ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ
— алғашқы қауымдық құрылыстан («табиғи
жағдай») мемлекеттік құрылысқа өтуді түсіндіретін Жаңа заманның
әлеуметтік философиясындағы ұғым (Т.Гоббс, Дж.Локк және Ж.-Ж.Руссо).
ҚОҒАМДЫҚ САНА
— тарихи процестің рухани жағы, қоғамдық
болмыстың бейнесі.
ҚОЗҒАЛЫС
— материяның маңызды атрибуты, өмір сүру тәсілі. Табиғат
пен қоғамда жүріп жатқан процестердің бәрі қозғалыс болып есептеледі. Ең
жалпы түрде алсақ, қозғалыс – кез-келген өзгеріс, материалдық обьектілердің
өзара әсері және олардың күйлерінің ауысуы.
ҚҰНДЫЛЫҚ
— біріншіден, адам үшін маңызы бар ойлау мен шындық
қатынасын бейнелейтін философиялық категория. Екіншіден, танымның,
белгілі бір объектінің адам үшін, топ үшін, қоғам үшін қасиетті деп
танылатын – философиялық–социологиялық ұғым. Құндылықтардың нақты
жүзеге асуы – көңіл-күйде, мақсатта, ерік-жігерде, мұратта көрініс табады.
361
ҚҰРАН
(арабш. - «дауыстап оқу», «жатқа айту») — барлық
мұсылмандардың ең басты қасиетті кітабы. 114-сүреден тұрады.
Мұхаммедтің 610-632жж. аралығында Мекке мен Мединеде пайғамбарлық
аяндары түрінде айтылған уағыздарының жинағы. Аспаннан Алла–тағаланың
жіберуімен бірнеше рет түскен аяндар негізінде жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |