1 аудиторлық Қызметтің теориялық негіздері


Аудиттің атқаратын функциясы



бет10/12
Дата11.05.2020
өлшемі71,4 Kb.
#67114
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
аудит посл

2.3 Аудиттің атқаратын функциясы
Аудит кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде, практикалық қызметте қаржылық есеп беруді тексеруді жүргізуде мынадай функцияларды орындайды:

  • эксперттік (сараптау);

  • аналитикалық,

  • ақыл- кеңестік (консалтингтік);

  • өндірістік.

Эксперттік қызмет қаржылық есеп беру элементтерін, кәсіпорында бухгалтерлік есептің және ішкі бақылау жағдайын кешендік тексеруді болжайды.

Аналитикалық қызмет қаржылық есеп берудің сараптау сияқты мақсатта жүзеге асырылады. Ұйымның қаржы жағдайына қаржылық есеп беруде көрсетілген оқиғаларды талдаусыз және болашаққа болжаусыз толық, обьективтік баға беру мүкмін емес. Аудит жүргізілетін ұйымның болашағын болжамдау осы күнгі аудиттің ажыратылмайтын бөлімі, оның нәтижесіне аудиторлық есептің атауы мен мазмұнына байланысты. Сондықтан аудиторлық есептің толықтығы мен дұрыстығы кешендік кезеңдік шаруашылық қызметті талдаумен расталынады.

Сонымен қатар, аудиторлық ұйымның қаржы жағдайын талдау арқылы бағалай отырып, оны жақсарту жөнінде кепілдемелер береді.

Консалтингтік қызмет – бұл бухгалтерлік есеп, салық салу, банктік іс, құқық, мүлікті бағалау және т.б.сұрақтары бойынша семинарлар, сабақтар, курстар жүргізу. Сонымен қатар, аудит жүргізілетін ұйымға ақыл-кеңес беру аудиттің барысында немесе кейбір келісім-шарт бойынша аудит процедураларына байланысты емес жүргізіледі.

Аудиттің өндірістік функциясы (қызметі) жұмыстардың мынадай түрлерін қамтиды:

а) ұйымның бухгалтерлік есебін қайта қалпына келтіру және жүргізу;

ә) есепті жөнге салу, алдыңғы қатарлы формалар мен әдістерді енгізу;

б) қаржылық есепті беруді толтыру;

в) корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша Деклорациялар толтыру;

г) ұйымның есептік саясатын құрастыру;

д) меншікті өнімдерін баспаға жарыққа шығару қызметі (ақыл-кеңестік проспектілер, кітапшалар, көп тиражбен шығарылатын буклеттер және т.б.);

е) комиссияда және соттарда ұйымның мүддесін ұсыну;

ж) адвокаттық қызметтен басқа заң қызметтері (11).

Қызметтің алдыңғы үш түрі кәсіпорында кейінгі екі жылға аудитті жүргізуді болдырмайды, себебі аудитор заңға сәйкес өзімен бухгалтер ретінде жүргізілген жұмысқа қорытынды (есеп) бере алмайды.

Сонымен, аудит эксперттік (сараптық), аналитикалық, ақыл-кеңес беру, өндірістік функцияларын атқарады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ақыл-кеңес беру функциясының рөлі өте зор. Өйткені, бұл елдерде аудиторлық қызметте ақыл-кеңес беру функциясы басым.



ҚОРЫТЫНДЫ

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялардыңзамын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.

Біздің республикамыздың қазіргі жағдайында зейнетақы мен жалақының дер кезінде берілмеуі аудиттік қызметті өте қажет етеді. Сондықтан да бізде зейнетақы қоры мен жалақы қорын құру, олардың дер кезінде жеке тұлғаларға берілуін қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте аудиттік қызмет игі ықпал ете алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет