1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет34/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Дикция (үн реңі).Тәрбиеші-педагог өз сезін аньіқ, айкын айтуға тиіс. Оның сөзі — балаларға үлгі, сәбилер тәрбиеші-педагогтарға еліктейді, кейде қате айтқан сезініде ұғып алады. Сондықтан тәрбиеші-педагог ез сөзіне мұқият болып, өте тез асығып сөйлеу сияқты кемшіліктерді жібермей байқап отыруды дағдыға айналдыру керек.

Анық, таза сөйлеу дәрежесіне үнемі артакуляциясын жаттықтыру арқасында жетуге болады, яғни сөйлеу мүшелерінің қажетті дыбыстарды айтуға ыиғайлап, бір қалыпты қозғалуы мен позициясы жағдайында ұстау. Бұл жаттығулар еріннің қимылына, жақтың жылдам ашылуына, тілдің жылжымалығына, кей дыбыстарды (р, ш, с) дұрыс айтуға дағдыландырады; тез сөйлегенде, созып сөйлегенде г. б. кездееетін кемшіліктердің болмауына көмектеседі.

Дыбыстардың сөйлеудегі артикуляциясын қазақ тілі сабағында фонетиканы өткенде жетілдіреді. Фонетиканы жақсы білу дикцияны түзеуге берілген жаттығуға көмегін тигізеді.

Дұрыс дыбыстауға жүргізілетін жаттығулар алғашында мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі де, кейін оқушылар өздері әбден дағдыланып, сөйлеуде жіберілетін қатені де тауып түзейтіндей жағдайға жеткенде, өз беттерінше шұғылданады.

Оқу кезіндегі меңгерілген дауыс кідірістері оқушылардың ойын әсерлі жеткізуіне көмегі тиетіндігі сөзсіз. Мәнерлеп оқуды дұрыс жолға қою жұмысы көркем шығарманың эмоциялық жақтарын бере біліп оқумен де тығыз байланысты. Шығарманың мазмұнына қарай мәтіннің бір жері қуанышты, шаттық сезіммен оқылса, екінші бір жері - жарамсақтық мінез-қүлықпен, үшінші біреуі ызғарлы, ашулы дауыспен оқылады. Әрине, мұны талап етіп тұрған жазушының немесе ақынның сөз қолданысы кейіпкерлердің бойына құйған қуаныш-қайғысы, толғаныс-тербенісі, қасірет-мүңы болып табылады. Сол үшін көркем сөз мәтінін оқыған уақытта автордың және кейіпкерлердің ой-сезімінің түрлі реңкін сазына келтіріп оқи білуге жаттықтырылады. Шығарманың әуен-сазы, ырғақ-ұйқасы, барлық интонациялық құрылымы дауыстап сөйлегенде ғана көрінеді. Сондықтан ырғаққа аса көңіл бөлген жөн. Өйткені ауызша сөйлеуде де, мәнерлеп окуда да ырғақтың орны бөлек. Ырғақ дегеніміз - өлең сөз бен қара сөздің сөйлемдерінде дауыс толқынының бірде бәсең, бірде көтеріңкі келіп отыруы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет