Көркем шығарма бөлімі балалар әдебиетінің екі саласын қамтиды:
1) ауыз әдебиеті үлгілері;
2) жазба әдебиеті үлгілері.
Ауыз әдебиеті үлгілерінен:
1) балаларға арналған тақпақ, санамақ, мадақтау, өтірік өлеңдер, төрт-түлік жырлары: төрт түлік туралы өлеңдер, мал, жан-жануарлар айтысы, Наурыз жыры) ертегілер: хайуанаттар жайындағы ертегілер мен қиял-ғажайып оқиғалы ертегілер;
2) мақал-мәтелдер (әр түрлі тақырыптағы);
3) жұмбақ-жаңылтпаштар (әр түрлі тақырыптағы);
Жазба әдебиеті үлгілерінен ұсынылатыны:
1) қазақ ақын-жазушылары: Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Жабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Бегалин, Б. Соқпақбаев, Ш. Смаханұлы, Қ. Мырза Әли, М. Әлімбай, Ө. Тұрманжанов, Ж. Смақов, Қ. Баянбай, Ә. Дүйсенбиев, Ф. Оңғарсынова, Ә. Табылдиев, А. Асылбеков, Ө. Қанахин, Т. Молдағалиев, Е. Өтетілеуов, Б. Кірісбаев, Е. Елубай, С. Қалиев, С. Сейітов, Б. Ысқақов, Д. Жұмагелдинова, М. Айымбетов, М. Абылқасымова өлең-жырлары, ертегі-мысалдары, әңгімелері.
Ғылыми-танымдық шығармалар: мақала, естелік, өмірбаян (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы шығармалар).
Әлем халықтары балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің үлгілі шығармалары: әңгіме, мысал, ертегілері.
Бағдарламада «Оқу мақсаттары» қолдануға, мониторинг жасауға тиімді болу үшін төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 3.2.1.1. кодында «3» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «1» - оқу мақсатының реттік саны
3. Синтаксистік талдау
Достарыңызбен бөлісу: |