ИСЛАМДЫҚ ФУНДАМЕНТАЛИЗМ
— Мұхаммед Пайғамбар кезеңіндегі
мұсылмандық тәжірибиені, яғни исламдық алғашқы бастау, сенім тірегін
қайта қалпына келтіруге негізделген доктринаны, қазіргі саяси ислам
қозғалысын белгілейтін ұғым.
ИСЛАМДЫҚ ГУМАНИЗМ
— инсанийа – адамдық, гумандылық, әр адам
басындағы рухани-адамгершіліктік бастауды, оның қоғамдағы тең құқын
мойындауды білдіретін тұжырым. Исламдық гуманизм мұсылман
мәдениетінің ұстанымы ретінде теңдікті, еркіндікті, адам өмірінің
құндылығын уағыздайды. Тұжырым білім беру мәселелерімен және
қайырымдылық, тәрбие феномендерімен байланыста ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |