1 аудиторлық Қызметтің теориялық негіздері



бет11/12
Дата11.05.2020
өлшемі71,4 Kb.
#67114
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
аудит посл

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында : «қойылатын мақсат – жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту. Осыған байланысты Үкіметке беретін тапсырмам: елде Мемлекеттік аудит енгізу тұжырымдамасын әзірлеп, келесі жылы Парламентке тиісті заң жобасын енгізу. Бізге мемлекеттік аудиттің ең озық әлемдік тәжірибесі негізінде кешенді жүйе құру қажет» деген тапсырма берген болатын (6).


«Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 609 қаулысы бекітілген (3).

Тұжырымдаманың міндеті – Қазақстан Республикасының экономикасында бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есеп беру және аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтиже дегеніміз, Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін жеделдету мақсатында бухгалтерлік есепке алу мен аудит жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын, оларды іске асыру жөніндегі нақты тетіктерді жасау, шетелдік инвестициялардың ағынын молайту, халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қор нарығын жандандыру.

Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оған сәйкес аудиторлық қызмет халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында аудит тапсырыс берушілеріне бухгалтерлік есептіліктің сенімділігін растайтын ресми аудиторлық қорытынды емес, сапалы аудит қажет. Сондықтан, аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын бақылау туралы мәселе төтенше маңызды.

Осыған байланысты, Концепцияның орта мерзімді перспективаға бағыт алуы аудиторлық қызметтер сапасын бақылауды күшейтуге қатысты және осы үшін негізгі күш білікті аудитті дамытуға жұмсалады.

Заңда аудит сапасын және аудиторлық мамандыққа қоғамдық сенімділікті арттыруға бағытталған шаралар кешені көзделген. Ең алдымен, аудитор мамандығын нығайту, оның өзін-өзі реттеуін дамыту, сондай-ақ аудиторлардың кәсіби біліктілігін арттыру туралы сөз болып отыр.

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді іске асыру шеңберінде негізгі назар аудиторларды дайындауға, оларды аттестаттауға және біліктілігін арттыруға, бірінші кезекте, білікті аудитормен расталуы тиіс қаржылық ақпаратты пайдаланушылар мүдделерін қорғауға, сондай-ақ аудит институтының жұмыс істеу негіздерін реттеуге аударылатын болады.

Аудиторлық мамандықты өздігінен реттеуді дамыту қазіргі таңда кәсіби қоғамдастықта белсенді талқылануда. Олар арқылы аудиторлық қызмет сапасына бақылау жүргізілетін өзін өзі реттейтін ұйымдарды нығайту және күшейту туралы мәселе қойылуда. Бірнеше кәсіби ұйымдар құру қажеттілігі туындайды, бұл, мәні жағынан, аудиторлық нарықты одан әрі дамыту үшін иінтірек болады.

Кәсіби ұйымдардың ұйымдар қызметіндегі маңызды нәрсе кәсіби қауымдастықты және қоғамды тұтастай алғанда толғандыратын мәселелер болуы тиіс: корпорациялық басқару, салық салу, халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына тиімді көшу жағдайы. Және осының барлығы өзін-өзі реттейтін кәсіби ұйымдар қызметінің саласына жатқызылуы тиіс. Осы үшін Заңда көптеген кәсіби аудиторлық ұйымдар құру көзделген, олар қолайлы бәсекелес ортаны құрады, бұл, өз кезегінде, кәсіпқойлықтың пропорциялық жағынан өсуіне және аудиторлық қызметтер сапасын арттыруға септігін тигізетін болады.

Аудитор мамандығын дамыту қоғамдық мүдделерге жауап беруі тиіс, онда бұрыш басына тікелей пайдаланушы мүддесін қою қажет және осы мақсатпен аудиторлардың өздерінің мүдделері шегінде оны жабық кеңістікте дамыту мүмкіндігін алып тастау қажет. Аудитор пайдаланушы алып жатқан ақпаратқа сенімді болу үшін жұмыс істейді. Бұл, былайша айтқанда, оның құқығын қорғау, кепілдік беру. Ал өз азаматтары құқығының сақталуына кепілдік беру – мемлекеттің нақты өлшемдер мен ережелерді анықтауы тиіс функциясының дәлі өзі. Егер кәсіби ұйымдар аудиторлардың кәсіби деңгейін тексерсе және жетілдірсе, онда мемлекет олардың заң нормалары мен жалпы ережелерді сақтауына жауапты. Мемлекеттік қадағалау осы үшін де қажет.

Бұл мәселенің жеткілікті үлкен мәні Қазақстан үшін ғана бар емес, ол әлемнің көптеген жетекші елдерінде маңызды түрде теориялық та, практикалық та жағынан дамыды. Аудиторлық тексеру нәтижелері көптеген экономикалық шешімдер негізі болып табылғандықтан, аудиторлық қызмет барлық елдерде жеткілікті дәрежеде қатаң реттеледі. Жақында АҚШ-та болған оқиғалар көрсеткендей, аудиторлық ұйымдардың қызметіне қатысты мемлекет тарапынан жеткіліксіз бақылау қор нарығының күйзелуіне әкеп соқтыра жаздады және бірқатар жетекші американ компанияларының акционерлеріне миллиардтаған залал келтірді.

Аудит жүйесін жетілдіру үшін орта мерзімді перспективаға арналған негізгі бағыттар:

- орта және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына ХАС оқытуды енгізу және оларды тәжірибеде пайдалану білу;

- кәсіби аудиторлық ұйымдармен аккредиттелген практикадан өтетін аудиторлардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру;

- аудиторлық қызмет мәселелері бойынша заңнаманың сақталуын мемлекеттік қадағалаудың тиімді жүйесі.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлай отырып, брифингтер, «дөңгелек үстелдер» өткізу арқылы аудиторлық мамандықтың мәртебесін арттыру жөнінде жұмыс жүргізу қажет. Ұқсас іс-шаралар жастарды қызықтыруға тартуға мүмкіндік береді, себебі қазіргі уақытта аудиторлық қызметтерді талап дүркін-дүркін өсуде, бұл тиісті персоналды іріктеудің кадрлық мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Аудитті жетілдіру жөнінде сипатталған шаралар аудиторлық кәсіпті одан әрі үдемелі дамытуға негіз құрайды. Бұл ретте, мемлекет тарапынан салмақты көзқарас мемлекет пен аудиторлық қауымдастық өзара іс-әрекеттерінде де, аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың өздерінің арасындаға өзара іс-әрекеттерінде де қажет тепе-теңдік деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, олар аудиторлық қызметті реттеу процесінетартылатын болады, бұл Қазақстан Республикасында аудиторлық мамандықты одан әрі оң дамытуға қызмет етеді (2).

Бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамыту өсіп және серпінді дамып келе жатқан мемлекет құруға маңызды жағдай болып табылады. Тұжырымдамада берілген орта мерзімді перспективаға арналған даму жөніндегі негізгі бағыттар бухгалтерлік және аудиторлық мамандықты одан әрі ұдайы қалыптастыру үшін негіз жасайды. Қазақстан нарығы мен қоғамды тұтастай дәйекті және сенімді қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететін кәсіп. Экономика және қоғам игілігіне жұмыс істейтін кәсіп. Концепцияны іске асыру қазақстан ұйымдарына халықаралық нарық мүмкіндігін толық шамада кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, осылайша ол өзінің бәсекеге қабілеттілігін артады, бұл Қазақстанның ДСҰ-ға толыққанды мүшесі болу қарсанында аса өзекті болып отыр (7).

Осы зерттеудің соңында, аудиторлық қызмет экономика саласына ауадай қажет екендігін дәлелдеді деуге толық негіз бар.



     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет