356
КАББАЛА
(көне евр. – аңыз) — неоплатонизмдегі пантеистикалық
құрылымды гностицизм мен иудейлік Тора сенімінің жекелеген
ережелерімен жалғастырушы иудаизмдегі мистикалық ағым.
КАЛАМ
(арабша «калам» – сөз) — ортағасырлық мұсылман
философиясының бағыты, ислам дінінің принциптерін, негізгі көзқарастарын
зерттеп, түсіндіруді және қорғауды мақсат еткен. Каламды спекулятивтік
теология деп те атайды, бұл жерде спекуляция деген тәжірибиеден тыс
жатқан заттар туралы білімге ойлау арқылы жетуді білдіреді.
КАЛОКАГАТИЯ
(грекш. – тамаша және кеңпейіл) — антиктік мәдениетте
кеңінен қолданылған термин. Адамның ішкі және сыртқы мәдениеттерінің
үндестігін білдіретін ұғым.
КАНОН
(грек. – ереже, қағида, өлшем) — берік сақталған, дәстүрлі,
жалпыға түсінікті үлгі.
КАРМА
— (санкрит. - әрекет) пешене, адам өмірінің,
тағдыр
ының алдын-
ала мәлім болуы. Адам тіршілігінде істеген қылықтарына берілетін әділ әдеп
заңдылығы. Карма – бұрын істеген іс-әрекет нәтижесі, оған адам болашағы
тәуелді. Сіздің кармаңыз – Сіздің өзіңіз. Сіздің реинкарнацияңыз – сіздің
кармаңыздың жемісі. Көне үнді діні мен философиясындағы таным. Карма
танымы бойынша, тірі жан иесі өзінің өмірінде жасаған жақсы және жаман
әрекеттерінің жиынтығына сәйкес, кейінгі басқа өміріндегі тағдыры
шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: