1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп


Морфологиялық талдау – сатылай кешенді түрде жүргізіледі



бет71/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Морфологиялық талдау – сатылай кешенді түрде жүргізіледі.

1.Сөздің құрамына қарай (бір,екі,үш құрамды)

2. Тұлғасына қарай : негізгі, туынды.

3. Құрамына қарай : дара , күрделі.

4. Лексикалық мағынасы.

5. Грамматикалық мағынасы.

6. Мағынасына қарай (сөз табына байланысты)

Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді. Демек, оқушы морфологияны оқу арқылы сөздердің грамматикалық мағынасын, сөз таптарының өзара байланыстылығын,  мәнін түсінеді. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық, сондықтан  оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сөйлемде сын есім мен сан есімнің алдында тұратынын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету үрдісінің негізін қалайды. Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның  оқушының тілдік қабілетін арттыруда, дамытуда, жетілдіруде өзіндік рөлі бар. Морфологиялық ұғымдарды жан-жақты меңгерген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлеу т.б.  дағдысын үйренеді.


3. Лексикалық талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет