1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет43/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   157
Байланысты:
гост казак тили
ПЗ 6 тақырып, shagraeva bb organikalyk khimiia esepterin shygaru tsilderi, Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі, Биология кабинетінің қызметі, матем реферат
Ертегілерді оқыту. Халық әділеттілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау етіп отырған.

Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қасиетті сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді.

Ертегілерді оқуда мыналар ескерілу қажет:

1. Ертегіні оқу барысында «бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды қөңілдендіреді, армандауға үйретеді.

2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір-екі айқын белгілерді көрсетіп, анық түсінікті болып келеді.

3. Қара сөзбен жазылған ертегілер текстке жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның, мазмұнын қызықты етіп айтып береді. Егер артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пайдаланса, тіпті жақсы.

Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т. б. осындай жұмыстарды II—III клас оқушылары орындай алады. Ал IV класта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.

4. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.

5. Кейбір ертегілерді пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, кластан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.

Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет