1 Қазақ халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы


Түркі тілдеріне ортақ лексиканы оқыту



бет8/36
Дата25.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#199217
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
Бакыт жазган жауаптар (копия)

14.Түркі тілдеріне ортақ лексиканы оқыту
Тіл қогамдық қүбылыс болғандықтан, оның даму тарихи сол( тілді иеленушілердің тарихымен тығыз байланысты. Алуаң түр-тт лі халықтар бір-бірімен өзара қарым-қатынаста өмір сүреді( Түрік тілдері ежелден көршілес отырып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болған. Бұл халықтардың өмір сүрген мекен жайы, қонысы ғана іргелес болып қоймаған, бұлардың тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрпы, мәдени өмірі көбінесе ортақ болып келіді. Сонымен қатар бұл халықтар генетикалық байланысы бар, өз ара туыс, әрі тектес туркі тілдерінде сөйлейді. Қазақ тілінің төл сөзіне не-гізінен сонау көне заманнан бері қарай өзімен қоса жасасып, атадан балаға ешпес мұра болып, бірден-бірге үзілмей келе жатқан байырғы жасамалы сөздер жатады., Қазак тілінің негізгі сөздік қорындағы байыргы сөздері шыгу төркіні жағынан карағанда, осы тілдерге еншілес сөздер болып келеді. Бұл қазақ әуелі халық, одан үлт болып құралып, түрік тілдерінен өз алдына жеке бөлінбей тұрын пайда болған. Сондықтан олар түрік тілдеріне ортақ сөздер. я болмаса, жалпы түріктік деп аталады. Түрік тілдерінің тектестігін дәлелдейтін ортақ сөздердің мынадай түрлері кездеседі:

1. Анатомиялық атаулар: бас, қүлақ, көз, қас, аяқ,тізе, буың, шаш, төбе, мандай, кірпік, қол, ауыз, тіс, бел, арқа,ерін, жақ, т б.


2. Мал атаулары: құлын, тай, бие, қысырақ, айгыр, ат, жылқы, інген, түйе, бура, бота, бұқа, өгіз, сиыр, бұзау, қой,қозы, лақ, т. б.


3. Туыстық атаулар: ата, ана, іні, келін, қатын, абысы күйеу, ұл, қыз, ер, аға, құда, жиен, нағашы, бажа, әке, шеше,жезде, балдыз, сіңлі, бөле т. б.

4. Жан-жануар, ан, жәндік атаулары: қоян, түлкі, тиын,арыстан, піл, доңыз, аю, шымшық, қаршыға, қырғи, қарқақұс, бөрі, қарға, буркіт, қаз, уйрек, ит, жылан, құрт, шыбын, бүрге,қандала, маса, тышқан т. б.


5. Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, су, өзе, көл, агаш, тас, ай, күн, жұлдыз, үркер, кұм, саз, түн, түс, жауын, бұршақ, қар, жер, тау, теціз, жаз, күз, таң т. б.


6. Түр-түсті, сапа-сынды білдіретін атаулар: кызыл,жасыл, қара, сары, ақ, көк, қоңыр, Сұр, жирен, торы, қысқа, ұзын, қалың. жуқа, биязы, ауыр, жаңа, көне, сскі, ыстық, суык, тәтті,ащы, сұйық, кою т. б.


7. Сан есімдер: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, жүз, мың, жарты т.б.


8 Есімдіктер: мен, сен, ол, біз, анау, сонау, кім, не, қайсы, қалай канша, неше, барша, өзі, ешкім, ештеңе, түгел т. б.


9 Қимыл атаулары: кел, кет, жүр, кір, бар, қаш, көгер, ал,бер,қой , кал, өс, өт, өл, ер, т. б.


10 Үстеулер: ерте, кеш, ілгері, жоғары, төмен, қашық, алыс, шалғай, тез, жылдам, бұрын, түнде, жазда, қыста, күзде, жай, бәсен, т, б.


11 Шылау сөздер: немесе, мейлі, дейін, соң, түгіл, таман,


үшін,мен,да, және, тұрмақ т. б. Осындағы сөздер өзге түрік тіл- дерінде түр-тұрпақты жағынан сәл өзгешеліктері болғанымен, мән-мағынасы жағынан көбінесе үйлес келеді. Түрік тілдеріндегі мұндай ұксастық бұл халықтардың негізі бір туыстас халықтар ексндігін дәлетдейді. Алайда бұл тілдердің өзара ұқсастығы мен арақатынасы нақ бірдей емес. Біреулері тым жакын болса, екіншілері өзгешелеу, алысырақ. Тілдік жалпы ұқсастык, жақындастық белгілеріне қарай түрік тілдері іштей бір-неше топқа жіктеледі. Қазақ тілі туыстық жақындастық жағынан түрік тілдерінін. ішіндегі қарақалпақ, ноғай, қырғыз, башқұрт, татар, құмық тілдерімен топтасып, түрік тілдерінің қыпшақ'тілі тобын (батыс тобын) қүрайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет