1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні Пәннің мақсаты мен міндеттері


Дәрістің тақырыбы: Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және



бет5/5
Дата26.06.2018
өлшемі152,5 Kb.
#44748
1   2   3   4   5

29. Дәрістің тақырыбы: Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және

                                                   Сыныптан тыс жұмыстар



1. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері

2.

Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс  жұмыстарға ерекше  көңіл бөлінеді. Сыныптан тыс  жұмыстап оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады. Әдеби- шығармашылық үйірмелердің сонымен қатар «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты  фольклорға негізделген түрлері, әсіресе соңғы кездерде тәжірибеген енгізілген.  5-8 сыныптарда мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соны үйретеді.

Үйірменің тағы  бір түрі – мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабардар алады. Мысалы, Ғ. Мүсіреповтің, М.Әуезов драмаларын талқылаған кезде олардың туындыларынан шағын көрініс, монолог дайындалып, сабақта ұштастырылады. 5-8 сыныптар бойынша әдебиет үйірмелерімен бірлесе отырып «Алтын сақа», «Ер Төстік елінде» атты драма үйірмелері жүргізіледі.

Әдеби конференциялар тақырып бойынша жүйелі түрде өткізіледі.  

Сыныптан тыс оқу сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек. Оны әдебиеттегі сабақтардан мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткеізген жөн. Сабақ бойы сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты таптаурын әдістерден қашқан жөн. Әсіресе, 5 – 8 сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты, оқушыларды тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы, өтуі керек. Бір ізбен өтетін сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшаң – теңіз, себебі ондай сабақтар баланың кітапқа деген қызығушылығын тежейді, жояды. 5- 8 сыныптардағы сабақтан тыс оқудың ең басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабағы, жәрмеңке сабақ, композициялық сабақ, инсценировкалық сабақ, сабақ – викторина, саяхат сабағы, « Бізде ертегі кейіпкерлері қонақта » атты кездесу сабағы немесе « Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдаймыз! » атты әңгіме сабақтары, т.б сабақ түрлері әрлендіріп, балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз. 8 – 9 сыныптардағы сабақтан тыс оқулар.Оқу бағдарламасында бұл сыныптарда төңкерістен кейінгі әдебиет үлгілері ұсынылады. Бұл сыныптарда да сабақты түрлендіріп, жандандырып отыру керек. Мұнда да сабақты өтіліп жатқан шығармалармен байланыстыру, тақырып, жанр, проблемалық мәселелерге байланысты жүйелі түрде өткізу басшылыққа алынады. Семинар сабақтары, пікірталас сабақтар, реферат қорғау сабақтары сияқты сабақтың маңызды формалары негізге алынуы керек. Сондай – ақ бұл жоғары сыныптарда шетел әдебиетінің озық үлгілерін оқыту, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әлем, адамзат әдебиетінің асылдарын таныстыру мүмкіндігі мол. Көркем шығармаларды оқыту ғана емес, әдеби әдістер, дәстүр мен жаңашылдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктер, поэтикалық талдаулар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.Кабинетте, кітапханада жо,ары сыныптар үшін «Әлем әдебиетінің асылдары», «Адамзаттың Айтматовы» , «М.Әуезов әлемді аралып кетті» сияқты кітап көрмелерін ( көшпелі) жасап қоюға болады. Сондай – ақ осы кітап көрмесінің әр тақырыбына сабақ өткізу, оны баяндама, пікір, аннотация, дәріс оқу әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру тиімді болып келеді. Мысалы, «Адамзаттың Айтматовы» тақырыбын ( бір сабақ емес, бірнеше сабақ болуы мүмкін) конференция, семинар түрінде өткізуге болады.

30. Дәрістің тақырыбы:  Әдебиетті оқытудағы педагогикалық тәжірибенің ролі

1. Педагогикалық тәжірибе

2. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің талаптары

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады.

Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады. Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді.     Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады.

Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі.

Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады. Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері.

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы.



Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді. Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады.  

2. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын, әрі үрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен мүмкіншіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.       Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып сабақтарына қатысып,  олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары,   күнтізбелік-тақырыптық жоспар,  оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.3.Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды  болды.Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:•    білім мазмұнындағы инновация;•    оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;•    оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;•    мектептегі басқару жүйесіндегі инновация. Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:-    жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;-    модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;-    жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер. Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды .Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.Инновациялық процестің кезеңдері:•    иновацияның себептері;•    жаңалықты жобалау;•    жаңалықты жүзеге асыру.Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:•    мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;•    инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;•    бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;•    әлеуметтік-экономикалық жағдай;•    инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

Искать ещё по теме...

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

  1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылымы мен тәжірибесінің қазіргі жағдайына, қазақ әдебиеті әдістемесінің даму тарихына ғалым-әдіскерлердің сіңірген еңбегі мен қосқан үлестеріне тоқталу.

  2. Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуындағы үш кезеңді білу.

  3. Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі.

  4. Оқытудың ауызекі әдістері, көрнекілік, практикалық әдістері.

  5. Қайраткер ұстаздардың мұғалімдік тәжірибелері, озық өнегелері.

  6. Оқушылардың көркем шығарманы қабылдауының психологиялық ерекшеліктері.

  7. Әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды, олардың негізгі сипаттарын оқыту.

  8. Шығарма, мазмұндама жазу арқылы оқушының аналитикалық ойлау жүйесі қалыптасқандығы.

  9. Әдеби шығарманы талдаудың көп түрлілігі.

  10. Шығармаға жоспар жасау (жай және күрделі)

  11. Кіріспе сабақтардың ерекшеліктері.

  12. Оқушының мұғалім тапсырмасымен көркем шығарманы алғаш рет өз бетімен оқуының маңызы.

  13. Әдебиет сабағы және оның мектептік пәндер жүйесіндегі орны.

  14. Сыныптан тыс жұмыстар жүргізу жолдары.

  15. Әдебиетті оқытудың мектеп тәжірибесінде қалыптасқан әдіс-тәсілдерін жаңа технологиямен ұштастыра білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет