ҚОҒАМДЫҚ БОЛМЫС
— тарихты материалистік тұрғыда түсіндірудің
категориясы, адамдардың тіршілік әрекетінің нақтылы немесе іс жүзіндегі
барысы. К.Маркс пен Ф.Энгельстің тарихи материализмнің қарапайым
түсінігіндегі сияқты, ол тек қана экономикалық нақтылықпен байланысты
болмайды. Аталған ілім бойынша, қоғамдық болмыс қоғамдық сананы
анықтайды. Не болмаса қоғамдық қатынастар жүйесінде болатын, адам
қызметі арқылы өндірілетін қоғамның материалдық бірлігі. Ол – қорланып,
жетіліп ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |