1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет125/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Түрі

Ереже

Тыныс белгісі

1

Хабарлы сөйлем

Хабарлау,баяндау,суреттеу мақсатында айылады.

Сөйлем соңына нүкте қойылады.

2

Сұраулы сөйлем

Бір нәрсе жайлы сұрап білу мақсатында айтылады.

Сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.

3

Бұйрықты сөйлем

Бұйыру,тілек-өтініш ету мақсатында айтылады.

Сөйлем соңына нүкте немесе леп белгісі қойылады.

4

Лепті сөйлем

Сөйлеушінің көңіл-күйін білдіру мақсатында айтылады.

Сөйлем соңына леп белгісі қойылады.


2.Тіл сабақтарында оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын ұйымдастыру.

Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидактиканың басты мәселесі — оқыту үрдісінде мұғалім мен окушының өзара әрекеттесуі болып отыр. Оқушыға танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекетке көшу үшін жағдайлар жасау міндеті тұрады. Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.
Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді. Қазақ тілі сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып жеке тұлға ретінде дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.

«Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру – белгілі бір іс-әрекетте, ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін адамның жеке-дара ерекшеліктері».

Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай талаптарды орындау керек:
1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.
2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек.
3) Міндетті түрде тексерілуі керек.
4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.
5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

7) Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;


8) Өзіндік жұмыс сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.

9) Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.


Қазақ тілі сабақтарында түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады. Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығу ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірибелік жұмыс. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі. Өздік жұмыстар әр сабақта міндетті түрде жүргізіліп отыруы қажет.

«Өзіңді тексер» жадынамасын беріп сол бойынша жұмыс істейміз. Тақырып бойынша бақылау жұмысын жазғаннан кейін, жіберілген қателермен жұмыс жасаймыз. Қате жіберілген тапсырмаларға ұқсас мысалдар алып, нұсқалар бойынша жаттығулар жасаймыз, оқулықтан ереже іздеп, тауып, оқуға тапсырма беремін, оқушы өз қатесін тауып алады.



«ң» дыбысына байланысты жұмыстар.

  1. Сөздік диктант: «ң» әріпінің астын сыз.

  2. Көру диктанты: «ң» әріпі бар сөзді есте сақтап жазу.

  3. Шығармашылық диктант: көп нүктенің орнына «ң» немесе «н» әріпін қойып жаз.

  4. Терме диктант:

    • журнал, кітаптардан «ң» әріпі бар сөздерді жинақтау;

    • аталған сөздердің ішінен «ң» әріпі бар сөздерді ғана теріп жазу.

Сөздік қорларын молайту

  1. Әңгіме бойынша жұмыс:

  • Не ұнайды?

Неге ұнайды? Қандай жауап таптың?

  • Менің суретімнің тақырыбы не?

Мен ол туралы не білемін? Мен нені айтуым керек? Мен оны мақтаныш ете аламын ба?

  1. Сұрақ - жауапқа құралған хат:

Кім? Не?

Қай жерде?

Не істеді?

Ол не айтты?

Адамдар не деді?

Оқиға немен тыңды? («Компас», «Ағаштар неге ашуланады»).



  1. Сурет бойынша әңіме құрастыру.

  2. Шығарма жазу.

  • жоспар бойынша;

  • тірек сөздер арқылы;

  • дайын мәтінді аяқтау;

  • еркін тақырыпта.

Оқушылардың өзіндік жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. 2-сыныпта − 5-10 минут, 3-сыныпта − 10 минут, 4-сыныпта 10-15 минуттық тапсырмалар беріледі. Мұғалім оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын-ала дайындауы керек.
3.Морфологиялық талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет