355
ИНТЕЛЛИГИБЕЛЬДІЛІК
— ақылмен танылатын, ақыл арқылы ғана қол
жеткізуге болатын нәрсе.
ИННОВАЦИЯ
(ағылш. – жаңалық) — мәдениеттану мен социологияда
этностың алғашқы даму кезеңінде болмай, кейіннен пайда болған мәдени
құбылысты айқындайтын ұғым.
ИНТЕНЦИЯШЫЛДЫҚ
(латынш. – талпыну, зейін қою) — сананың
белгілі затты түсінуге бағытталуы немесе заттың шынайы, шынайы емес
екендігіне тәуелсіз сана нақтылығы.
ИНТЕРПРЕТАЦИЯ
— тарихи-гуманитарлық ғылымдарда – мәтіндердің
мәндік мазмұнын ұғынуға бағытталған мәтінді түсіндіру; математикалық
логикада, логикалық семантикада, ғылым философиясында – формальдық
тілдің сөйлемдерінің мағынасын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: