1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні Пәннің мақсаты мен міндеттері


Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі



бет3/5
Дата26.06.2018
өлшемі152,5 Kb.
#44748
1   2   3   4   5

1. Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі

2. Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары

      Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі: әдебиеттің басқа жанрыныа қарағанда  драм алық шығармаларды оқытудың  өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты болып келеді. «Пьеса, драма, комедия- әдебиеттің ең қиын формасы»,-дейді М.Горький. Себебі әдебиеттің проза, лирика жанрларында айтатын ой, кейіпкерлер іс-әрекеті, көрініс, сахна бірінші кезекте болады. Орыс сыншысы Белинский драма кейіпкерін «Өзіне ғана тән ерекшелік сипаты бар жеке адам»,- десе, ұлы Дидроның «Драма адам өміріндегі ең маңызды , өнегелі дейтін жұрқа қызықты ғана  жағдай бейнеленуі керек»- деуі осыдан туса керек. Драмада қаһарман бір мақсат үшін күреседі. Олардың іс-әрекеті шашырамай белгілі бір жүйеде, бір желіде, бір арнады өрбиді. Драмалық шығармаларды талдауды басатамас бұрын, драмалық шығармамен алдын-ала танысу керек.Ең негізгі басты тартыстар, шиеленістерді көрсететін акт, суреттерге ерекше көңіл бөлуге тиіс.Мысалы, Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясын оқу барысында  мынадай нұсқау ұсынуға болады:



  •  Трагедиядағы басты тартыстар, оқиғалар:

  •  Қарбайдың өлімі, ескі әдет-салт, оған қарсы жастар сезімі, махаббаты.

  •  Аяр, сұм, Жантық әлемі.Оның ішкі есебі. Қарабайға да, Қодар, Қозы-Баянға да құрған зұлым торы.

  •  Қара жүрек Қодар. Оның ақ махаббат алдындағы кешірілмес күнәсі. Малдың, топастықтың,, аяр азғырудың құрбаны болуы.

  •  Қозы мен Баян, олардың ақ сезімі, махаббаты, дала жауыздығы.

  •  Күнікей мен Мақпал.Олардың бойындағы дала тағдырына қарсы айбыны.

Сонымен қатар, оқушыларды іздендіретін, ойландыратын сұрақтар беру:

  1.  Қалай ойлайсыңдар, Қодардың Қозыны өлтіруінде тек өзі кінәлі ме, әлде Жантық кінасы одан асып түсіп жатыр ма ?

  2.  Трагедияда, әсіресе, өзіңе не ұнады, не ұнамады ? Ойыңды, пікіріңді дәлелді айтуға тырыс, т.б.

Талдау алдында оқушыларға әдеби теориялық ұғым берудің маңызы зор.Мысалы, осы драманы талдлау алдында драмалық шығармалар, оның түрлері (трагедия, комедия, пьеса, акт,көрініс, перде, сурет, ремарка, монолог, диалог, тартыс) туралы алғашқы ұғым беріледі. Талдау барысында, соңында нақты мысалдар арқылы бұл теориялық ұғым тереңдей түседі.

   Талдауды драмалық шығармаларды тыңдау, немесе содан көрініс көрсетуден бастаудың маңызы зор.Сондай-ақ, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында драманың жазылу тарихы, оны ойнаған әртістер туралы әңгімелеу, туынды туралы әдебиетшілер, сыншылар пікірі жазылған көрнекіліктепрді пайдалану тиімді болмақ.

   Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рөлге бөліп оқуға ерекше назар аударылады. Мәтіндіу осылай оқи отырып, сұрақ-жауап, проблемалық жағдаят тудыру, оны шешу, т.б, әдіс-тәсілдер арқылы талдау ары қарай жүргізіледі.

   Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары көп. Ол- әр мұғалімнің ізденісі, шеберлігіне де байланысты шығармашылық жұмыс. Дегенмен оның өзіне тән оқыту әдістері, сабақ түрлері болады. Концерт сабақтар, композициялық сабақтар түрі –драманы өтудегі тиімді сабақ түріне жатады.Драмалық шығарманы оқытудың барысын көрсетеін сабақ үлгісі:

Сабақтың негізгі элементі,мазмұны. Оқыту әдісі, сабақ формасы. Оқу жабдықтары,қосымша материалдара) Кіріспе. М.Әуезов- драматург. «Еңлік-Кебек» трагедиясы. Жазылу тарихы. Оқиғаның өмір шындығына құрылуы. Феодалдық тағылық пен адал таза махаббат.Трагедияның поэтикалық тіл шешендігі, автордың идеялық шешімі. Басты кейіпкерлер.Үйге тапсырма. Алдын-ала тапсырма беру. Сабақтың ең басты формасы- концерт-сабақ. Үйге практикалық, танымдық-іздендіру шілік тапсырмалар, проблемалық сипаттағы әңгімелеу, баяндау.Инсценировка, мәнерлеп оқу.Кітаппен жұмыс.Диалог құруРолге бөліп орындау.-кесте,плакаттар иллюстрациялар.Қосымша материал.М.Қаратаев «М.Әуезов-әдебиет мақтаны»   Альбом,кесте.Иллюстрациялар. Инсценировка.Күйтабақтан үзінді.«Нені білу керек» КестесіМәтін.Кесте.М.Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедиясы.

 Драмалық шығарманың көркемдігіне, жазушының эстетикалықтабысына ерекше назар аудара отырып, кейіпкерлердің терең сырлы монологтарын, диалогтарын, пьесаның тартысқа толы сюжетін талдай білу керек.



18-19Дәрістің тақырыбы: Лириканы оқыту.

1. Лириканы оқытудың заңдылығы

2. Абай өлеңдерін оқытудың ерекшелігі

Лириканы оқытудың өз заңдылығы бар. Оның интонациялық, синтаксистік, фонетикалық ерекшеліктері мәнерлеп оқу үстінде ашылады. Лириканы мәнерлеп оқу оның табиғатынан туындайды. Мәнерлеп оқудың өзіндік шарттары бар. Солардың бірі - кідіріс. Оның үш түрі бар:

Грамматикалық кідірістің (бұл кейде өлең аралық немесе тасымал кідірісі деп те аталады) эмоциялылығы жоғары. Бұған әр сөзді бөліп, ашық, түсінікті, тыныс белгілеріне орай кідіріп оқу жатады.

Логикалық кідіріс. Бұл - табиғи кідіріс. Мұнда шығарманың мән-мағынасына орай, сол шығарманың идеясын ашатын жекелеген создерге салмақ түсіріледі. Бүл кезде тыныс белгілеріне онша назар аударылмайды.

Психологиялық кідіріс. Мүнда жеке сөздерге, сөз тіркестері мен тармақтың әсеріне көбірек салмақ түсіріледі. Бұл кідіріс арқылы лирикадағы негізгі ой ашылады. Яғни, қуану, шаттану, толғаныс, өкіну, сағыну, кекету және басқа көңіл- күй беріледі.

Лириканың жекелеген компоненттерін таныту әдебиет сабағындағы басты мәселе. Оларға тақырып, идея, образ, композиция, сөз, тіл жатады. Ең алдымен лири-каның тақырыбы ашылады. Мәселен, Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жүртым» өлеңінің тақырыбы -үстем тап билеген замандағы өмір қайшылығы, ал идея-сы орта тартысының шындығын ашу, заман келбетін шынайы беру. Ел жүртының қамын ойлап, кем кетігін түгелдеудің жолын қарастырып, өмір шындығын бүрке-мелемей, ашық көрсеткен ақын ішкі жан дүниесін тол-қытқан, ашындырған мәселені жайып салады. Осы ойын беруде ақын қолданған амал-тәсілдерді айқындап, тіл өрнегін талдау керек.

Мәселен, Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескер-медім» (14жол) өлеңін талдап көрейік. Өлең мәтінін толық келтірейік.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Өлең мәнерлеп оқылғаннан кейін, мәні ашылады. Мәнерлеп оқыған кезде тиісті кідірістің түрлерін қолданамыз. Абайдың бұл өлеңі баяу, салмақты үнмен оқылады. Ақынның оқу-білімнен кеш қалып қойған-дағы өкініші кезінде психологиялың («жасымда ғылым бар деп ескермедім,

ержеткен соң түспеді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сермедім, бұл махрұм қылмағыма кім жазалы») кідіріс қажет. Оның құрылымы үш түйінді ойдан тұратындығы айтылады. Олар:

- ақын өкінішінің себебі (алты жол);

- баласын оқуға беру (төрт жол);

- өзі туралы (төрт жол).

Осыдан соң мынадай сұрақтар қойылып, өлең мәнін аша түсуге болады:

1.  Ақын неге өкініш етті?

2. Ақын баласын қандай оқуға берді?

3.  Ондағы мақсаты не?

4. Сол кездегі оқу туралы шектеулі түсінік қандай еді?

5. Аңынның оқуға насихаттағандағы мақсаты не?

6. Ақынның өзі туралы ойы қандай?

Өлең мәтініндегі «махрұм», «қызмет қылу», «шен алу», «қарасөзге дес бермеу», «басқа шауып төске өрлеу» деген сөздерге түсінік беріледі, мағынасы айқындалады. Жазушы М.Әуезовтің: «Көркемөнер - біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді» дегені еске түсіріледі. Әрбір көркем мөтін оқушының танымдық біліктілігін қалыптастырып, эстетикалық деңгейіне қозғау салады. Осы өлең арқылы жастар оқу-білімге деген көзқарасын, ғылымның мәнін, қоғамға, адамзатқа пайдалы болып, игілікті істер атқаратындай, азамат болу керектігін түйсінеді.

Осы ой Абайдың басқа да өлеңдерінде жалғасатындығы айтылады. Қазіргі кездегі «ғылым», «білім» сөздерінің мағынасы ашылып, оқу-білімнің пайдасы ұғындырылады.

Абай өлеңдерін оқытудың өз ерекшелігі бар. Олар шағын лирика ғана емес, көбісінде эпикалық сипат басым. Сондықтан Абай өлеңдерін оқуға үлкен дайындықпен кіріскен жөн. Ол үшін Абайдың өмірі, өскен ортасы туралы мәліметтерді кірістіріп, Абай жасаған заманның ерекшелігін түсіндіре кету керек. Осы тұста М.Әуезовтің «Абай жолынан» үзінділер келтіріп, оқушыларды көлемді шығарма оқуға дайындай беру керек. Мәселен, Абайдың шығармасына үлкен жаңалың қосатын өлеңі - «Интернатта оқып жүр». Бүл өлеңде сыншылдық та көп, қоғамы үшін жаны ашушылық та байқалады. Жаңа буынға басшы болған Абай патшаның билік жүйесіне терең сын айтады. Қазақ баласының ендігі талаптанатыны тек орыс оқуы болу керектігін Абай бұрын да айтқан. Алайда екі түрлі оқу бар: бірі патшаға қызмет қылатын шала оқу; екіншісі толық адам болуға бастайтын терең оқу. Ақын бірінші оқуға баратын баланың халқы үшін залалды адам болып шығатынын дәлелдейді. Абай жастарға «Сен арман еткен чиновник пен адвокаттарды Толстой, Салтыков Щедриндер қаншалыңты әшкерелегенін, сорақы кескіндерін әйгілеп бергендерін ойлаңдар!» дейді. Сөйтіп, Абай адам бойындағы қазынаның үлкені - білім екенін ескертіп, соған жетуге насихаттайды. Бүл тұста «Абай жолы» романындағы Абай мен орыс чинов-нигінің кітапханадағы кездесуін айтып кетуге болады.

Поэзия қай дәуірде де адамның көңіл күйін, буырқанған, шабыттанған, күш жігерге шақырып, қайраттанған, рухтанған, өмірлік мұраттарға ұмтылған сәттерін бейнелі, көркем суретпен бере алған. Халқымыздың азаттықты аңсауы тек найзамен келе бермеген. Елдің намысын қайрап, рухын көтеруге өлең жырдың да себі тиген. Алаштың қайраткер түлғасы М.Шоқай: « Ұлттың төуелсіздік - отаршыл озбырлардың езгісінен, талан-таржысынан атамекеніміз бен халқымызды құтқару болып табылады», - деген. Өткен дәуірдің тоқсаныншы жылдарының орта тұсынан былайғы жыр өлеңдер не-гізінен, тәуелсіздікті жырлап, еркіндік деген үғым жаңа идеялық көркемдік сапада жырлана бастады. Мысалы, ел мен жер, атамекен, тіл мен дін, мемлекеттік рәміздер секілді таңырыптар желі тартып, өзіне дейінгі поэзия-да орныңқан дөстүрлерді жалғастырды. Мәселен, Иран-Ғайып, С.Тұрғынбеков, К.Ахметова, Е.Раушанов, Ғ.Қайырбеков, И.Сапарбай жырларында елдің егемендікке қол жеткізген сәті тебірене жырланып, оның баянды болуына деген тілек аңсарлары көрінеді. Ақындар төуелсіздікті жырлаудың ғасырларға кеткен жалғастығын дәнекерлеп, жаңа көркемдік ізденістерге, тың тақырыптың арналарға, биік күрескерлік рухқа қадам жасайды

20-21  Дәріс тақырыбы: Көркем шығарманы оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану

1. Жалпы оқу үрдісінде «технологияландыру» мәселесі

2. Педагогикалык технология

Жалпы оқу үрдісінде «технологияландыру» мәселесінің XX ғасырда педагогика ғылымында бірнеше мәрте қарастырылып, әр түрлі қырынан зерттелуі. Ол сұрыпталған жаңа педагогикалық технологиялардың әрқайсысы - білім стандартында көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтастығын ұсынуы.  «Жаңа педагогикалық технология» терминінің шығу тарихы.

Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Жаңа педагогикалық технологияның заман талабына сай оқытудың белсенді әдістері. «Педагогикалық технология» үғымын техникалық құралдардың көмегімен оқыту және оны ғылыми тұрғыдан түсінуге байланысты пікірлердің әр түрлілігі. Қолданылатын технологияны  нәтижесін анықтаудың әдістері мен өлшемдері. Педагогикалық технология мәселесін қарастырған ғалымдар өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту деген мән-мазмұнын дамыта келіп, оны оқыту мен білім үрдісіне қатысты педагогикалық аспектіде қарастырып, әр түрлі анықтамалар беруі, олардың білім беру жүйесіндегі тиімді жақтары мен кері тигізетін ықпалы.

Педагогикалык технология - алдын-ала жоспарланған нәтижеге жеткізетін реттелген әрекеттер жүйесі екендігі. Оның ғылыми тұрғыдан негізделіп, мұғалімнің кәсіби біліктілігін жетілдіретін, оқыту межеленген түпкі нәтижеге жетуге кепілдік беретін іс-әрекеттер жиынтығы екендігі.                                                                                     

Педагогикалык технологияны қолдануға даярлықты қалыптастыру деңгейлері. Педагогикалык технология – білім сапасын арттырудың кепілі.

Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демакратияландыруға,оқушылардың өздігінен  бағыт бағдарын анықтап,дамуына, ең бастысы, өзін өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз.Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат: жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып отыр. Бұл жаңа оқулықтар мен дидиктикалық құралдардың ерекшелігі сол,олардың мазмұны қысқа мерзімде ешқандай биімдеусіз ақ компьютерге кіргізуге болады екен. Себебі, бұл құралдырадың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас.

Модул сөзінің этимологиялық мәні білімді қолданысқа, меңгеруге, ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады. Білімді, оқу материялын дидактикалық мақсатқа сай әр түрлі қалыпта (ақпарат блогі, пакет, түйіндер жүйесі, алгоритм, бағдарлама) ұсынуға болады. Модулмен оқыту – толық немесе жекелей түрде модуге негіздеген оқыту. Модул – іс–әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгіленген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, дағдының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы, яғни аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модулмен оқытудың негізгі құралы.

Н.Оралбаеваның, ФОразбаеваның, Қ.Жақсылықованың еңбектеріне сүйене отырып «Модулмен оқыту дегеніміз – қазақ тілінде өзара тілдік қатынасқа түсу дағдысы мен іскерлігін сапалы қалыптастыру мақсатында жұмсалатын мұғалім мен оқушының, оқушы мен оқушының, мұғалім мен сыныптың жасырын ішкі күші мен бірлескен әрекетінің белсенділігін арттыру нгізінде тілді сапалы оқыту жүйесі». деген анықтамасын ұстанамыз.

Дж. Рассельдің пайымдауынша, модуль бойынша оқушыларды оқыту мәселесін шешуде барлық сезімдік мүмкіншілік қолданылуы керек, өйткені оқытудың мультисенсорлық белсенділігі оқушының танымдық үрдісін арттырып, модульдік оқытуды ұйымдастырудың маңызды тәсілі болады. Бұл мәселе еліміз бойынша ілі шешілмей тұр, Тәжірибе модульдік бағдарламаны құрғанда оқытушының әрекетінде бірізділік болу керек екендігі анықталды,

  Бірінші қадам- бұл оқу курсын жүйе ретінде беру, яғни мазмұнды бастапқы құрылымдау. Екінші қадам бойынша курсқа технологиялық карта жасалынады, Үшінші қадам-модульдік бағдарламаны құру, оның бөліктері дидактикалық мақсат және модульдік бағдарламаның модульдері жиынтығы болады. Төртінші қадам- дидактикалық мақсаттарды бөлу болып табылады. Бесінші қадам- интеграцияланған дидактикалық мақсаттарды жекелік дидактикалықмақсаттарға бөлу және модуль құрайтын оқу элементтерінің мазмұнын қалыптастыру. Алтыншы қадам – модульдің өзін құру.

Тәжірибе модул арқылы оқыту оқытушыдан жоғары әдіскерлік шеберлікті, жоғары кәсіби деңгейді талап етеді.

Қазіргі заман ұстазы шәкірттерін адамзат бойындағы адамгершілік қасиеттерін, Отанын, туған жерін қастерлейтін азамат болуға қазақ тілін үйрете отырып тәрбиелейді. Жеке тұлғаға бағытталған технологияларды қолдана отырып оқытқанда ғана оқушы бойында жан-жақты дамыған тұлға қалыптасады. Әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап көрсетудің маңызы зор. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жеке тұлғаның дамуына ыңғайлы жағдай жасайтын, жақсы жақтарын құрамына енгізген бірден-бір технология –М.Жанпейісованың “ Модульдік оқыту технологиясы ”.

      Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру-ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкәндәк беретін тиімді жол болып табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері, қағидалары, белгілері бар. Тиімді белгілерінің бірі – оқушының оқу белсенділігі. Ол үшін әрқашан жағдай жасалып отырады. Белсенділік – жалпы жанды ағзаға тән қабілет. Жек тұлғаның белсенділігі шығармашылық әрекетінде.      

Модулдік оқыту әр түрлі мақсаттарға жету жолын көздейді: білім алушыға оқу әдісінің өзіне лайықты тәсілін қолдануды; оқушыға өзінің әлді, әлсіз жақтарын анықтап, модулдің түзету тәсілін пайдалана отырып көмектесуді; оқытудың түрлі формалары мен әрқилы әдістерін кіріктіруді; оқу материалының құрылған бірлігін икемді түрде пайдалануды; кәсіби іс-әрекет деңгейіне білім алушының жоғары дайындығы арқылы жетуді;  пәнаралық байланысты орнатып, мәселені жоғары оқу орнындағы арнайы кафедралар арасындағы өзара байланыстық арқылы шешуді; оқудың сапасына білім мен білікті жүйелеу арқылы жетуді және т.б.

Mодулдік оқытудың басты мақсаты-оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттегі қажеттіліканықтайтын икемді білім беретін құрылым құру

               Модулдік оқыту теориясының басты ұғымы модул ұғымы болып табылады. Модулдік оқытудың біраздан бері қолданып келе жатқанына қарамастан, оны түсінуде, оның мазмұн құрылымын түрлендіруге, оқыту әдістері мен түрлерін өндеуде әлі күнге дейін әр түрлі көзқарастар бар.

               Модулдің көптеген анықтамаларына қарамастан, олрдың барлығын үш түрлі бағытта топтастырып, жүйелеуге болады:

               - модул - біліктлік мінездемесінің талаптарын жауап беріп,мамандық бойынша оқу пәндерінің жиынтығын ұсынатын мемілекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлгісі;

              - модул – пәнаралық әдістемелік-ұйымдастыру құрылымы болып,әр түрлі оөу пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді және оқу үрдісінде пәнаралық қатынсты қамтамасыз етеді;

             - модул – бір ғана оқу пәнінің шнңберіндегі ұйымдасыру- әдітемелік құрылымының бірлігі.

              Біздің модулге берген анықтамамыз үшінші тәсілге саяды. Модул деп біз озіне дидактикалық мақсаттарды, оқу материалының логикалық аяқталган бірлігін(пәнішілік және пәнаралық байланыстар сақталған), әдістемелік нұсқауды (диалектикалық материалды қоса) және бақылау жүйесіне енетін оқу пәнінің дараланған ұйымдастыру-әдістемелік құрылымын түсінеміз.

 Оқытудың модулдік тәсілі  оқытудың мақсаты мен мазмұнын, танымдылық  белсенділікті басқару әдістерін өзгертуді қалайды.

Оқытудың мақсаты оқу-тірбие  үрдісінің барлық  бөліктерін бір жүйеге байланыстыратын басты дидактикалық  ұстаным болып табылады.

Мақсаттар маман даярлау жүйесінің барлық жалпы бағытын айқындайды.

 Модулдік оқытудың кәсіби білім беру жүйесінде кең түрде танымды болуын түсіну қиын емес, өйкені модулдік бағдарламалардың операциялық типі кәсіби  икемділікті қалыптастыруға бағытталған.

 Модулдік оқытудың құрамында дидактикалық мақсаттардың таксономиясының   жіктелуі деңгейіне қарай (кешенді,кіріктірілген дербес) және түрі жағынан (танымдылық және операциялық) жүйелеуді ұсынады.

Одан әрі кешенді мақсатқа сәйкес оқыту мазмұны қайта қарастырылады, кіріктірілген және дербес мақсаттар оның құрылымдығын және негіздемесін білім беру мазмұнын ұйымдастыру негізімен және   таңдап алу өлшемімен айқындайды.

Оқыту мазмұнынан таңдап алғаннан кейін сол мазмұнды жүйелеу мәселесі туындайды. Әсіресе, бұл оқу мазмұнын дербес модулдерге жіктеудегі модулдік  оөытуға байланысты.

Модулдік  оқытудың дидактикалық  жүйесі басқа да дидактикалық жүйелер  сияқты  оқытудың мақсаттарына сай жалпы-дидактикалық  ұстанымдар  мен  негіздеріне сүйеніп, оқу материалдарын  құрылымдауды меңзейді.  Модулдік бағдарламаларды  құрастыруда  әр түрлі тәсілдер байқалады.  Даралық модулдердің  мазмұна оқыту мазмұнын  құрылымдау ұстанымдарын  сақтай отырып жасалады және жинақы, әрі көрнекілік түрінде беріліп, дидактикалық материалдармен, ділгірлік  және қолданбалы    міндеттер мен қамтамасыз етілуі керек.

 Модулдердің қалыптасуы оқу мақсаты мен оқыту  мазмұнынан  ғана тұрмайды. Оқыту үрдісі-әлеуметтік үрдіс, онда ұстаздар мен оқушылар белсенді түрде ірекет етеді. Педагогикалық үрдісті басқару кезінде басқару нысанын анықтап алу ерекше орын алады.

Көптеген психологиялық-педагогикалық, дидактикалық зерттеулерде оқу іс-әрекетін басқарудын түрліше нұсқаулары талданып, қолдануға ұсынылған. Мысалы оқу үрдісін басқарудын жалпы кибернетикалық жүйесі негізге алынады.

 Модулдік оқытуда модул мен модулдік бағдарлама арқылы циклдік басқару жүзеге асырылады. Яғни басқарушы жүйенің басқарылуы жүйеге кері әсер ету үрдісі арқылы. Кері байланыс-модулдік оқытуда басқарудын басты құралы. Кері байланыстың іске асырылуы кері байланыстың мазмұнын ғана емес, меңгеру сапасының диагностикасын көрсететін модулдік бағдарламалар арқылы орындалады.

Жеке тұлғаның даму мақсаты жөнінде сөз болғанда тек қана кибернетика ұстанымына сүйенуді басшылыққа алған дұрыс емес. Басқарудың иерархиялық құрылым қағидасына сүйеніп, жүйенің әрекет етуінде басқарушы функцияларын оның жоғары бөліктері, ал жекелеген басқару әрекетінтөменгі бөліктері орындауы керек. Оқыту үрдісінде басқарудың иерархиялық жоғары бөлігі педагог, ал төменгі бөлігі оқытушы мен бақылаушы құрылғылар, оқушылардың өзін-өзі басқару әрекеті болады. Осы қағидаға байланысты модулдік оқытуда ұстаз өзінің басқару функциясының біраз бөлігін модулдік бағдарламаға береді де, бұл функциялар білім алушының өзін-өзі басқару функциясына ауысады.

 Сонымен, модулдік оқытуды кибернетикалық басқару тұрғысынан талдасақ, модулдік оқыту педагогикалық басқарудың қалыптасқан жүйесін сапалық жағынан өзгертеді.Ендеше модулдік оқыту жағдайында оқу үрдісін басқару мәлімт беру үрдісіне бағытталған циклдігімен, білім алушының өздігімен жұмыс істеуі және белсенділігін арттыратын өзін- өзі басқару мен басқарудың тиімді арақатынасын орнатуымен ерекшеленеді.

 Жаңа  технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория  - Л.С.Выготскийдің «оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірініші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады.

В. П. Бесполько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірініш деңгей - «міндетті, оқушылық», екінші – алгоритмдік, үшінші - эврестикалық, төртінші – шығармашылық.

Ендеше оқушылардың білім,білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар - әңгімелесуші оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәріптелері.

Әңгімелесуші – оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтамамен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу мысалдарымен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Дегенмен,оқушылардың өз бетімен білім алу үрдісі (басқаруға ынғайсыз) сыналып жүр. Сондағы айтатындары: оқушы өз кезінде өз білгенін істейді, оның іс әрекеті көбінесе қате болады» дейді Біздіңше, оқытудың жаңа технология жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық әс әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса,оқушыларды ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша  сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінеде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесіп отырып, жұмбақ,сөзжұмбақ,ребус, математикалық басқатырғыштыра сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде «үлгере алмай кейндеп қалып,өз ұүрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын өқушылармен қалай жұмыс әстейу қажет?» Бұл мәселеніңде оңды шешуң қарастырылған. Олар мыналар:



  •  Барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгрмеушілерге көметеседі;

  •  Сыныптың басқа оқушылары өздігнен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің үлгерімі тқмен оқушларға дербес көмектесуіне уақыты болады.

  •  Бұл қалайша жүзеге асырылады? Енді аз кем тоқталып өтейік.

 Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат сынып оқушыларының қабілет және қабілетсіз деп жасанда әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлі жіне дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыларға ізгілендіру ұстанымдары дасақталады. Сондай ақ деңгейлікоқыту барысында оқушыны бірінші деігейдегі тапсырманы дұрыс орындағаны есепке (зачет) алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан, «оқушылқ міндетті, яғни бірінші деңгейдің жұмысын оындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарына сай бірінші дейгейді толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай есепке алу (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар кем дегенде «оқушылық» деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын тәжірибеден байқап жүрміз. Өйткені алғашқы деңгейлік тапсырмаларын толық және дұрыс меңгерген оқушы  әрі қарай ілгері ұмтылады. Өзіне өзінің сенімі артады.

     Оқытудың топтық әдісінің алатын орны ерекше. Сыныптағы оқушыларды белсенділігіне қарай дамыта оқытқанда білім, таным деңгейіне, қабілетіне және ынтасына қарай топқа бөліп және  олардың бір топтан екінші топқа орын ауыстыруына, үздіксіз алға ұмтылуына ықпал етіп отырамын.

 1- топ. Дарынды оқушылар тобы. Бұл топтағы оқушылар әр деңгейлік оқытуда іс – әрекеттерді өз бетімен орындай алатындай дәрежеге және тез ойлай білуге жетілдірілген. Оқушылар теориялық материалдарға жалпылама талдау жасай отырып, өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізеді.

 2- топ. Үздік оқушылар тобы. Оқушылардың толық бағдарлама бойынша білімі бар, барлық анықтаманы біледі. Дарындыларға ұқсас, тек айырмашылығы өз бетінше жаңа тұжырым жасай алмайды.

