептеп, гравитациялық тартылу күшін, кулондық тебілу және олардың қатынастарын анықтаңыз.
20. Егер массалық саны А болатын ядрода барлық нуклондар радиус шамасына тығыз орналасқан болса, онда 1 см3–тағы нуклондар санымен анықталатын, ядролық заттың тығыздығын анықтаңыз.
21. Ядродағы ядролық зат тығыздығын, нуклондардың концентрациясын және электр зарядының көлемдік тығыздығын бағалаңыз.
22. хром атомының массасын анықтаңыз.