22-23.Дәрістің тақырыбы: Әдебиет сабағында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері.
1. XVIII ғасыр - қазақ поэзиясының кең өріс алуы
2. Жыраулар поэзиясын оқыту
Қазақ әдебиеті тарихын жеке бір дәуір аумағында ғана емес, қоғамдық дәуір эволюциясымен тұтастыра зерттеу әдеби процестің қалыптасу, даму заңдылықтарын толық ашып береді. Демек, әдебиет және мәдениет та-рихы халық тарихымен, әдеби процеспен тығыз әрі та-биғи байланыс түрғысында қарастырылуы керек. Әрбір халықтың өсіп-өніп, біртұтас халық ретінде дүниеге келуінің тарихи әлеуметтік, этногеографиялық, мөдени тілдік факторлары бар. Олар уақыт жағынан бірнеше ғасырлар нәтижесінде пайда болды. Міне, осындай үзақ жылдар ішінде біздің қоғамымызда алуан түрлі оқиғалар, өэгерістер болып жатады да, оның рухани не-месе мәдени тарихы да өзінің алғашқы бастауларын ғасырлар тереңінен алады.
XVIII ғасыр - қазақ поэзиясының кең өріс алып, біздің дөуірімізге молырақ жеткен кезі. Бүл дөуір поэзия-сының өзіне дейінгі поэзиядан бір ерекшелігі мүнда ерлік, елдік тақырыбы үндес жырланады.
XVIII ғасыр әдебиеті де қоғамда аласапыран өзгерістер заманында - Жоңғар шапқыншылығы өрістеп, қазақ халқының басына үлкен сын туып, Ресейге қосылу про-цесі жүре бастаған шақта өмірге келді. Бүл кезең ел ба-сына күн туған кезде ел қорғаны батырлардың, дуалы ауыз уәзшілер - ақын жыраулардың өмір кешкен дәуірі болды.
ХV-ХVШ ғасырлардағы поэзия - халқымыздың тарихын, тарихи тұлғаларымыздың өмірнамасын, ақын жыраулар шығармашылығының өзіне тән ерекшелігін, құрылысы мен тіл көркемдігін қалыптастырған кезең болды. Бүл дәуір мұрасын зерттеу «Ертедегі әдебиет 58 нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1970) жинақтарында керініс бере бастады. Өз дәуірінде Шоқан Уәлиханов жыраулар жайлы маңызды пікірлер айтты. XIX ғасырдың 70 жылдарынан Қазан төңкерісіне дейінгі аралықта бірқатар жыраулар туралы (Қазтуған, Шалкиіз, Досамбет, Шобан, Жиембет) әр түрлі мөліметтер белгілі бола бастады. Одан басқа ақын жыраулардың ңоғамдағы орны мен шығармашылығының ерекшеліктері жөнінде С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғүлан, Е.Ысмайылов, М.Мағауин т.б. ғалымдар зерттеулер жүргізді. Мәселен, М.Әуезов: «Жыраудың мақсаты не болса соны, көңілашар әлдене сөзді айту емес, Ол заман сынын, мезгіл, дөуір болжамын, тарихи оқиғаның мазмүнын, бағасын сөз қылады. Көбінесе, әрі жырау, әрі би болады», - дейді. Жырауда суырыпсалмалық, шешендік қасиет басым. Хан мен бидің алдында жыраудың беделі биік болады. Бұл дәуір өдебиетінде аңындық пен жыраулық поэзияның бір арнада дамығанын байқаймыз. Ақындық поэзияда тақырып ауқымы кең, лирикалық сипат басым болды. Ал, жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің алуан түрлі көріністері мен заманның бет-бағдарын сипаттайтын ой-болжамдары, толғану басым болды.
Қазақтағы жыр мен өлеңнің түр, мазмұн құрылысындағы айырым белгілерін алғаш таныған - Құрбанғали Халид. Ол ақын мен жыршыны жіктеп, ақынның шығармасын «өлең» деген.
Толғау әдебиетте өзіндік ерекшеліктерімен керініп, кене дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарма. Жыраулар қазақ поэзиясына оның негізгі бір жанры - толғауды әкелді. Толғау өзінің әуелгі сюжетсіз қалпы мен дидактикалық сипатын жалғастырып, өмір, тіршілік, жаратылыс, оның қүбылмалылығы туралы жырлайтын ерекшелігін тереңдете түсті. Мәселен, өз кезіндегі талай жорықтарға қатысқан ер де өр мінезді Ақтамберді жырау «Күлдір-күлдір кісінетіп» деген ұзақ толғауында қазақтың төл тіршілігіне тән әдет-дәстүрлерді тізбектейді:
Өзенге бие байлатып,
Төрткүлдеп ошақ қаздырып,
Төбе бие сойғызып,
Төменде бидің кеңесін,
Біз де кұрар ма екенбіз.
Барша жырауларға ортаң қасиет - ақыл, өсиет айту болса, бүл Аңтамбердіге де төн:
Ей, адамдар, шоралар,
Атты мінсең зорды мін,
Биік біткен теректей.
Қару алсаң, мылтық ал,
Қарның ашса, тамағың,
Жаяу жүрсең таяғың.
Бұқар жыраудың өмірі туралы айтқанда, оның өмір сүрген ортасы туралы ғана емес, зерттеушілер Б.Кенжебаев пен М.Мағауин жырау неліктен жас жасады, Қ.Мұхаметханүлы жас жасады дегенді неге сүйеніп айтқандары туралы мөлімет бере кеткен жөн. І.Есенберлиннің «Кешпенділерінде»: «Бұқар үзын бойлы, қапсағай денелі, шоқша сақалды, еңселі адам еді. Ол ата бабаларымыздың көкейлерінде қалған армандарын кейінгі ұрпақңа жеткізіп отырған. Халқымыздың жырауларды төбесіне көтере құрмет тұтатын себебі осы болса керек. Бұқар да сондай құрметтілерінің бірі, «көмекей өулие» атанған, - деп жазуы оның ерекше адам екенін білдіреді. Бұқар жырау туралы өдебиет тарихында өр қилы пікірлердің болғаны, алғаш жырау туралы құнды пікірлер айтып, оң баға берген, оқулыққа енгізген М. Әуезов екенін студенттердің есіне сала кеткеніміз жен. Бұқар жырау халңының елдігін, ерлігін жырға ңосып, «Ей, Абылай, Абылай», «Садыр қайда барасың» деген толғауларында елдің бірлігін жоғары қойған. Жырау толғаған мәселелердің көбінде Абылай есімін атап, кейде сынаса («сен он бір жасыңда, әшейін ғана ұл едің, Әбілмөмбет төренің түйесін баққан құл едің»), кейде дөріптеп («...елу жасқа келгенде, үш жүздің басын бір кезеңге тіредің») отырған. Бұқар ұғымында хан деп көтермелеу, қара деп кемсіту жоқ. Жырау толғауларының дені кейінгіге үлгі боларлың өсиет насихатқа, ақыл кеңеске толы. «Ай не болар күннен соң», «Жар басына қонбаңыз», «Көкте бұлт сөгілсе», «Жал құйрығы қаба деп», «Жиырма деген жасыңыз», «Асқар таудың өлгені» деген толғауарында емірдің өткіншілігін, адамдық пен адалдың, жақсылық пен жамандық, дос пен ңас туралы ойларын ортаға салады. Өмір қүбылыстарына терең ой жүгіртіп, кең де мағыналы тұжырым жасайды.
Бірыңғай импровизация дәстүрінде туып, егіз өрілген ақындық пен жыраулың поэзияның өзіндік өзгешеліктері бар. Аңындық поэзияда тақырып ауқымы кеңдігімен қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болады. Осы ерекшеліктерді зерттеуші М.Әуезов жырауға қатысты нақтылай түседі: «Жырау демек ақын емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Ол заман сынын, дәуір болжамын, тарихи оқиғаның мазмұнын, бағасын сөз етеді. Ал, аңындық дарынның орекшелігін ғалым Е.Ысмайылов: «Аңын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны тек өзінің ой-өрісі дәржесінде та-ниды. Әрі оның сезінуі, сезгенін ңабылдауы шапшаң, тез осер алады. Алған әсері жөнінде ұғымын есте саңтауы да күшті, тұрақты. Аңын естігенін де, көргенін де тез қабылдап, жылдам жырлап, қас қағым сәтте өлеңге айналдыра біледі» дейді. Бұл мәселеде М.Мағауиннің «Қобыз сарыны», Қ.Сыдиқовтың «Ақын-жыраулар», Е.Тұрсыновтың «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы екілдері», Ә.Дербісәлиннің «Дәстүр мен жалғастық» еңбектерін атауға болады.
Көтеш - ақындар поэзиясының түңғышы, ақпа ақын. Ол көдімгі қара өлең, қайым өлең үлгісінде шығарған. Өмір сүрген кезеңі жоңғар шапқыншылығына тұспа-тұс келген ақын халық қайғысын көріп, оны өлеңдерінде өрнектей білген. Көтеш ақынның өлеңдерін жинастырған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің айтуынша, оның ақын ретінде алғаш танылуы Абылай алдында болса керек. Ел жадында сақталған «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» деп басталатын толғауын айтуы, І.Есенберлиннің «Жанталас» романында келтірілген. Көтеш импровизатор ақын. Оның «Қойым-ау, кел, қойсаңшы Өзенге бие байлатып, Төрткілдеп ошақ қаздырып, Төбе бие сойғызып, Төменде бидің кеңесін, Біз де кұрар ма екенбіз.
Барша жырауларға ортақ қасиет - ақыл, өсиет айту болса, бұл Ақтамбердіге де тән:
Ей, адамдар, шоралар, Атты мінсең зорды мін, Биік біткен теректей. Қару алсаң, мылтық ал, Қарның ашса, тамағың, Жаяу жүрсең таяғың.
Бұхар жыраудың өмірі туралы айтқанда, оның өмір сүрген ортасы туралы ғана емес, зерттеушілер Б.Кенжебаев пен М.Мағауин жырау неліктен жас жасады, Қ.Мұхаметханұлы жас жасады дегенді неге сүйеніп айтқандары туралы мәлімет бере кеткен жөн. І.Есенберлиннің «Кешпенділерінде»: «Бұқар ұзын бойлы, қапсағай денелі, шоқша сақалды, еңселі адам еді. Ол ата бабаларымыздың көкейлерінде қалған армандарын кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Халқымыздың жырауларды төбесіне көтере құрмет тұтатын себебі осы болса керек. Бұқар да сондай құрметтілерің бірі, «кемекей өулие» атанған», - деп жазуы оның ерекше адам екенін білдіреді. Бүқар жырау туралы әдебиет тарихында әр қилы пікірлердің болғаны, алғаш жырау туралы құнды пікірлер айтып, оң баға берген, оқулыққа енгізген М. Әуезов екенін студенттердің есіне сала кеткеніміз жөн. Бұқар жырау халқының елдігін, ерлігін жырға қосып, «Ей, Абылай, Абылай», «Садыр қайда барасың» деген толғауларында елдің бірлігін жоғары қойған. Жырау толғаған мәселелердің көбінде Абылай есімін атап, кейде сынаса («сен он бір жасыңда, әшейін ғана ұл едің, Әбілмөмбет төренің түйесін баққан құл едің»), кейде дөріптеп («...елу жасқа келгенде, үш жүздің басын бір кезеңге тіредің») отырған. Бұқар ұғымында хан деп көтермелеу, қара деп кемсіту жоқ. Жырау толғауларының дені кейінгіге үлгі боларлық өсиет насихатқа, ақыл кеңеске толы. «Ай не болар күннен соң», «Жар басына қонбаңыз», «Көкте бұлт сөгілсе», «Жал құйрығы қаба деп», «Жиырма деген жасыңыз», «Асқар таудың өлгені» деген толғауларында өмірдің өткіншілігін, адамдық пен адалдың, жақсылық пен жамандың, дос пен қас туралы ойларын ортаға салады. Өмір құбылыстарына терең ой жүгіртіп, кең де мағыналы тұжырым жасайды.
Бірыңғай импровизация дәстүрінде туып, егіз өрілген ақындық пен жыраулық поэзияның өзіндік өзгешеліктері бар. Ақындық поэзияда тақырып ауқымы кеңдігімен қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болады. Осы ерекшеліктерді зерттеуші М.Әуезов жырауға қатысты нақтылай түседі: «Жырау демек ақын емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Ол заман сынын, дәуір болжамын, тарихи оқиғаның мазмүнын, бағасын сөз етеді. Ал, ақындық дарынның ерекшелігін ғалым Е.Ысмайылов: «Ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны тек өзінің ой-өрісі дәрежесінде таниды. Әрі оның сезінуі, сезгенін қабылдауы шапшаң, тез ә алады. Алған әсері жөнінде үғымын есте саңтауы да күшті, түрақты. Ақын естігенін де, көргенін де тез қабылдап, жылдам жырлап, қас қағым сәтте өлеңге айналдыра біледі» дейді. Бұл мәселеде М.Мағауиннің «Қобыз сарыны», Қ.Сыздықовтың «Ақын-жыраулар», Е.Тұрсыновтың «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері», Ә.Дербісәлиннің «Дәстүр мен жалғастық» еңбектерін атауға болады.
Зерттеуші Ш.Уәлиханов Шал (Тілеуеке) ақынды эпик ретінде танып, «менің бабам Абылайдың замандасы -Шал ақынның жырлары өте тамаша, бірақ оны білушілер аз», - дейді. Шал мұралары бізге мол жеткен. Шы-ғармаларының таңырыптары да алуан түрлі. Ақын өлеңдеріне өмір тәжірибесін жинақтаған салмақты ой, терең тұжырым, түйінді тәлім тән. Ақын өлеңдерін топтайтын болсақ: а) өсиет; ә) сын-сықақ; б) адамгершілік, білім, тәлім тәрбие; в) арнау; г) сөз қағыстары. Ақын айтайын дегенін дөп айтып, ңарапайым, шыншыл жеткізеді. Соның өзінде халыңтың маңал-мәтелдерге іргелес тұрған өрнектерді табамыз. Мәселен:
Білімің болса дағы ұшан теңіз,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей,
немесе
Ғибрат ал жақсылардан жақын жүріп,
Қаша гөр, жамандықтан аулақ беттей.
Ақын тәрбиеге үлкен мән берген. Ұл мен қыз төрбиесімің ерекшеліктерін еске салып: «қыз он беске келгенде, жақсы мен жаманды айырады», «жігіттің жақсысы сегіз қырлы, бір сырлы болады» дейді. Ақын өлеңдерін-де тұспал, меңзеу аз, ойы анық, дөл. Жігітке, қызға, әйелге өлең арнай отырып, олардың түрлеріне сипаттама береді. Мәселен, «бір жігіт бар - құр жан, бір жігіт бар - тірі жан, бір жігіт бар - жігіт жан» дей келе, қолынан ештеңе келмейтін құр жан болудан, бар тапқанын асы мен киіміне жұмсап, берекесіз тірлікпен айналысқан тірі жан болудан саңтандырып, өмірге икемді, өнерлі болуға үндейді. Осыған үндес ойлары қыздарға, келіндерге, әйелдерге арнауында да кездеседі. Шал ақын - тұрмыстық мәселелерден бастап, өмірлік терең жайттарды қозғаған ақын.
Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың негізгі құралы. Оқу бағдарламиасында оқушыларлдың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген.Осы материалдар ерекшелігіне байланысты әдебиет теорисы ұғымдарына түсінік беріліп отырады.Төмендегіде жүйеде әдеби-теориялық ұғым беруге болады деп есептейміз:
І. 5 сынып.
Халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша түсінік.
Ауыз әдебиетіннің негізгі жанрлары: мақал,мәтел, жұмбақ, батырлар жыры, ертегілер, туралы ұғым.
Мысал жанры.
Өлең, оның өзіндік ерекшелігі, құрылысы жайында кіріспе.
Әңгіме жанры. Сюжет, эпизод туралы.
Лирика, табиғат лирикасы.
Гипербола, эпитет, теңеу, кейіптеу.
Көркем шығарманың тақырыбы туралы.
Монолог, повесть, баллада туралы.
ІІ. 6 сынып.
Шыншыл ертегілер, аңыз әңгімелер.
Өлең құрылысы, ұйқас түрлері.
Суреттеу, баяндау, әңгімелеу, композиция туралы түсінік.
Өмірбаяндық әңгіме жанры.
Сюжетті өлеңдер туралы түсінік.
Теңеу, эпитет, метафора туралы.
ІІІ. 7 сынып.
Батырлар жыры туралы ұғымдарын кеңейту.
Оптимизм, романтика, риторикалық сұрақтар, аллитерация, ассонанс туралы түсінік.
Табиғат лирикасы туралы білімдерін кеңейту.
Ирония, с атира, эпитеттің ұлғайған түрі,антитеза жайында хабар беру.
Әдеби бағыттар. Реализм туралы алғашқы ұғым.
Пукблицистика жанры, көркем шығарм а тілі, поэтикалық тіл туралы түсінік.
«Суреткер ақын», «Лирик ақын» ұғымына түсінік беру.
ІҮ. 8 сынып.
Поэма туралы.
Сюжет, композиция, көркем шығарма, тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері туралы түсініктерін кеңейту.
Тип, прототип туралы.
Ұйқас түрлері.
Шешендік сұрау, шешендік лептеулер, анафора мен эпифора туралы.
Драмалық шығармалар туралы алғашқы түсінік.
Ү. 9 сынып.
Фольклор туралы түсінік.
Гипербола, тұрақты эпитет, әдебиеттегі типтілік.
Айтыс, импровизация туралы.
Жыршы, жырау, ақын, толғау, афоризм туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Дәстүр мен жаңкашылдық, реализм, романтизм, әдебиеттегі бағыттар, әдеби ағымдар жайында хабар беру.
Тропа, фигуралар алған білімдкерін тереңдекту ( ассонанс, аллитерация, эпитет, метафора, антитеза, әдеби шығармалоардың көркем тілі.)
Поэзиядағы оптимистік сарын, элегиялық сарын, әдеби характер, әдеби тип, лирикалық шегіністер туралы ұғым.
Сын-зерттеу еңбектері, сценарий, либретто туралы алғашқы ұғымдар.
ҮІ. 10 сынып.
Әдебиеттегі демократтық, ағартушылық бағыт, сыншыл реализм.
Эпистолярлық жанр, публицистика, ғылыми мақалалар туралы.
Шоқантану, Абайтану, фольклорист, азамат ақын туралы ұғым.
Аударма, мысал жанры туралы түсініктерін кеңейту.
Саяси-әлеуметтік, махаббат, достық, философиялық, элегиялық, лирикалық шығармалар.
Әдебиеттің халықтығы.Жаңашылдық, ақын-жазушы стилі, философиялық трактаттар, қарасөздер туралы.
Роман жанры, өлеңмен жазылған роман, өмірбаяндық романдар, журналаитика, естеліктер,, романтикалық поэма, әдебиет теориясы туралы очерк, фельетон жайындағы ұғымдар.
Әнші-композитор туралы, психолог ақын жайында.
Лирикалық кепйіпкер, типтік бейне, сатира, аллегория, сюжеттік өлеңдер туралы.
Ұйқас түрлекрі, өлең құрылысындағы жаңашылдық.
ҮІІ. 11 с ынып.
Төңкерістен кейінгі әдеби ағымдар (символизм, футуризм, т.б)
Поэтикалық әдебиет және реализм туралы.
Новелла, баллада, эпопея, тарихи романдар, драматургиядағы тартыс пен характер, трагедия, комедия жанры, суреткердің даралық стилі, шеберлігі, лиро-эпикалық поэмалар,, трагедиялық образдар.
Тип, протатип, көркем шығармадағы деталь, штрих, псевдоним, очерк, фельетон, роман жанрындағы сюжет пен композиция, қара сөзбен жазылған поэма, тарихи тақырыптар, ұлттық тақырыптар, әдебиеттер достығы, халықтық сипаты, дәстүр мен жаңашылдық ұғымдарын кеңейту.
Портрет-эссе, роман-диалог, трилогия, деректі әңгімелер.
Әдебиеттегі көркем шындық, тарихи шындық, көркем бейне, стиль мен әдістер, авторлық тұжырым, әдебиеттің тегі мен түрі, өлең құрылысы, өлшемі туралы.
Қай сыныпта болмасын әдеби -теориялық ұғымдар көркем шығарма негізінде, онымен тығыз байланыста түсіндіріледі.
24-25. Дәрістің тақырыбы: Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары
1. Тіл дамыту жұмыстарының түрлері
2. Тіл дамыту жұмыстарын басқа сабақтармен байланыстырып жүргізу
Оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттыруда пікірталас, айтыс сабақтары, баспасөз конференциялары, брифинг, көзқарас сабақтарының маңызы ерекше.Ал, жазбаша тіл дамытуда реферат қорғау, конференция, семинар-сабақтарының орны ерекше.Мысалы, 8 сыныпта М.Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасын» оқып болған соң, қорытынды ретінде «Билер соты» сабағын өткізуге болады. Сот бас қылмыстылар- Сәлмен мен Жарасбайға жүргізіледі. Ақтаушы, айыптаушы, куәлер, билер, төбе билер сайланады. Олардың сөздері мақал-мәтелдерге, термелеп айтатын сөздерге құрылады. Сондай-ақ, кімнің сөзі болса да, шығармадан алынады, соны негіз етеді.Мысалы, куә Бақтығұл:
«Қайран, тектім-ай, алпамсадай арысым едің...Кескен теректей құладың ғой, қу жоқшылық бір құлатты, кегің кетті, соққы мазағына ұшыратты, дертке шалдықтыртты, керек десе лақ құрлы қалжа да бермеді ғой. Жылқының шетінде інім Тектіғұл өтті, әйелім Қатила саралаетек күң болып, отыңмен кіріп, күліңмен шықты..»
Мұндағы оқушыға таныс емес қалжа, саралаетек,күң деген сөздерге түсінік беруге болады.
Ізденгіш мұғалім тіл дамытуды оқушыға жеңіл, қызықты әдіс-тәсілдермен өткізеді.Тіл дамыту жұмыстары көбіне мәтінмен жұмыс түрінде жүргізіледі. Сабақ барысында меңгерілмей қалған кейбір мәселелерді осы сәтте талддауға болады. Мысалы, майлы бояумен салынған көркем суретті көрнекілік ретінде қолданып, күз туралы өлеңмен салыстыра сабақ жүргізуге болады. Бұл сабақ- сабақ-гармония деп аталады. Мұғалім күз суреті бойынша оқушыларға бірнеше тапсырмалар берді:
а) Сурет бойынша күз көріністеріне суреттеме беру.Мына сөздерді пайдалану: алтындай жарқырап, сары нұрға бөленіп.
ә) Сурет пен өлеңді салыстыру.
б) Сурет бояуы мен өлеңдегі көркемдегіш, бейнелі сөздердің ұқсастығы бар ма?
Осы сабақ арқылы оқушылардың тіл байлығын дамытуға болады. Олардың әрқайсысы өз ойларын көркемдеп жеткізуге тырысады. Ақын суреттеген күз бейнесінен де өзгеше теңеулер табуға тырысады.
Ал, І.Жансүгіровтың «Күй», «Күйші» поэмаларын өткенде музыка пәнінің мұғалімімен бірлесіп, тіл дамыту жүргізу тиімді. Поэмада аты атлып, сөзбен кестеленген күйлерді күйтабақтан тыңдап, әрі ақын суреттемесін оқып, мынадай жұмыстар жүргізуге болады:
Осы күйден не ұқтың, қандай әсер алдың ? Сол туралы шағын пікір-толғау айт немесе шағын эссе жаз.
Ілияс музыка тілін көркем сөзбен жеткізе білген бе ? Ойыңды поэмадан үзінді алып, дәлелде.
Поэмадан күйді сипаттайтын образды, көркем сөздерді тауып,, олардың күй тілін жеткізудегі орны, маңызы туралы қысқаша тұжырымда.
Тіл дамыту жұмыстарын сондай-ақ биология, тарих, т.б сабақтармен байланыстырып жүргізуге болады.
26-27- Дәрістің тақырыбы: Жазба жұмыстар арқылы тіл дамыту
1. Шығарма жұмыстары түрлері
2. Жоспар құру
Мектепте ең көп тараған, тәжірибеде жиі пайдаланылатын жазба жұмыстарының, ішінде күрделісі де шығарма жұмыстары болып табылады. Шығарма жұмыстарының ең басты мақсаттары мыналар:
Бала білімін бақылау, білім деңгейін тексеру.
Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу.
Ойдау еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірлерін салыстыру, қортынды жасай білуге дағдыландыру.
Оқушылардың қабілеті, дарындарына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.
«Шығарма » деген сөздің негізінде «шығару» ұғымы жатады. (яғни, ойдан шығару. Ойлап шығару). Қарастырылатын мәселе, жазатын тақырып біреу болса да, әр оқушы оны өзінше жазады. Яғни тілі, пікірі, қортындысы сол көркем туынды, не кейіпкерлерді қабылдау дәрежесіне байланысты. Шығармаға қойылатын негізгі талаптарды «Жазба жұмыстарына байланысты нұсқаулар» деген атпен жазып қоюдың тиімділігі зор.
Үлгіні басшылыққа алу, қате жібермей жазуға талаптандыру. 5-6 сыныптарда шағын шығарма-суреттеме, шығарма-сипаттама, шығарма - кескіндеме, шығарма- мүсіндеме, шығарма- бейнелеме жаздыруға болады. 5-7 сыныптарда өздері оқып жатқан көркем туындылардың жанрына байланысты жазуына болады. Біріншіден бұндай шығармалар балардың дүниетанымын, білімін кеңейтеді, екіншіден қабілеті, дарынына әсер етеді.Үшіншіден, көркем тілін дамытады. 5-6 сыныптарда образға немесе поэтикалық тілге, себебі, олардың әдеби туындыларды талдауды талап ететін шығармаларға шамасы келмейді. Оларға талдаудан гөрі әсерін білдіретін тақырыптар беру тиімді болмақ.
Ғалым- әдіскерлер, ізденімпаз мұғалімдер іс- тәжірибесі бойынша шығармаларды мынандай түрлерге бөлуге болады:
1. Публицистикалық шығармалар. Оған очерк, фельетон, мақалалар, пікірлер жаздыру жатады.
2. Шығармашылық бағыттағы шығармаларға әңгіме, инценировка, өлеңдер жаздыру жатады.
3. Ғылыми зерттеу сипатындағы шығармалар. Оған реферат, ғылыми сипаттағы мақала, еннотация, әдеби шолулар, пікірлер жатады.
4. Әдеби тақырыптарды қамтыған, білім дәрежесін, тіл байлығын тексеруге арналған шығармалар.
Дайындық жұмысынан кейін жоспар бойынша шығармашылық жұмысына кіріседі. Мазмұндамаға бөлінген уақыттың көпшілігі осы кезеңге беріледі. Оқытушы жазба жұмысы тақырыбына, мазмұнына, баяндау стиліне, оқиғасына байланысты талдау жүргізеді. Сөздердің, сөйлем түрлерінің байланысы ескеріліп отырады. Оқытушы талданатын жайттарды алдын ала жинақтап алады. Тіл уйренушілердің жіберген қателерін топтап, келешекте болдырмау шараларын жүргізеді. Мазмұндама жұмыстарын талдау жазу жұмысының аяқталған кезеңі. Мұнда жазба жұмысының қандай дәрежеде орындалғанына баға беріліп қорытындыланады. Мазмұндамамен жұмыс істеу кезеңдері шартты түрде берілген. Мазмұндаманы дайындауға және орындауға мүмкіндік берілген уақытқа, сабақтың мақсатына, мәтіннің ерекшеліктеріне қарай кейбір кезеңдерге уақыт көбірек берілсе, басқаларына қысқартылып беріледі. Бір сабақта материалдың көлемі мәтінді талдауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан мазмұндама жазу алдында бірнеше күн бұрын дайындық үргізу тиімді. Алдын ала орындалатын жаттығуларда қиын орфограммалар талданады, сөздердің жазылуы, сөйлем құрау үлгілері түсіндіріледі. Сонымен, мазмұндама сөйлеу жаттығуларының өте ұтымды түрі. Мазмұндама сөйлеуге, ойын екінші тілде білдіруге жаттықтырады. Сондықтан тіл үйренуші зер салып тыңдай, білуге, айтылған ойдың негізін аңғаруға, естігенін, оқығанын өз сөзімен баяндап, әңгімелеп беруге және оларды ықшамдап жаза білуге үйрету жазылым әрекеті арқылы сөйлеу тілін қалыптастырудың негізі.
28. Дәрістің тақырыбы: Әдебиет сабағының көрнекілігі
1. Көрнекіліктің тиімділігі
2.
Сабақта көрнекілік пайдаланудың тиімділігін педагог- ғалымдар, әдіскерлерде, педагог- практиктер де күнделікті тәжірибе арқылы дәлелдеп келеді. Көрнекіліктің тиімділігі мынада:
1.Көрнекілік білім мазмұнын байыта түседі.
2.Есту арқылы алған білім көру арқылы бекіте түседі.
3.Көрнекіліктер оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырады, ойлау, таным белсенділіктерін, көркем тілін дамытады.
4.Эмоциясына әсер етеді.
5.Алған білімдерін практикада жүзеге асыруға жетелейді.
Суретті картиналарды пайдалану оқушылардың көркем тілін дамытады, көркемөнерді түсінуге, әдемілікке тәрбиелейді. Көркем суретті, графикалық материалдар, үнтаспа жазулары, күйтабақтар, радио- телехабарлар, оқу фильмдері, кино фрагменттер, телесабақтарды көру, есту процесіне байланысты бірнеше түрге жіктеуге болады. Көруге негізделген көрнекіліктерге бейнелеу өнерінің туындылары мүсін, сәулет,өнерінің шығармалары,графикалық материалдар, портрет, макеттер, альбомдар жатады.Естуге негізделген көрнекіліктерге ақын- жазушылардың даусы, шығармалары жазылған күйтабақтар, ертегі батырлар жыры, әңгіме, өлеңдер , артистер оқуындағы шығармалардың түрлері жатады.Көру, есту көрнекіліктерінің түріне оқу фильмдері жатады.Мұғалім өзі қалаған ақын- жазушыларға кесте- сызба жасайды.
1.Хронологиялық кесте жасап, суреткер өмірінің басты- басты кезеңдерін оқушының көз алдына келтіріп қою да тиімді.
2.Кесте- сызбаның ең тиімді түрі- суреткер шығармашылығының негізгі, түйінді мәселері бойынша жасалуы.
Мысалы, Ыбырай Алтынсаринге кесте- плакат жасауға болады.
«Қазақтан шыққан ұлы педагог» Өлеңдері, оның тақырыбы,
табиғат лирикасы, әлеуметтік мәселері әңгімелерінің тақырыбы жайлы.
3.Кесте- плакат сызбалар көркем шығармадағы образдар жүйесін оқытуға байланысты да жасалады.
4.Көлемді шығармаларды сюжеттік- композициялық талдауда да схеме- кесте тиімді.«Абай жолы»- 4 кітаптан тұратын эпопеялық шығарма.
1-ші кітап бойынша кесте- сызба жасау керек.
ТарауларБасты оқиғаларАбайдың іс- әрекеттері«Қайтқанда»«Жолда»Оқудан елге оралу Қодар мен Қамқа өліміКамшатты Бөжейлерге беруӘке әмірінен аса алмайды.Қатты қиналып, шошынып, ауырып қалды.Абай іштей күйзелді, ара түсе алмайды.
Ақын- жазушылардың өмірін оқыту барысында оның жеке басты, шығармаларына балаларын назарын аударып, қызықтыру, белсенділіктерін арттыру мақсатында ол туралы пікірлер, тамаша ойлар жазылған кестелер пайдаланудың тиімділігі зор.
Достарыңызбен бөлісу: |