1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп


Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары жоқ



бет124/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары жоқ.

(Ғ.Мұстафин)
Жасы-полисемия

Тура мағынада берілген

Жас-сын есім-қандай адам?-жас адам,жас-зат есім,адамның жасы

Антоним:Жас-кәрі

Тұрақты тіркесте берілмейді.

Лексикалық мағынасы бар.


Жоқ-моносемия

Тура мағынада берілген

Жоқ-антоним:жоқ бар

Тұрақты тіркесте берілмейді

Лексикалық мағынасы бар
Билет №25

1.Жай сөйлем синтаксисі.Жай сөйлемнің айтылу мақсатына, құрамына

қарай түрлері.

2.Тіл сабақтарында оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын ұйымдастыру.

3.Морфологиялық талдау

Қазаққа ән туралы қара сөзбен айтқанша, поэзиямен айту жеңіл.

(М.Тілеужанов)
1.Жай сөйлем синтаксисі. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына, құрамына

қарай түрлері.

Жай сөйлем синтаксистің ең негізгі нысаны болып табылады. Өйткені синтаксистің басқа бірліктері болып саналатын сөз тіркесі мен құрмалас сөйлем осы жай сөйлемнен тыс жеке дара өмір сүре алмайды.

Жай сөйлем бір сөзден немесе бірнеше сөз тіркестерінен құрылады. 

Жай сөйлемді жайылмаға айналдырып, оның іргесін әрі қарай кеңіте беруге діңгек болатын тұрлаусыз мүшенің бірі – толықтауыш. Толықтауыш өзі бағынған сөзбен грамматикалық байланыста тұрып, табыс, шығыс, барыс, көмектес, жатыс жалғауларының бірінде жұмсалады. Толықтауыш – қимыл процесінің объектісі болатын мүше. Толықтауыштар мағынасына, синтаксистік және тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді.

1. Тура толықтауыш

2. Жанама толықтауыш

Анықтауыштар - өзіндік лексикалық та, грамматикалық та дербестігі бар бірлік ретінде тұрақталған синтаксистік категория.

Анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер, негізінен, сын есімдер болғанымен, зат есім, есімдік, сан есім, етістіктің есімше, қимыл есімдер де тұрған орны не арнаулы грамматикалық тұлғалар арқылы анықтауыштық қызметте жұмсалады. Сондай-ақ, анықталатын сөздердің де тек бастауыш қызметінде жұмсалуы міндетті бола бермейді. Сөйлемнің кез келген мүшелері анықтауыш мүше бола алады, тек олардың түбірі заттық мағынада қолданылса болды.

Анықтауыштарды әдетте, мағыналық жағынан сапалық және меншікті деп бөледі. Жасалу жолдары мен байланыс тәсілдеріне қарай қабыса байланысқан және матаса байланысқан анықтауыштарға сәйкес келеді.

Тұрлаусыз мүшенің бірі болып табылатын пысықтауыш сөйлемде, негізінен, етістіктен болған мүшеге қатысты болып, сол мүшені мекен, мезгіл, мақсаты, орындалу амалы жағынан нақтылап, анықтап тұрады.

Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер - үстеулер, үстеу мәндес есімдер, сапалық есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес) зат есімдер, етістіктің есімше, көсемше, шартты райлы түрлері. Сондай-ақ, еліктеуіш сөздер мен көмекші сөзді тіркестер де пысықтауыш қызметіңде қолданыла алады.

1. Мезгіл пысықтауыш. 2. Мекен пысықтауыштар 3. Амал пысықтауыштар 4. Мақсат пысықтауыш 5. Себеп-салдар пысықтауыш 6. Мөлшер пысықтауыш

Синтаксис туралы ғылыми зерттеулерде жай сөйлем өзінің құрамына, құрылымына және мазмұныны қарай әр түрге ажыратылып келеді. Мұндай принциптер бойынша жай сөйлемдер мынадай типтерге бөлінеді: 1) Толымды және толымсыз жай сөйлем; 2) жалаң және жайылма жай сөйлем; 3) айтылу мақсатына қарай бөлінетін жай сөйлем; 4) екі негізді және бір негізді жай сөйлем; 5) күрделенген жай сөйлем.

Сөйлемдер сөйлеу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер деп топталады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет