Э.Леруа
енгізді. Араға ондаған жыл
салып, Ноосфера теориясы
Вернадский
мен
Тейяр де Шарден
нің бір кезде іс
жүзінде жасалған жұмыстарында өз дамуын тапты. Вернадский ғылыми
білімнің пайда болуы мен дамуын тіршілік иесі эволюцияның негізгі векторы
деп танып жоғары бағалады.
НУС
(грекш. - ақыл, ой, рух) — Адамның және Ғарыштың санасы мен
өзіндік санасының бастауын білдіретін ежелгі грек философиясының
категориясы.
НЬЯЯ
(«тәртіп», «негіз», «тәсіл», «түйін») — I-ғасырдың аяғында пайда
болған ертедегі үнді философиясының бір ағымы. Оның негізін
қалаушылардың бірі – Готама. Ньяя – ойлану туралы, сыни талдау туралы әрі
таным әдістері мен логика жөніндегі ілім ретінде дамыған ежелгі үнді
философиясындағы ортодоксальді бағыттағы мектептердің бірі, логика,
гносеология, метафизикалық мәселелер.
ОБЬЕКТ
— субьекттің тәжірибиелік немесе танымдық іс-әрекеті
бағытталған нәрсені белгілейтін категория.
ОНТОЛОГИЯ
(грекш. – болмыс және сөз, ұғым, ілім) — болмыс туралы
философиялық ілім.
Достарыңызбен бөлісу: |