ИСЛАМДЫҚ МОДЕРНИЗМ
— исламдық құндылықтарды ортодоксалды
және схоластикалық нұсқалардан босатуға және құндылықтарда қайта қарау
идеясына негізделгені – рухани ағымдардың кең таралуы. Сонымен қатар
оның құрылымында Құран мәтінін тұжырымдау, исламның іргелі негіздерін
рационалистік сипатта баяндау көрініс береді. Исламдық модернизм
философиясы қоғамның этикалық, эстетикалық, әлеуметтік және саяси
мәселелерін әлеуметтік теңдік және әділеттілік негізінде қарастырады.
ИСТОРИЦИЗМ
—
тарихи
білімнің
логикалық-методологиялық,
гносеологиялық және көзқарастық проблемаларын алдыңғы қатарға
шығаратын философиялық ағым.
ИЕРОГЛИФ
(грек тіл. ауд. – қажетті және қиылып алынған) — көне
жазудың түрі, таңба не белгі, сурет түрінде келеді.
ИНДИВИДУМ
(латын тіл. ауд. – бөлінбейтін, тұтас, ерекше тұлға) — жеке
адам, тұлға.
ИНДУИЗМ
— әлемдегі ірі діндердің бірі. Қасиетті кітабы – Веда және
брахмандардың бір орталыққа бағындыру ілімінің негізін құрайды. Карта
заңына сай жанның істеген ісінің оң не терістігіне сәйкес өлгеннен кейін
жаңа түрге айналатындығы туралы ілім.
Достарыңызбен бөлісу: |