1 Қазақ халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы


Тарихи фонетикадағы фузиялық өзгешеліктер



бет9/36
Дата25.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#199217
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Байланысты:
Бакыт жазган жауаптар (копия)

15.Тарихи фонетикадағы фузиялық өзгешеліктер
Түбір мен қосымшаның шебіндегі фузиялық өзгерістерге, сіңісу құбылысына тоқталыңыз
Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектенуге келмейтін ең түпкі негізі. Түбір морфема сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді. Түбір морфема болмаса, қосымша морфеманың бірде-бірі немесе бірнешесі қосылып келсе де мағыналы сөзді жасай алмайды. Түбір морфема жеке тұрып та семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады. Мұндайда түбір морфема мен сөздің мағынасы бірдей болып шығады. Мысалы: бас, тіл, жол, кел деген сөздер осындай сипатқа ие. Ал бастық, тілші, жолаушы, келісім түрінде келетін болса, онда құрамында түбір морфемасы да, қосымша морфемасы да бар сөздер болып шығады. Бұл сөздерде түбір морфема мен сөздердің мағынасы бірдей емес. Түбір морфема дара түрде де (жол, көр, ал...), қосымшалы түрде (басшы, қолтық, баспа), қайталанып та (тау-тау...), басқа түбір морфемалармен бірігіп келіп те (белбау, басқұр...), тіркесіп келіп те (қара сұр, он екі), жұмсала береді. Сондай-ақ, қайталанып, қосарланып, бірігіп, тіркесіп келген морфемаларға қажетінше қосымша морфемалар да жалғана алады. Мысалы: қап-қаптан, қора-қопсыдан, он екісін т.б.

Қосымша морфемалар деп түбір морфемаларға қосылып, оған қосымша мағыналар үстейтін морфемаларды айтамыз. Мысалы: аш - түбір морфема, ал ашты деп айтсақ, оған өткен шақ мағынасы үстемеленіп тұр, аштық десек, өткен шақтық мағынамен қатар, қимылды бірнеше субьекті істегені туралы көптік, I жақтан істелінгені туралы жақтық мағына үстемеленіп тұр. Бұлар қосымша морфемалар. Қосымша морфемаларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды. Сондықтан, олар түбір морфемасыз, өз алдына, дербес жұмсала алмайды. Бірақ, түбір морфемаға үстеме мағына жамайды.


Осы аталған түбір мен қосымша шебінде фузиялық өзгерістер, сіңісу құбылысы орын алады. Бұл жөнінде Богородицкийдің «О фузии в тюрских языках», Ахманованың «Тіл біліміне кіріспе», М.Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», Б.Сағындықұлының «Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері» атты еңбектері жарық көрді.
Қазақ тіл білімінде фузия құбылысы «сіңісу» құбылысы деп аталады. К.Аханов «Тіл біліміне кіріспе» атты еңбегінде мынадай анықтама береді: «Сөз құрамындағы морфемалардың мағыналары жойылып, олардың бір-біріне кірігіп кетуіне, соның нәтижесінде сөз жігінің әбден күңгірттеніп, морфемаларға мүшеленбеуіне әкелетін морфологиялық процесс сіңісу құбылысы деп аталады».
Оған Б.Сағындықұлы «Қазақ тілінің тарихы» атты еңбегінде мынадай мысал келтіреді. Мысалы, тіліміздегі апар етістігі дербес атауыш сөз ретінде түсініледі. Төрт түрлі
лексикалық мағынасы бар:
1) белгілі бір затты бір орыннан екінші орынға алып бару, жеткізу;
2) алып кету, соңына ерту;
3) бастау, алып бару, ілгері дамыту;
4) жақындату, таяту.
Егер осы сөзді ап+ар деп түбіртекке бөлсек, екі бөлшегі де ешқандай мағына бермес
еді. Мұны атауыш сөз емес, сіңіскен сөз ретінде қарастырсақ, дыбыстық құрамын қалпына келтіруге тура келеді. Апар – алып бар. Яғни ол көп мағыналы ал етістігінің, ып көсемше жалғауының, бар көмекші етістігінің мән-мағыналары жойылып, жіктері әбден күңгірттеніп барып сіңіскен түрі. Әуелі екпін түспегендіктен көсемшенің ы дауыстысы әлсірегенін, одан соң л сонорының элизияға ұшырағанын зерделеуге болады: ап бар>ап пар. Қатаң п ұяң б-ны қатаңға айналдырады да, өзі де жойылып кетеді: ап пар>апар. Демек, түбіртекке ажыратуға апар емес, алып бар сөз тіркесі түсуге тиіс.
Қайны зат есімі де атауыш дербес сөз ретінде ұғынылады. Мағыналық мазмұны – қайын жұрт жағының ерлі-зайыптылардан жасы кіші еркектерінің жездесі мен жеңгесіне туыстық қатысы. Шындығында, бұл сөз қайын және ыны (іні) лексемаларының сіңісуі нәтижесінде пайда болып тұр. Қайын мен ыны біріккенде: қай+ын+ын+ы. Гаплология заңы бойынша екі буын бірдей болғанда бірі түсіріліп айтылуға тиіс: қай+ын+ы>қайны. Екінші буынға екпін түспегендіктен, ы дауыстысы да элизияға ұшырайды. Бұл ретте де түбіртекке ажыратуға қайны сөзі емес, қайын және ыны зат есімдері түсуі тиіс. Әйтпесе, тәжірибесіз зерттеуші қайны сөзінің құрамын былай талдауы мүмкін: -ы тәуелдік жалғауының үшінші жағы, қайын – түбір деп.
М.Томанов 1988 жылғы «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» еңбегінде: «Түп төркіні тұрғысынан тіліміздегі бірқатар сөздер бірнеше түбірлерге және әр түрлі қосымшаларға бөлінуі мүмкін. Бұл сіңісу құбылысының нәтижесі» деп көрсетеді. Бұны анықтау үшін түбірдің бастапқы сипатын басқа сөздермен салыстырсақ, қосымшаның құрамы арқылы анықталады. Мысалы, ілгері, айт, кет, байла сөздері түбір мен қосымшаның өзара жымдасып, сіңісіп кетуінен пайда болған. М.Томанов, салыстыруы бойынша, айт сөзін қарастырайық. Айт сөзімен мағыналас айқай, айқын сөздерімен салыстырсақ, ортақ түбір ай екеніне көзіміз жетеді. Ал т-түбірмен кірігіп кеткен қосымша болып шығады. Кет сөзінің құранды екенін, кел, кері, кейін сөздерімен салыстыру арқылы анықтауға болады. Алғашқы сөздің соңындағы –т етіс қосымшасы. Байырғы түбір өз дербестігін жоғалтқаннан кейін барып, етіс қосымшалары жалғасып, жымдасып кеткен. Бұл құбылысты Кононов «фузия» десе, Рамстед «сращение» деп атайды.
М.Томанов тілімізде түбірге –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары сіңісіп кеткен сөздер бар деп көрсетеді, олар: алғы, ауызғы, батқы, соққы, ұйытқы, жонғы.
Мысалы, алғы сөзінде –ғы жұрнағы түбірге сіңісіп кеткен. Өйткені, бұл сөзді ал-түбірі, -ғы жұрнағы деп бөлмейміз. Алғы күйінде айтамыз. Бұл сөздің түбірі – ал, яғни, етістік мағынасында жұмсалып тұр, ал алғы деген сөздің мағынасы қазіргі тілімізде түбірмен бірге айтылады.
Тілімізде –а, -е жұрнақтары әуел баста есім сөзді етістікке айналдыратын өнімді қосымша болғанымен, бірте-бірте самарқауланып, бұрынғы жалғанған сөздердің аясында қалып қойған: аса, деме, ота, өрте.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет