Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.(Абай)
Бірдей ұста-жанасу арқылы байланысқан, пысықтауыштық қатынас, етістікті сөз тіркесі;
Ақыл, қайрат, жүректі ұста-қиысу арқылы, толықтауыштық қатынас,етістікті сөз тіркесі;
Бөлек боласың-жанасу арқылы байланысқан, пысықтауыштық қатынас, етістікті сөз тіркесі;
Елден бөлек- меңгеру арқылы байланысқан, толықтауыштық қатынас, есімді сөз тіркесі;
Толық боласың-қабысу арқылы байланысқан, пысықтауыштық қатынас, етістікті сөз тіркесі;
Сонда боласың-жанасу арқылы байланысқан, пысықтауыштық қатынас, етістікті сөз тіркесі.
Билет № 5
1. Дыбыс үндестігі, оның түрлері.
2. Оқулыққа енген материалдарды талдау.
3. Морфологиялық талдау
Бұта-бұтаның басынан бозторғай шырылдап, мәз өмірінің күйін шертті.
(О.Бөкей)
1. Дыбыс үндестігі, оның түрлері.
Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз. а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады. Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес). ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес). б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Қоныспек Қонысбек Тыныспек Тынысбек тас пер тас бер в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Жаңағорған Жаңақорған кім гелді? кім келді?
Достарыңызбен бөлісу: |