КУМУЛЯТИВИЗМ
(лат.
–
көбею, шоғырлану) — ғылым, білім дамуы
жинақталған білімдер жинағына жаңа қағидаттардың біртіндеп қосылуы
жолымен жүруі.
КУНСТКАМЕРА
(немісш. – сирек дүние сақтар орын, мұражай) — түрлі
тарихи, көркем, ғылым – жаратылыс т.б. сирек ұшырасатын коллекциялар
және оларды сақтайтын орын.
ҚАБЫЛДАУ
— материалдық дүниенің заттары мен процестерінің сыртқы
құрылымдық сипаттарының сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сезімдік
бейнесі.
ҚАЗАҚ ӨРКЕНИЕТІ
— ежелгі көшпелі өркениеттерден бастау алатын (сақ,
үйсін, қаңлы, ғұн, ортағасырлық түркілік дала империялары, Алтын-Орда,
Ақ-Орда т.т.), кейін Қазақ-Хандығы уақытында қалыптасқан түркі–соғды,
түркі–араб синтездері нәтижесінде исламдық суперөркениеттің құрамына
енетін этномәдени бірлестік.
Достарыңызбен бөлісу: |