8. Көне түркі кезеңдегі жазу дәстүрі. Түркілік төл жазба мәдениеттің ең байырғы аймағы Алматы аймағындағы Есік қорғанынан табылған күміс тостақтағы жазу. Бұл б.ж.д YI-Y ғғ. жәдігер. Түркілік төл жазба мәдениеттің бұдан кейінгі көрнекті айғақтарының бірі ғұн жәдігерлері. Ғұн ұлысының негізін қалаған Маодунь қағанның ж.ж.д 176 жылы Қытай императорына жолдаған хаты. Маодунь қағанның Хань империясына үстемдік жүргізіп, жыл сайын сый салық беріп тұруға мәжбүрлегені тарихтан аян. Оның хатындағы шежірелік сипатта жазылған деректер назар аударады.
Байырғы түркі жазуын қолдана бастаған б.з.б. Ш ғасырдан бастап табиғи тас, ұстын (тақта тас), малдың терісі, киіз, ағаш, қағаз, қақтаған алтын, күмістерді пайдаланып келген. Осы материалдарға жазу, сызу технологиясы да, қолданған құрал сайманы да, әдіс амалы да әртүрлі.
Түркілер жазу алғанға дейін табиғи жартас, жалпақ тақ тастардың бетіне шаруашылығына, наным сенім, дүниетанымына байланысты әр алуан суреттер салып келген. Мұндай тас бетіне салған суреттер скиф (іш оғыз), сақ, хунну, түркі дәуіріне жатады. Б.з.б. X ғасырдан б.з. X ғасырына дейін 2000 жылдық тарихы бар. Мұндай суреттер бірнеше метрден отыз шақырымға дейін жалғасып, бүкіл тау жоталарын
сызба сурет галериясына айналдырып жіберген. Батыс Моңғолияның Ақсай (Кіші Ұйғыр) деген жердегі тас бетіндегі суреттер отыз шақырымға созылып, 100 000-нан астам оқиғалы және жеке дара сызба суреттер сызылған. Қазақстан жеріндегі таңбалы тас 15 шақырым, орталық Моңғолиядағы Чулут өзені 10 шақырым т.с.с. жүздеген тау жоталардың тастарына сызылған скиф, сақ, хунну, түркілердің мұраларын атауға болады. Деректер Орта және Орталық Азия көшпеліліерінің ең алғашқы жабдығы тас болғандығын көрсетеді.
1.Тастың бетін ойып әріп таңбаларын түсіру. Қара, күрең, көк граниттер, базальттар,
құмдауыт үгілме тастар пайдаланған.Темір, болат шапқыларды қолданған.
2.Үшкір, өткір құрал арқылы сызып таңбалау. Қара, қоғыр түсті қатты тастардың бетіне ұрып таңбалауға келметіндіктен, өткір, үшкір құралдар арқылы сызып жазу, сызуларды таңбалап отырған.
3.Тас бетіне қылауыш арқылы қара, қызыл, көк түсті тушь сиямен жазып қалдырған. Қытайдың «мак» деп аталатын тушін пайдаланған. Көшпелілер көк түсті жылқының безінен сия жасап қылауыш не құстың қауырсыны арқылы тас, ағаш, қағаз, тері бетіне жазу жазып келген. Моңғолияның Тамир өзенінің бойындағы Тайхар чулу жазбалары түгелдей сия және мак тушьпен жазылған. Онда қара, қызыл, көк түсті сия және мак пайдаланған.
4.Теріге жазылған кітаптар Дун хуаннан табылған.
Алтын күміске шығау тәсілімен жазылған мұралар Моңғолия, Қазақстаннан табылған. Орталық Моңғолияның Бұлғын аймағынан Өвгөнт (Қария) қорғанынана байырғы түркі жазуы шегілген алтын кірке табылған.Ол өз заманының дипломат паспорты іспеттес құжат. Қазір Моңғолияның ұлттық банк қорында сақтаулы.
Есік қорғанынан табылған күміс ожаудың басына байырғы түркі жазуын сызып жазған. Марғұлан ат. Археология институтында сақтаулы. Түркі, қарлұқ, Селигжүк, қараханид, Моңғол империясы, Алтын Орда, қазақ хандығы заманында құйылған мыңдаған теңгелер алтын, күмістен жасалған, ондағы жазулар түркі әлемінің жазу мәдениетінің құнды мұралары болып табылады.
9)Қожа Ахмет Ясауи кесенесi тек ортағасырлық сәулет өнерiнiң керемет туындысы ғана емес, сол сияқты ортағасырлардан сақталған бай тарихи мұраларды сақтап отырған киелi орын ретiнде де тарихта белгiлi орны бар ескерткiш. 1978 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі республикалық музей ретінде ашылып халыққа қызмет көрсете бастаған кезде музей қорында 300-ден аса жәдігер болған.
Музей қорына қабылданған алғашқы жәдігерлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ХIV ғасырдан сақталған, Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған қола және ағаш бұйымдар. Олар тайқазан, шырағдандар, және қазандық, қабірхана есіктері, олардың қола халькалары мен балғашалары. Бұл қола бұйымдар туралы алғаш ғылыми деректер ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жариялана бастады. Мысалы, М.Е.Массон мен А.Ю.Якубовскийлер жалпы сипаттама жасаған болса 1960 жылдары Санкт-Петербургтағы Эрмитаждың шығыстанушы ғалымы А.А.Иванов кесенеде Әмір Темір
дәуірінен сақталған бірнеше затқа толық анықтама жасаған болатын. Әмір Темір дәуірінен сақталған жәдігерлер қатары: келген адам ғимарат ішіне кіретін есіктерден бастау алады. Жәдігер есіктер жамағатхана бөлмесінің есігі «Қақпа» және Қабырхана есігі «Қапсырма». Шеберлер есіктің берік және әсем жасалуымен қатар, рәміздік мән-мағынасын арттыру үшін оған символдық мәнге ие ою-өрнектер, терең мағыналы хадистер мен нақыл сөздердің бедерленуіне көңіл бөлген. Есіктер екі бетінен ағаш, сүйек, алтын, күміс әшекей-өрнектермен өрнектелген. Әртүсті ағаш қиындыларымен және піл сүйектерімен жапсырып әшекейленген өрнектерінің біразы тозып жойылған. Қақпа есіктің орта бөлігінде есікті қағуға арналған екі қола алқа мен оларды орнататын топса-тұғырлары бар тік төртбұрышты тақташалар орналасқан. Алқаның топса-тұғырлары барыстың басы бейнесінде сомдалып, одан төменірек алқаның өзінде барыстың екі кішкене аланының бейнелері сомдалған. Қола тақташада алқаның ұрылып дыбыс шығаруына арналған сегіз жапырақшалы гүл бейнесіндегі кішкене төстігі бар. Екінші есік қабірхана есігі-Қапсырма. Жалпы пішіні Жамағатхана есігіне ұқсас, есіктің жоғарғы тұсында екі алқаның дөңгелек қола тақташалары және гүлге ұқсас сегіз жапырақты кішкене төстігі сақталып, алқаларының өздері жоғалған. Деректер бойынша жоғалған алқалар қақпа есіктің алқаларына ұқсас, сондағы жазулар да қайталанып жазылған. Қоладан құйылып, алтын күміс жалатылған алты шырағдан мен есік тұтқалары да халық өнерінің лағыл маржандарының қатарына жатады. Бұларды жасаушы шебер исфаһандық Тадж-ед-Дин ұлы Из-ед-дин. Қола тұтқада хижраның 797 жылы жасалғандығы көрсетілсе, Қола шырағдандардағы жазулар хижраның 799 жылғы 20 рамазанында Әмір Темірдің тапсырысымен жасалғандығы жазылған.
М.Е. Массонның көрсетуінше, бұрын екі шеткі шағын бөлмелер арқылы енетін есіктер жабық тұрған да келген адам бас есік «Қақпа» есігінен кіретін болған. «Қақпа» табалдырығын аттаған кісі ғимараттың орталық залы-Қазандық бөлмесіне кіреді. Қазандық бөлмесінің ортасында «Тайқазан» тұрған. Қазанның салмағы 2 тонна, диаметрі 2,45 метр. Қазанда қант қосылған су толы болады да, мұны мешіт қызметшілері жұма намазы аяқталған соң емдік қасиеті бар су ретінде зияратшыларға үлестіріп беретін. Бұл қазан Түркістан қаласынан 25 шақырым жердегі Қарнақ елді мекенінде құйылған. Оны құйған тебриздік шебер-Әбд-әл-Әзиз ибн Шарафуддин.[3]
Қорымыздың ең құнды жәдігерлері Қожа Ахмет Ясауи шығармаларының яғни хикметтерінің бірнеше қолжазбасы мен көне баспа кітаптары. Солардың ішінде осыдан 7 жыл бұрын мұражай қорына қабылданған «Диуани Хикмет» қолжазбасының түпнұсқасы. Бұл – 326 беттен тұратын кім жазғаны әзірге белгісіз хикметтері толық, тиянақты шамамен 1845 жылдары көшірілген кітап. Сақталуы да жақсы. Қожа Ахмет Ясауидің мұнан басқа «Миратуль қулуб» (Жүрек Айнасы), «Фақырнама» және кейіннен табылған «Рисала дар адаби тариқат» (тариқат әдебі) атты еңбектерінің түпнұсқасы болмағандықтан, олардың қолжазбаларының көшірмелері жинақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |