5. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясын оқыту. Тарихи лексикология — тіл тарихын сол тілде сөйлеуші этностың басынан кешірген тарихи қоғамдық өміріндегі тілдік фактілердің шығу тегін, қалыптасу кезеңдерін, туыстас тілдердің қатарынан алатын орнын, басқа тілдерге қарым-қатынасын ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеуді мақсат етеді. Тіл фактілерін зерттеуде тарихи принципке сүйену– тарихи лексикологияның жалпы лексикологиядан басты айырмашылығы. Тарихи лексикология белгілі бір тілдің лексикасын жалпылама емес, нақтылы бір халықтың азаматтық тарихына байланыстыра отырып, сол халықтың мәдениетіне, дүние-танымына, салт-сана, әдет-ғұрпына т.б эксралингвистикалық факторларына қатысты зерттеуге тиіс. Өйткені әрбір тілдің сол тілді жаратушы, сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен тікелей байланысты, сол халықтың халық болып қалыптаса бастаған ұзақ дәуірінің жемісі, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, толығып, кемелденіп, жаңарып отыратын асыл да абзал мұрасы, сол халықтың мәдени, рухани өмірінің –сол тілдің лексикалық қоры. Кез-келген тілдің сөз байлығын тарихи тұрғыдан зерттеу дегеніміз – оны сол тілдің өз топырағында, өзіндік даму үрдісін, сыр-сыйпатын ескере отырып қарастыру, жалпылама емес, нақты обьектілермен байланыстыру деген сөз. Алайда тарихи лексикологияның өзіндік зерттеу обьектісі мен белгілі тәсілдері бар. Оның дербестінен гөрі ғылымның басқа салалармен байланысы, астарластығы ерекше көзге түседі. Соған байланысты «қазақ тілі тарихи лексикологиясын зерттеуге тиісті обьектілері мен міндеттерін біз қалай анықтауымыз керек?» деген сұрақ туындайды. Айта кетуіміз
керек, бұл мәселе қазақ тілі білімінде бұрын-соңды арнайы сөз болған емес. Тарихи лексикологияның жеке мәселелерін сөз еткен бірлі-жарымды еңбектерді есептемегенде, бұл саланың нақтылы обьектілері мен алда тұрған міндеттері жан-жақты қаралып, толық анықталып, күн тәртібіне қойыла қойған жоқ.
6. Көне түркі мұраларын зерттеудің елтанудағы маңызы. Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы
ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиналған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтіңөзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинскаймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.
1889 жылы Н.М. ЯдринцевтіңМоңғолиядалаларынан тапқан жазулары Көне жазулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 ж. Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.