3- топ. Жақсы оқитын оқушылар тобы. Оқушылардың бағдарламалық материал бойынша білімдері бар, бірақ үнемі дәлелдеп, қорытындылап, өз мысалдарын келтіре бермейді. Курс бойынша шығаратын есептердің негізгі тәсілдерін біледі, алайда жаңа жағдаятта өз бетінше шығармашылық пен ізденуді қажет ететін есептерді мұғалімнің көмегінсіз алып кете алмайды, есепті үнемі тиімді әдістермен шығара бермейді.

4- топ. Орташа оқитын оқушылар тобы. Оқушылардың үлгі бойынша және ұқсас жағдаятта қолдану үшін жеткілікті минимум білімі, дағдысы бар. Кең түсіндіруді, дәлелдуді қажет етпейтін сұрақтарға жауап береді. Бұл оқушыларға материалдың негізгі бөлігі оқытудың міндетті деңгейіндегі меңгеруге тиісті тапсырмалар беріледі және оқушыларға білім стандарты негізінде білім беру көзделген.

Бұл топтау әдісінің екінші түрін оқытуда жаңа педагогикалық технологияны пайдаланған кезде оқушылардың қабілеттеріне қарай топтап, дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде қолданған ыңғайлы.

Ойын элементтерін енгізу мақсатында әр командаларға ат қойып топтың жетекшісін сайлауға болады.

Білім, таным деңгейіне сәйкес топтап жүргізу тәсілінде оқушылар командалық жарысқа бейімделеді және әр команда өзімен қатарлас командадан қалып қоймау үшін үнемі дайындық үстінде жүреді.

 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы оқушылардың қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату, ой толғауды дамытады. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының анықтамасы бойынша «сөз ойлау не дамыту» деген мағынаны білдіреді. Оқушылардың практикалық әрекетте белсенді әрекетте болады.

Сын тұрғысынан ойлау стратеияларына жататындар: бағытталған оқу, хаттамаларының түрлері, кластер тұрғызу, кубиктер, мәтінді талдай отырып оқу, миға шабуыл, топтастыру, бес минуттық эссе, Венн диаграммасы, ой толғанысы, ой қозғалысы т.б. әдістер жатады. Оқытудың белсенді әдістері эвристикалық әңгіме, дөңгелек столы, пікірталас әдісі, сайыстар т.б.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету жеңіл емес. Дегенмен, СТО – ны дамытатын оқыту жағдайлары  мен әдістері бар. Келесі оқыту СТО – ны дамытуға әсер етеді. СТО тәжірибеде мүмкіндікпен уақыттың қажеттілігі, оқушының ойлауына рұқсат ету. Оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау пікірлерін дұрыс қалыптастыруға  көмектесу, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіреді. Оқушылардың біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айтуға, нақтылы шешуге үйрету.

 Топтастыру –  оқыту  стратегиясы оқушылады еркін және ашық ойлауға үйретеді. Ол ойлауды шыңдайтын идеяларды байланыстырып бірнеше құрлымнан тұрады. Бұл стратегияның түсіндірмесі мынадай: кілтті сөздерді ортаға жазу. Ол тақырып болуы да мүмкін, керекті уақыт өткеннен кейін жазылған пікірлерді топтастырамыз. Қателеріне көңіл бөлінбейді. Ешқандай шешім қабылданбайды.

 Бес жолдық өлең стратегиясы – ақпаратты жинақтау қабілеттігі, аз ғана сөзбен күрделі ойын, сезімін, үмітін білдіру. Бес жолдық өлең тақырыпты ашу керек, сондықтан ол ақпараттың талданған және материалдың аз сөзбен көп ойды білдіретінін талап етеді. Бұл стратегия мынадай жолдардан тұрады: Бірінші жол тақырыпты білдіретін бір сөз, екінші жол екі сөз, тақырып мазмұнына байланысты, үшінші жол үш сөз тақарып бойынша іс – әрекет, төртінші жол тақырыптағы сөзден тұрады, бесінші жол тақырыптың болмысын білдіретін синоним сөз.Кубизм стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін тақырыпты түрлі қырынан қарастыруға көмегін тигізеді. Кубизм стратегиясында ойлау, жазу, оқу әрекеті қатар жүреді. Шаршының 15-20 метр, әр бетінің аты және тапсырмаары болады. Кубиктің алты бетіне жазбаша не ауызша жауап беріледі. Әр оқушы кубикті лақтыру сұрақтарды оқып,  жауап береді.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет