КИРЕНДІК МЕКТЕП
— Сократтың шәкірті Кирен қаласының тұрғыны
Аристипптің атсалысуымен б.д.д. IVғ. құрылған. Бұл мектептің өкілдері-
киренаиктер: табиғатты зерттеуге қарсы болды, ең жоғарғы игілік ләззаттану
деп санады, өмірдің мәні – ләззат алу; бақытты болу, байлық – ләззаттануға
жету жолы деп түсінді.
КЛАССИКА
(лат. – көрнекті, үлгілі) — көрнекті, үлгілі, жұртшылық
таныған көркемөнер және әдебиет шығармалары, әлемдік және ұлттық
мәдениетте мәңгілік құдайлық ретінде бағаланатын дүниелер.
КЛЕРИКАЛИЗМ
(латынша - шіркеулік) — католик шіркеуі мен оның
басшысының беделін көтеруге және күшейтуге бағытталған талпыныстар
жиынтығы.
КЛОНДАУ
— (ежелг. грек. - «жас өркен», «балауса бұтақ», «шыбық»)
термині әрқашан вегативтік көбею процесіне қатысты алынды. Жалпы
мағынада алғанда клондау деп ата-аналыққа генетикалық бара-бар болатын
пендені жасап шығару процесін айтады. Мысалы, соматикалық клеткадан
алынған қозы – Долли.
КОГИНИЦИЯ
— бір сана мазмұнында не көрінсе (когниция), оны басқа
сана мазмұнының есіне түсіре алмайтыны.
Достарыңызбен бөлісу: |