ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
— сапалық жаңа, бұрын ешқашан болмаған бірдеңе
тудыратын қызмет.
ШУ ЦЗИН
(«Тарих кітабы» немесе «Құжаттар кітабы») — Конфуцийшілдік
«Бес кітап» құрамына кіретін қытайдың классикалық кітаптарының бірі. Ол
Қытайдың ежелгі тарихына қатысты құжаттарды қамтиды, олардың
редакциясын Конфуций жасаған, ол өзіне жеткен құжаттарды ретке келтірген
және олар қытай тарихы мен мифологиясының ең көне қабаттары болып
саналады. Кітапта мемлекетті мінсіз басқару туралы пайымдар бар. Шу цзин
58-тараудан тұрады, оның 33-тарауы б.д.д.VI-ғасырдың құжаттары ретінде
танылған.
Достарыңызбен бөлісу: |