ОЙЫН, ОЙЫН ТЕОРИЯСЫ
— дәлел–дәйегі нәтижесінде емес, процестің
өзінде болатын қимыл-әрекет түрі. Ойынның мәдениет пен оның жекелеген
формаларының пайда болуы және жұмыс істеуінің негізі ретіндегі теориясы
ХХғ.
Х.Ортега–и–Гассет,
И.Хейзинга,
Е.Финк,
Г.Гадамер
т.б.
тұжырымдамалары қалыптасты.
ӨЗІНДІК ЗАТ
—
Канттың түсінігі бойынша, танушы субьектіден тәуелсіз,
өзі үшін өмір сүретін зат.
ӨЗІНДІК САНА
—
адамның өзін обьективті дүниеден бөлуі, өзінің дүниеге
қатынасын, өзін тұлға ретінде, өзінің іс-әрекеттерін, ойларын, тілектерін
түсінуі және бағалауы.
ӨНДІРГІШ КҮШТЕР
— қоғамдық өндіріс процесінде қоғам мен табиғат
арасындағы «заттар алмасуын» жүзеге асыратын субьективтік және заттық
элементтер жүйесі.
ӨНДІРІС ӘДІСІ
— өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың нақты
бірлігі.
371
Достарыңызбен бөлісу: |